400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

сценарий для старшей группы

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересектер тобына арналған «Арайлы алтын күз» атты ертеңгілігінің сценариі

Мақсаты: Балалардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте түсу, күз байлықтары алтын, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру. Еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу.

Мерекелік безендіру: Зал мерекеге сай безендірілген, күзге байланысты суреттер, шарлар.

Кейіпкерлер: Карлсон, Күз ханшайымы,

Көрнекілігі: Суреттер, жеміс-жидектердің, көкөністердің атрибуттары мен муляждары, табиғи жапырақтар, жеміс талдары, аудио және СD үнтаспалары

Ертеңгілік жүрісі:

Тәрбиеші: - Балалар, қараңдаршы, бізге бүгін көптеген ұстаздар келіпті. Сәлемдесу әдептілік белгісі балалар, алдымен оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын ұстаздармен амандасып алайық.

Балалар: Сәлеметсіздерме!

Қонақтар: Сәлеметсіздерме, балалар!

Тәрбиеші: Енді балалар, шаттық шеңберіне жиналып, алтын күнмен, туған жермен амандасып алайық.

Балалар бірге:

Армысың, Жер ана!

Армысыздар қонақтар!

Армысыңдар достарым!

Аман болсын халқымыз,

Заман болсын ең тыныш!

Аман болсын аналар,

Аман болсын балалар!

Тәрбиеші: Балалар, енді «Жүректен жүрекке» жылы да шырайлы шеңбер бойына жиналып, бір-бірімізге жылы лебіздер айтайық.

Аспанымыз ашық болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Бақшамыз бақты болсын!

Жеріміз гүлдене берсін!

Елімізде бейбітшілік болсын!

Ынтымағы жарасқан ел болайық!

Қазақстан гүлдене берсін!

Отбасымыз аман болсын!

Деніміз сау болсын!

Жеріміз бай болсын!

Әрқашан күн сөнбесін!

Әдемі әуенге Карлсон ұшып келеді. Қолында тәтті тағамы бар.

  • Салем, балалар! Қалдарын қалай? Мен Карлсонмын. Сендердің мерекелеріңді қатты көргім келіп, осында келдім. Сендерде жылы деп жатсам, суық екен. Оооо, тонып қалдым.

Айналаға, оңға-солға қарайды.

-Балалар, неге айнала жапырақтармен толы. Түсінбедім. Қазір өзі қандай жыл мезгілі?

Балалар: Күз.

Карлсон: Аааа, күз ба. Мен тек қана жазды білемін. Біз жазда малыш екеуіміз әрдайым саябаққа ұшып, қыдыратынбыз. Ауа райы өте керемет болатын. Маған күз туралы айтып беріңдерші!

Жүргізуші: Жақсы, Карлсон достым, тыңда онда. Есіңе сақта. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да, адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде жеміс жидектер пісіп, адамдар тәтті сорпа пісіріп, қысқа дайындалады. Қыстан кейін көктем туады. Ол жыл мезгілдері туралы келесі кездескенде айтармыз. Ал қазір, қонақтарға жайғасып, біздің мерекемізді көр.

Карлсон: -Рахмееет, өте қызықты екен. Әрине көремін. Балалардың өнерін көргім келеді.

Қонақтардың қасына барып отырады.

Жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі кеш куәсі,

Алтын күзім тойланатын күн осы.

Табиғатым сары көйлек киінді.

Күзгі балды тойлауға жұрт жиналды.

Рұқсат болса, бастайық осы кешті.

Балалар, мерекеміз қызықты өту үшін ортамызға Күз ханшайымын шақырайық.

Балалар: Хор

Келші, келші алтын күз,

Келші, келші жарқын күз.

Мерекені жалғастырып,

Ойнап-күлші, алтын күз!

Осы кезде мерекелік көңіл-күйімен залға Күз ханшайымы жәшігін арқалап кіріп келеді. Жәшіктің ішінде күзгі базарлық жемістер, көкөністер салынған.

- Армысыздар ма, балдырғандар! Күзгі бақтағы қонақтар. Өздеріне әкелдім, күздің сыйын көз тартар.

Балалар: Көп рахмет сізге!

Жүргізуші: Алтын күз, мына сыйды балаларға таратып берсек бола ма?

Күз: Жоқ, бұл сыйды балалар еңбек етіп, тер төгіп, жеңіп алулары қажет өйткені күздің сыйлары жемістерде, көкөністерде тек адамның еңбегінің арқасында болады. Сондықтан балалар менің тапсырмаларымды орындаса, осы сыйлықты алуларыңа болады.

Сұрақтар:

Қызыл сары жапырақтар қай кезде болады?

Күз айларын ата.

Жапырақтарының түсі қандай болады?

Күзде құстар қайда кетеді?

Күз туралы қандай тақпақ, өлең білесің?

Жемістер мен көкөністерді қашан жинаймыз?

- Қанеки, балалар, Алтын күз мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтайық .

Балалар тақпақ айтады.

Жүргізуші: Ал, балалар, тұрмайық,

Қол соғайық, тұрмайық.

Күзгі бақта бүгінгі.

Шырқап әнге салайық!

Балалар ән орындайды.

«Кел, билейік» әні

Жүргізуші: Алтын күз, сізде толып жатқан сырлар көп, сондықтан бізге арналған қандай сыйымыз бар.

Күз: Менің жеміс жидектерім де өздерін таныстыруға осында келді. (Жемістердің макетін киген балалар ортаға шығады).

Балалар (хормен): Жиналып қаппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға Тиеді көп пайдамыз?

1 бала: (Бұршақ) Кішкене түймедеймін мен Ұнаймын мен бәріне

Дәмді тағамдарымен Сый жасаймын бәріңе!

2 бала: (Қызылша) Мен де бір сөз айтайын Мақтанайын сіздерге. Менсіз борщ болмайды Винегрет те үстелде.

3 бала: (Орамжапырақ) Мақтанғаннан не пайда? Менсіз дәмді щи қайда? Мені қосса самсаға, Бәрі жейді тамсана.

4 бала: (Қияр) Дәмім тілді үйірген Мен тұздалған күйімде! Жаңа піскен кезімде Жейді бәрі сүйсіне!

5 бала: (Шалқан) Кім білмейді шалқанды? Талайлар маған таң қалды. Бәріне сый боламын Тауып көр менен дарханды.

6 бала: (Сәбіз) Кім бар сәбіз шырынын Жастайынан ішпеген? Мені жеген адамдар Кем болмайды күшке де!

7-бала: (Асқабақ) Өсем бақша-бауында Қатты ұқсаймын қауынға Жемек болып шикідей Күлкі болмай қауымға.

8-бала: (Қызанақ) Піскен кезде қызанақ Көз тартар қызыл түсімен Бар ма адам сүйсінбей, Томат шырын ішпеген?

9-бала: (Пияз) Боламын мен дәмдеуші Барлық-барлық тағамға

Көкөністер ішінен Мен пайдалы адамға.

10-бала: (Картоп) Мен ұялшақ картоппын Мен емеспін мақтанар Мені жақсы көреді Үлкендер мен балалар.

Бос айтысты қояйық, Дауласуды тоқтатайық!

Көкөністер барлығы: Жиналып қаппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға Тиеді көп пайдамыз?

Тәрбиеші: - Ұрыспаңдар, барлығын да адамға пайда әкелесіңдер ғой. Көкөністер бәріде Денсаулыққа пайдалы. Мұны жақсы біліңдер. Оларды жақсы көріңдер.

Би

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?

Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен. Таланттары шексіз, билері керемет болды. Менің да олармен билегім келді.

Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістер жинайды.

Ойын: «Кім жылдам?»

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз.

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып жинадыңдар. Енді екінші тапсырмамды тыңдаңдар, жұмбақ шешу. 2-тапсырма:

1.Жазда інге тығылып, Жатқан қызыл түлкіні Құйрығынан суырып, Әкелді әжем бір күні.Бұл не? (Сәбіз)

2. Жайлы, жұмсақ төсегім, Домаланып өсемін Қабат-қабат тоным бар Қалай оны шешемін. Бұл не? (Орамжапырақ)

3. Қалың киім ұнатады, Шешіндірсең жылатады. Бұл не?(Пияз)

4. Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Жұмбақты да шеше аласыңдар.

Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік. «Ұйқасын тап» ойыны ойнайық. Ойын: «Ұйқасын тап»

1. Пісетін кезі дәл Күзде Мезгілсіз оны үзбе. Аузыңнан кетпес бал дәмі Оның аты-(шабдалы)

2. Кіп-кішкене болса да, Ағаштың басын иеді. Жемістерін айырып, Танисың ба...?(шиені)

3. Жапырақты тасалап, Өсетін жері- бақша-бақ. Күрең қызыл шіркін-ай, Оның аты....(таңқұрай)

Тәрбиеші: Берекесін сыйлауға Өлкемізге Күз келді. Жемістерін жинауға Шақырады біздерді. Жемістерді қарсы алайық. (Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер шығады.)

11 бала(Алмұрт) Мен алмұртпын, алмұртпын, Аузындамын бар жұрттын.

12 бала (Алма) Мен алмамын, алмамын, Таңдай жұлар бар дәмім.

13 бала (Анар) Бұтақтан үзілген Жарылса анармын Моншақтай тізілген, Дәндерін аламын.

14 бала (Жүзім) Мен жүзіммін, жүзіммін Моншақ болып тізілдім.

15 бала (Өрік) Өрікпін, мен өрікпін, Бау-бақшаға көрікпін Баптап мені күткен соң, Талды бойлап өріппін.

Ән: «Жемістер мен көкөністер»

Тәрбиеші: -Енді,Күз ханшайымның үшінші тапсырмасын орындайық. «Мақал- мәтелді жалғастыр»

1.Еңбек түбі--------------------

2.Еңбек етсең ерінбей--------------------

3.Адам жерге нәр береді,Жер адамға----------------

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.

Күз ханшайымы: Берекелі бақ дәулет Артта түссін тойланып. Сау болыңдар, балалар, Келгенше жыл айланып. (Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді)

Қош бол,Күз ханшайымы.

Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Қазіргі сендердің еңбектерін сабақ оқу. Солай ма, Карлсон? (Соған қарап).

Карлсон тұрады: - Иә, балалар. Оқу өте қажет. Мен сендер сияқты ақылды болғым келеді. Қалайша мен күз туралы білген жоқпын. Күз ханшайымы сондай ақылды, тура сендер сияқты. Ээээх; қазір уақытты артқа жіберей алсам, міндетті түрде оқитын едім. Әттен-ай! Оқындар, балалар! Мен сендерге анау келген күз ханшайымы сияқты ақылды болуға тілеймін! Мерекелерін күшті өтті, рахмет сендерге! Сау болыңдар. Мені Малыш тосып жатқан шығар. Кетейін! Келесі жолы малышты бірге алып келемін!Сендер сияқты ақылды балалармен дос болсын деп тілеймін! Сау болыңдааар!

Балалар: - Сау бол, Карлсон!

Жүргізуші:

Күзгі бақтағы қонақтар,

Айналайын балалар.

Мерекеміз бүгінгі

Естен кетпес күн болды.

Бақыт тілеп бәрімізге,

Сау болыныздар, деп.

Аман-саулық тілеп,

Мерекені аяқтайық.

Осымен, Алтын күз мерекесін аяқтауға рұқсат етіңіздер. Зейін қойып тындағандарыңызға көп рахмет.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
441
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі