сценарий для старшей группы на казахском

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сценарий для старшей группы на казахском

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ана - асыл қазынам!» Мақсаты: Балаларға 8-ші Наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ана - асыл қазынам!»

Мақсаты: Балаларға 8-ші Наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Балалар қолдарына жүрекше шарды ұстап, жұппен безіңдірілген залға кіреді де, екі қатар болып тұрады. Ана туралы әнге би қимылдарын жасап, билейді. Би аяқталғаннан соң музыка әуенімен балалар саппен орындарына барады.

Жүргізуші : Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің.

Ана деген алтын қазық,алтын бақ.

Ана деген асыл жандар болаттай

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.



Жүргізуші : Сәлеметсіздер ме,құрметті аналар, қымбатты әжелер,әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-ші Наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осындай көркем мерекенің орны бөлек. Өйткені аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Ана –өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Олай болса,8 наурыз мерекесіне орай «Қарлығаш» тобының «Ана - асыл қазынам!» атты ертеңгілікті назарларыңызға ұсынамыз.

Анам менің сүйіктім,

Тек өзіне табынамын.

Қасында жүрсен биікпін,

Алыстасан сағынамын.

Анам болса қасында басқа бақыт не керек?

Аналардың жүрегі мейірімді ғой керемет.

Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.


Ай лайк зэ уэй ю лук,

Ай лайк зэ уэй ю кук,

Нау ай уант ту сэй:

Хэпи Мазэс дэй!


Мәпелейді,бағады

«Құлыным» деп құшағына алады.

Өзгеге де, өзіне де жауапты

Бәріне қалай уақыт табады?

Айналайын анашым, аялайсын, бағасын

Сен үшін балалармен әң шырқайық бәріміз!



«Ай дидарлы анашым » әні.



Музыка әуенімен залға Мэри Поппинс кіреді



Мэри Поппинс:Сәлеметсіңдер ме,балалар,құрметті аналар,әжелер!

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе,Мэри Поппинс!

Мэри Поппинс:Бүгінгі 8-ші Наурыз Халық аралық әйелдер мерекесі құтты болсын! Баршаңызға тілеймін зор денсаулық,жұмыстарыңыз табысты болсың. Ана бақытын тілеймін.

Жүргізуші:Рахмет!Бізге қонақ болыңыз. Бүгін біздің балалар өз аналарына көптеген тосын сый дайындап қойды.



Балалар отырмай жүрген кезде залға свистокпен сықыртып,Мисс Эндрю кіреді.



Мисс Эндрю:Бұл не деген масқара?! Қане бәрі тыныш отырсын. Аналар, әжелер қуана беріңіз, әлемдегі ең үздік күтуші келді. Мұндай тәртіпсіз балалармен ешқандай да Мэри Поппинс тіл табыса алмайды. Ал мен сендердің балаларын тәртіпке саламын. Мен мәдениетті адаммын.

Мэри Поппинс:Ал мен келеспеймін. Балалар, Мисс Эндрю келген кезде не айтуға ұмытып кетті?

Балалар: Амандасуға!

Мэри Поппинс:Дұрыс, балалар!Мисс Эндрю бізбен амандаспады.

Мисс Эндрю(сықырады): Тынышталыңдар дедім ғой мен! Сендер ештене де білмейсіңдер! Сыпырғыш та не үшін керек екенін білмейсіңдер.

Жүргізуші: Неге білмейміз? Білеміз! Балалар, сыпырғыш бізге не үшін қажет?

Балалар: Үйді сыпыру үшін.

Жүргізуші: Мисс Эндрю ,көрдің бе?

Мисс Эндрю:Жарайды, қазір көреміз қалай балалар аналарына көмектеседі екен. Сонымен қатар аналары да қалай үйлерін жинайды тексеремін.. Маған 6-7 бала және 6-7 ана керек.

Ойын «Допты қақпаға кіргіз» (Ойын шарты: сыпырғышпен допты домалатып қақпаға кіргізу. Кім бірінші аяқтайды, сол жеңеді)

Ойын «Допты қақпаға кіргіз» (Көңілді музыка)

Жүргізуші: Көрдіңіз бе, біздің балалар да, аналары да бәрін істей алады. Біздің балалар қазір би билеп береді.

«Кір жуу» биі.



Мисс Эндрю (бұлданып): Істей алады, істей алады. Бірақ та, сендердің балалардың естері жоқ. Әжелер туралы ұмытып кеттіңдер ғой!

Жүргізуші: Балалар,әже туралы ұмытып кеттік пе?

Балалар: Жоқ!

Жүргізуші Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Тақпақтар:

Даниял:Әжем менің асыл жан,

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді,

Әжеме ешкім жетпейді.



Дария:Әжем менің, ақ әжем

Ақыл беріп үйреткен.

Аппақ әжем,пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен.



«Әжем менің» әні.

Мэри Поппинс:Мисс Эндрю, ұнады ма сізге?

Мисс Эндрю:Мәәә, таң қалдырдыңдар ғой мені.

Жүргізуші: Ал қазір аналардың, қыздардың назарларына ұлдардың дайындалған тосын сыйын қабыл алыңыздар.

«Джентельмендер» биі.



Ұлдардың тақпақтары:

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар.



Бізге қарап елжіреп

Сүйсе беттен күнім деп,

Құшақ ашса келші деп,жүгіреміз күлімдеп.



Анамыздың меиірлі

Жүзіне біз қараймыз

Анамызды пейілді

Жомарт жанға балаймыз.



Мен үшін не керек,бәрін іздеп табасың

Айналайын анашым,жұмысына барасың

Қайтып мені көргенде,шын сағынып қаласың.



Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан.



Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ анам.




Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.



Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де

Арнадым саған бәрін де.



Ақ кимешек киген

Ақ бетімнен сүйген

Анам менің қандай

Анам менің айдай



Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мама!



Мэри Поппинс: Рахмет! Қандай ақылды балалар!

Мисс Эндрю: Ол не дегенін? Қазір аналарын тексерейік. Әр қайсы әйел мереке күні сыйлық алғысы келеді. Қазір мен көремін, біздің аналар 8-ші Наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғылары келеді. Маған екі командаға 4- 4-тен ана керек. Ойын «Пантомима» деп аталады. Ойын шарты: әр қайсы топтағы ана өзі алғысы келетін сыйлығын мимика арқылы түсіндіреді. Бір топ екінші топтын жасырған затты ойлап, табу керек.

Ойын «Пантомима»



Мисс Эндрю (сықырып): Бұл не деген масқара? Балалары да, аналары да бәрін біледі. Мен қазір бәрін құртамын.

Жүргізуші: Мэри Поппинс, көмектесіңізші.Айтпесе қазір Мисс Эндрю біздің мерекемізге кедергі жасайды.

Мэри Поппинс қолшатырынмен Мисс Эндрюді айналып, құыршаққа айналдырады ( Мисс Эндрю қуыршақ сияқты қатып қалады).



«Құыршақтар» биі.



Диана:Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір бірден

Аналарға сыйлаймыз.



Айгерім:Анам,анам,ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң

Айтқан тіліңді аламын

Жұмсағанда барамын.

Медина:Ана пана,

Ана дана!



Жәнерке:Шашымды өріп,тараған,

Қабағыма қараған,

Үлкен кіші демейді,

Сыйлаған оны бар адам.




Мэрри Поппинс Мисс Эндрюді тағыда қолшатырмен айналып, адамға айналдырады.

Мисс Эндрю: Мен жаңа ғана бір керемет түс көрдім. Мен енді өзгеремін.Сендерден кешірін сұраймын. Шын, жақсы,сыпайы күтуші боламын. Рахмет сендерге балалар!

Мэри Поппинс: Ия, балалар, көп көп рахмет сендерге! Сендер өз аналарын шын жүрекпен жақсы көресіңдер. Ал менің кететін уақытым келді. Мені басқа балалар күтіп жүр.

Мисс Эндрю: Мэри Поппинс, менде сізбен бірге барайын? Мен Сізге көмектесемін.

Мэри Поппинс: Жақсы, менмен бірге жүріңіз.

Мэрри Поппинс пен Мисс Эндрю балалармен зал айналып қоштасады.

«Оркестр » өлеңі



Жүргізуші:

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!- осындай тамаша өлең жолдармен біздің ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Ал қазір біздің балалар өз аналарына дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі