400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сценарий «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев туралы мәлімет беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

Мақсаты: 1) Балаларға тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев туралы мәлімет беру.

2)Мәнерлеп тақпақ айтуға және би қимылдарын дұрыс жасауға дағдыландыру.

3)Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд, теледидар, суреттер.

Кейіпкерлер: Әже-Назира, әке-Бекнұр, Білгішбек-Құнайып

Методикалық әдісі: түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ-жауап, мадақтау.

Әуен залына балалар музыкамен кіреді

Тәрбиеші: «Бар әлемге шын танылдық міне біз,

Елін сүйген елбасы деп білеміз

Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз»,-дей отырып, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне арналған 1-желтоқсан Президент күніне орай өткізіліп отырған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты Ақбота тобының ашық іс-шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.

Тәрбиеші:

Елі үшін олжа алып қиырдан
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

Тәрбиеші: балаларымыздың орындауында Қазастан Республикасының Гимні.

1)Алтын күн аспаны

Алтын дән даласы

Ерліктің дастаны

Еліме қарашы

Ежелден ер деген

Даңқымыз шықты ғой

Намысын бермеген

Қазағым мықты ғой.

Қ-сы

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін.

Жырың болып төгілемін елім

Туған жерім менің, Қазақстаным.

2)Ұрпаққа жол ашқан

Кең байтақ жерім бар

Бірлігі жарасқан

Тәуелсіз елім бар

Қарсы алған уақытты

Мәңгілік досындай

Біздің ел осындай

Біздің ел бақытты

Қ-сы

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін.

Жырың болып төгілемін елім

Туған жерім менің, Қазақстаным.

Тәрбиеші: Балалар 1-желтоқсан күнін Президент күні деп атайды.

-Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық. (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев фотасы)

-Балалар бұл кімнің суреті екен?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар. Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыздың суреті екен.

Тәрбиеші: ал балалар, келесі суретке қарайықшы. Бұл суретте кімді көріп отырсыңдар?

Балалар: Қасым-Жомарт Тоқаев атамыз.

Тәрбиеші: еліміздің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атамыз екен.

Балалар сендер қандай елде тұрасыңдар?

Балалар: Қазастан Республикасында.

Тәрбиеші: Ал біздің мемлекетіміздің астанасы қай қала?

Балалар: Нұр-сұлтан

Тәрбиеші: Ия, дұрыс айтасыңдар, Нұрсұлтан қаласы екен. Ал мынау балалар, қазіргі Президентіміздің жұмыс жасайтын орыны-Ақорда.

Тәрбиеші: Ал балалар келесі суреттен не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Бәйтерек.

Тәрбиеші: дұрыс, бұл бәйтерек біздің еліміздің символы.

Тәрбиеші:

Азаттық пен елге қонды тосқанбақ,    
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап, -дей отырып кезегімізді бүлдіршіндеріміздің Елбасымызға арнап жаттаған өлең жолдарына берейік. Ортаға Іңкәр, Айназ, Бекнұр, Айлин,Нұрасыл, Ануар келе қойыңдар.

1)Іңкәр

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

2)Айназ

Нұрсұлтандай атамыз,
Қазақ елін басқарған
Атамыздай боламыз,
Ел тағдырын ойлаған

3)Бекнұр

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

4)Айлин

Жастарға ол сенеді

Уәдені біз сақтаймыз

Біз жастар құр жатпаймыз

Үмітін елбасының

Шынында біз ақтаймыз

5)Нұрасыл

Тәуелсіздікті елге сыйлады

Егемен елімізді басқарды.

6)Ануар

Елбасымыз халқының

Бағы үшін жаралған

Көрініс «Балалық шағымның аспаны»

Әже: Піссімілда рахмани рахим. Адам ата жаратқан иемнің тілін алмады. Алла тағалам сол үшін де оларды жұмақтан қуып жіберді балам.

Сұлтан: әже сосын не болды?

Әже: сосын, олардың ұрпағы көбейіп, дүниенің төрт бұрышына кеңінен тарап кетті.

Сұлтан: әже, біз қайдан пайда болдық?

Әже: бізде сол адам атадан тарағанбыз. Менің құлыным жігіт болып қалыпты ғой! Әр қазақ өзінің жеті атасын жете білуі керек. Сұлтан мені тыңда да, жадыңда сақта. Жарай ма?
Сұлтан: Жарайды.

Әже: Сенің арғы жетінші атаң, Айдар болған.

Сұлтан: Айдар.

Әже: Айдардан кейін Мырзатай.

Сұлтан: Мырзатай.

Әже: Мырзатайдан кейін Кенбаба

Сұлтан: Кенбаба

Әже: Кенбабадан кейін Еділ

Сұлтан: Еділ

Әже: Еділден кейін Сабақбай

Сұлтан: Сабақбай

Әже: Сабақбайдан кейін Назарбай

Сұлтан: Назарбай

Әже: Назарбайдан кейін Әбіш

Әже: Айналып қане кетейін, ал Әбіштен зарығып күткен, сені берді Жаратқам ием.

Сұлтан орнынан тұрып кетеді. ұшақтың дауысы шығады.

Әже: Әй қайда кеттің. Астапыр Алла.

Сұлтан: Алақай-алақай самолет! Мен де ұшқыш болғым келеді.

Залды бір айналып жүгіріп шығып, аспанға қарап тұрады.

Әже: боласың балам, боласың. екеуі ұшаққа қарап,

Тәрбиеші: балалар осы көріністе кім туралы айтылды?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тәрбиеші: Балалар, Сұлтан кім болғысы келді?

Балалар: Ұшқыш

Тәрбиеші: өте жақсы. Сұлтан ұшқыш болғысы келіпті.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Олай болса енді сабаз жігіттерімізің орындауында «Сарбаздар» биін қабыл алыңыздар.

Би: «Сарбаздар»

Ортаға: Санжар, Бекнұр, Нұрғиса, Ислам, Нұрасыл, Асылхан, Айқын, Төре, Нұрислам, Ерхан шыға қойыңдар.

1.Бір қатармен жүріп, екі қатарға бөлінеді.

2.Орында қадам жасап төрт жаққа бұрылды.

3.Шеңбермен жүред

4.Екі қатарға тұрды

5.Қол белде аяқтарын соқты

6.Орында қадам жасады.

7.Поклон

Тәрбиеші: ендігі кезекті бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына берсек. Ортаға Айқын, Зере, Нұрайым, Жібек , Төре, Нұрислам шыға қойыңдар.

7)Айқын.

Ел ордам менің Нұрсұлтан

Осында жаңа бастама

Сәулетті зәулім үйлер көп

Көрікті сондай жас қала.

8)Зере.

Нұрсұлтанға қарашы

Елімнің жас қаласы

Неткен ұлы, неткен кең

Қазағымның даласы!

9)Нұрайым.

Арайлы таң астанам

Бір қзіңмен мақтанам

10)Жібек

Бар баланың атасы

Жұмысы оның Елбасы

Қазақстан еліндегі

Бар баланың атасы

11)Төре

Аман бол, менің Елбасым!

Тілерім сізге мың алғыс

12)Нұрислам

Тәуелсіздікті елге сыйлады

Бейбітшілікті қалады.

Тәрбиеші: Бәрекелді балалар олай болса сендермен бір ойын ойнап алайық.

Ойын: «Асық ату»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сендер ойынды тамаша ойнадыңдар. Енді сүйкімді бүлдіршіндеріміздің «Отан» туралы әнін қабыл алыңыздар!

Отан

1.Отан менің ата-анам,

Отан досым бауырым.

Отан өлкем астанам

Отан туған ауылым!


2.Отан тарих, Отан тіл,

Жасаған елім, өз халқым

Отан өлең, Отан жыр.

Көтерген көкке өз халқым!

Тәрбиеші: Ал енді сұлу қыздарымыздың орындауындағы «Көк тудың желбірегені» атты биін қабыл алыңыздар. Ортаға: Айзара, Диляра, Кәусар, Іңкәр, З.Дина, Жібек, Айлин, Нұрайым келе қойыңдар.

1.Қолдарында ту шеңберге тұрады.

2.Жұп болып туды көтеріп, айналады.

3.Туды көтеріп, шеңбер ішіне кіреді.

4.Туды көтеріп, қолтықтасып айналады.

5.Шеңбермен жүріп, алдыға тұрады.

6.Туды екі жаққа қисайтады.

7.Туды бір қолға ұстап, бастарын иеді.

Күтпеген сәт: Білгішпек

Білгішпек: сәлеметсіңдерме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Білгішбек: мен сендердің мерекелеріңе Нұр-Сұлтан қаласынан келдім. Сендердің білімдеріңді тесергім келіп тұр. Сендер еліміздің рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар: Иә білеміз. Мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік гимн.

Слайд қосылады.

Білгішбек: Балалар, біздің мемлекеттік туда не бейнеленген? Туымыздың түсі қандай?

Балалар: Күн, қыран құс, ұлттық ою. Түсі көк.

Білгішпек: балалар мынау ненің суреті?

Балалар: Мемлекеттік Елтаңба.

Білгішбек: Мемлекеттік Елтаңбада не бейнеленген?
балалар: Шаңырақ, қанатты тұлпар, жұлдыз.

Білгішпек: Барлығың білімді, Рәміздерді жақсы білетін балалар екенсіңдер.

Тәрбиеші: Иә,Білгішпек біздің балалар өте ақылды, рәміздер туралы өлең де біледі.

Тәрбиеші: Рәміздер туралы өлең жолдарын айтуға ортаға Санжар, Кәусар, Ақжан, Айару, Әдемі, Б.Дина келе қойыңдар.

13)Санжар.

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен - тек
Елдің ашық қабағы.
14)Кәусар

Әнұраным айбатым,
Тәуелсіздік қайратым,
Достық, бірлік, татулық,
Арманға жетті жаңғырып,
Жастар салған айбатты үн.

15)Ақжан
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.

16)Айару

Ән ұраным - жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

17)Әдемі

Бейнелеп сан ғасырды,

Елтаңбасы елімнің.

18)Диляра

Алтын күннің астында

Желбірейді туымыз

Б.Дина

Гүлдене бер туған ел, гүлене бер.

Білгішбек. Балалар мен сендердің білімдеріңді тексердім енді күштеріңді тексергім келіп тұр.

«Қол тіресу»

Тәрбиеші: білгішбек көрдіңбе біздің балалар білімді, өнерлі, ақылды сонымен қатар күшті, батыр балалар.

Білгішбек: Иа балалар өте тамаша екен.

Тәрбиеші: Енді мың бұралған қыздарымыздың орындауында «..................» биін тамашалаңыздар!

Ортаға Ақжан, Айнара, Айназ, Айару, Айзере, Б.Дина, Зере келе қойыңдар.

Тәрбиеші: жарайсыңдар қыздар! Балалар біззің мемлекеттік тіліміз қанай тіл?

Балалар: Қазақ тілі

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар. Енди кезекте бүгінгі мерекеміз туралы, тіліміз туралы өлең жолдарын Айзара, Ерхан, Айнара, Асылхан, З.Дина, Айзере, Ислам шыға қойыңдар.

19)Ерхан.

Қазақ тілі –қазақтың ана тілі

Қазақ тілі - қазақтың дара тілі

20)Ислам

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте

21)Айзара

Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән.

22)Айнара

Биік боп көздегені

Бірлік боп іздегені

Халқымның көшбасшысы

23)Асылхан

Орындалып арманы, 
Халқымызда ажарлы. 
Осының бәрі әрине, 
Елбасының арқасы.

24)З.Дина

Күн көзінен көрінген

Жарық сәуле өрілген

Ел басшысы Нұрсұлтан

Халқына шын берілген.

25)Айзере

Көкте күннен нәр алған

Көпке нұр боп таралған

Халқымыздың елбасы

Тәрбиеші:

Орындалып арманы

Халқымызда жарлы

Осының бәрі әрине

Елбасының арқасы -дей отырып, бүгінгі «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көріп, тамашалағандарыңызға рахмет. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
2538
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі