Материалдар / сценарий «Ергежейлілер сиқырлы ұлпақарды қалай құтқарды»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сценарий «Ергежейлілер сиқырлы ұлпақарды қалай құтқарды»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортаңғы топқа арналған жаңа жылдық кештердің сценарийлері. мақалада көптеген ойындар мен өлеңдер бар мерекеге келген ертегі кейіпкерлері балалармен ойнап, көңіл көтереді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2021
808
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ергежейлілер сиқырлы ұлпақарды қалай құтқарды»

Ересек тобы балаларына арналған жаңа жыл ертеңгілігі

Кейіпкерлер:

Ересектер:

Жүргізуші,

Ақшақар,

Мыстан,

Аяз ата,

Балалар:

Ергежейлілер,

Мыстандар,

Ұлпақарлар.

Балалар залға кіреді, «Жаңа жыл санамағы» биін билейді. Би аяқталғаннан кейін олар жарты шеңбер болып көрермендерге қарап тұрады.

Жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Барыс жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!


1 бала:

Келді міне жаңа жыл,

Көптен күттік сені біз.

Жаңа жылда әрине

Сыйлықтарды күтеміз.


2 бала

Бізге кәмпит сыйласын,

Қуаныш пен шаттықты,

Жаңа жылда болсыншы

Барлық адам бақытты.


3 бала

Шамдарын да шыршаның,

Жағайық қуана,

Шеңберге кәне тұрайық,

Билейік айнала.

Хоровод « Әр үйде жарық көп болсын»

Би аяқталғаннан кейін балалар орындарына отырады.

Жүргізуші:

Осы қыстың жұлдызды кешінде

Ескі жыл қоштасып кетеді.

Ал, Жаңа жыл сыйлықтармен

Асыға бізге келеді.

Сиқырлы сен жолдарменен

Ертегіге кіресің,

Жолды табу қиын болар

Әлемге осы енетін.

Сиқырлы әуен естілді міне,

Босқа кәне тұрмайық.

Ертегілер әлеміне,

Үлгеріп кәне кірейік.

Ұлдар – ергежейлілер залдың ортасына шығады

Ергежейлілер биі.

Бидің соңында кішкентай Кішкентай мыстан шымылдықтың артынан сыртқа қарайды.

Кішкентай мыстан: (ергежейлілерге жақындап келіп) Аха, ұсталдыңдар ма? Мында екенсіңдер гой! Тілектер орындайтын сиқырлы ұлпақарда сендермен бірге екен ғой! Жарайды, оны маған беріңдер ... кәне тезірек!

Ергежейлі: Бермейміз! Бұл ұлпақарсыз Жаңа жылда ешкімнің тілегі орындалмайды. Біз оны тек Аяз атаға береміз!

Кішкентай мыстан:

Жай айтып тұрғанда бере қойыңдар, әйтпесе мен сендерді сиқырлап тастаймын.

Ергежейлі: (жұдырығын көрсетеді) Солай жасап көр!

Кішкентай Мыстан: Жарайды, ергежейлілер, ашуланбаңдар (мысқылдап жымияды) Ұрыспай- ақ қояйық? Мен одан да сендерге тәттілерді сыйлап, ән айтып берейін, ыңғайланып отырыңдар.

«Бесік жыры»

Ергежейлілер ұйықтап қалады.

Кішкентай мыстан ұлпақарды алып қашып кетеді.

Жарық сөнеді, Ергежейлілер орындарына отырады. Жалғыз Мыстан қалады.

Жарық жанады.

Ересек Мыстан шығады.



Кішкентай мыстан: Міне, тілектерді орындайтын сиқырлы ұлпақарды алыңыз. Енді – сіз маған нағыз сиқырды үйретесіз бе? Ересек Мыстан: Тұра тұр, Ақшақар мерекеге келмеуі керек және бізде ұлпақардың бар екенін білмеуі тиіс. Міне саған сиқырлы сыбызғы. Орманға бар, Ақшақардың қасына жақындай бергенде сыбызғыда ойна, ол мұзды ақымақ қыз сенің артыңнан жүреді. Осы кезде біз оны жасырып қоямыз.

Кішкентай Мыстан: (созып айтады)

Қайтадан бару керек! Мен қазірдің өзінде сиқырлағым келеді.

Ересек Мыстан:

Бар - бар! Егер менің тілегімді орындасаң, бірден сиқырды үйретемін.

Кішкентай мыстан сыбызғыны алып кетіп қалады. Жарық сөнеді. Шымылдық ашылады: Ақшақар шыршаны безендіріп жатыр.

Залға екі ергежейлі жүгіріп кіреді.

1 ергежейлі:

Ақшақар! Қиын жағдай болды! Тілектер орындайтын ұлпақар ұрланды!

Ақшақар:

Қалай ұрланды? Не болды? Қалған ергежейлілер қайда?

2 ергежейлі:

Бізді кішкентай мыстан сиқырлады.

1 ергежейлі:

Ол бізге бесік жырын айтып еді, біз ұйықтап қалдық.

2 ергежейлі:

Біз ұйықтап жатқанда ол ұлпақарды алып кетті!

Ақшақар:

Енді не істейміз? Жаңа жылдық тілектер ұлпақарсыз орындалмайды ...

(айналасына қарайды)

Кішкентай Мыстан шыршаның артынан сығалап қарайды, Ақшақарға жақындауға тырысады. Бірақ оны ергежейлі байқап қалады.

Ергежейлі:

Міне, ол!

Ергежейлілер кішкентай мыстанға жүгіріп барып, оны қолдарынан ұстап алады, мыстан сыбызғыда ойнауға үлгере алмайды.

Кішкентай Мыстан:

Мен емес! Үлкен сиқыршы кінәлі!

Мен олай жасағым келмеді! (жылайды)

Ақшақар:

Оны жіберіңдер, оның кінәсі жоқ.

Ергежейлілер:

Енді не істейміз?



Ақшақар:

Сендер барып қалған ергежейлілерді ұйқыдан оятыңдар, ал мен Аяз атаны тауып беруге достарымнан көмек сұрайын. Ол Мыстанды бірден сабасына келтіреді және сиқырлы ұлпақарды қайтарады. Ал сен кішкентай Мыстан бара ғой, енді мұндай жамандықтар жасама!


Ергежейлілер мен Кішкентай Мыстан бір есікке қарай жүгіреді. Қайта кіреді, орындарына отырады.

Ақшақар: (ойланып)

Аяз атаны тезірек қалай шақырсам екен? Мүмкін менің ұлпақарларым көмектесер.

Ұлпақарлар биі.

Ақшақар: Атамыз неге келмей жатыр екен? Естімей жатқан шығар.

(Балаларға қарап айтады)

-Балалар маған көмектесесіңдер ме? (балалардың жауабы)

Бәріміз бірге, дауыстап шақырсақ, Аяз ата міндетті түрде естіп, келеді! Кәне, шақырайық бірге?

Бәріміз бірге:

Аяз ата!

(ештеңе болып жатқан жоқ)

Ақшақар: (ойланып)

Естімей жатыр... Не істейміз? Енді тәрбиешілер мен ата-аналармен бірге

айтып көрейік. Кәне, барлығымыз бірге.

Барлығы:

Аяз ата!

Залға Аяз ата кіреді.

Аяз ата:

Мені осында шақырып жатқандарыңды естідім. Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Ақшақар:

Сәлеметсіз бе, Аяз ата! Сізді көргенімізге өте қуаныштымыз! Бізде қиын жағдай болып жатыр – Мыстан, тілектер орындайтын сиқырлы ұлпақарды ұрлап кетті.

Аяз ата:

Білемін, қызым, оны маған қыстың желдері айтты! Ал, Мыстан қазір өз сыбағасын алады. (таяқпен жерді соғады)

Таяғым көмекке кел!

Мыстанды осында әкел.

Балалар, менімен бірге қайталаңдар!

(барлық балалар қайталайды).

Таяғым көмекке кел!

Мыстанды осында әкел.




Желдің дыбысы естіледі, Мыстан қарсыласып, залға кіреді.

Аяз ата: Көп әңгіме айтпаймын! Біздің ұлпақарды бер де, кет!

Үлкен Мыстан: Ха-ха-ха! Ия дим, бірден бере салады дейсіңдер ме!

Аяз ата: (балаларға) Біз сиқырлы сөздерді қолдануымыз керек ... Олар әрқашан көмектеседі, өйткені сиқырлы сөздер ғажайыпты жасай алады!

(Мыстанға қарап)

Мыстан, қымбаттым, тілектерді орындайтын сиқырлы ұлпақарды қайтаршы. Өйткені, ол бәріміздің тілегімізді тек жылы алақанда болса ғана орындайды. Сенің де тілегің орындалады, егер ол мейірімді болса.

Мыстан: Алыңдар! (береді) Менімен ешкім бұлай сөйлескен емес.

Мүмкін, сіз маған мерекеде қалуыма рұқсат берерсіз?

Аяз ата мен Ақшақар:

Қалыңыз! Мерекеміз қызықты болады!

Аяз ата:

Ал енді, шыршаның шамдарын жағу керек.

Сәл алысырақ тұрайық,

Бәріміз бірге айтайық:

«Шырша, шырша, сен оян.

Шамдарыңды жарқырат»

Ақшақар:

Аяз ата, балалар сізге арнап тақпақтар дайындады, тыңдаңыз!

Аяз ата: Қуана тыңдаймын! Балалар Аяз атаға тақпақтарын оқиды.

Ақшақар: Ал енді бәріміз ән айтып, би билейік.

Балалар «Аяз ата әнін» орындайды.

Аяз ата: Жарайсыңдар! (отырып) Сәл отырып, демалып алайын.

Мыстан:

Әрине, Аяз ата, демалыңыз, міне сізге шәй ...

Аяз ата: Ой, сенің шәйың ыстық екен, маған бұны ішуге болмайды, оны суыту керек ... (шайға бірнеше рет үрлейді, кейін шәйдан ұлпақарлар ұшып шығады)

Ақшақар:

Аяз ата, сіз барлығын мұздатасыз ба? Балаларды да мұздата аласыз ба?

Аяз ата:

Мұздатамын!

Ақшақар:

Біз мұны қазір көреміз! Біздің балалар шапшаң, епті, оларды мұздата алмайсыз. Ұлдар, қыздар шеңберге тұрыңдар!

Аяз ата:

Сендер мұздатқанымды қалайсыңдар ма?

Балалар:

Иә!

Аяз ата:

Қолдарыңды көрсетіп, жасырыңдар бәріңде,

Тигізсем егер қолыңа, мұздатамын әрине! (балалардың қолдарын ұстауға тырысады),

Биік тұрған шыршаға қараңдар,

Тоңдырамын құлақты сақ болыңдар! (құлақтарын ұстауға тырысады)

Шыршанның астында ойыншықтар,

Іштеріңді кәне, жасырыңдар! (ішін ұстауға тырысады)

Ойын «Таяқтың астында жүру»

Ойын «Кім көбірек жинайды»

Аяз ата:

Қандай ақылды балалар! Жарайсыңдар!

Ақшақар:

Аяз ата! Сыйлықтарды ұмытқан жоқсыз ба? Қайда олар?

Аяз ата:

Сыйлықтарым бар менің, өзім жомарт болғанды ​​жақсы көремін.

Аяз ата бір кішкентай кәмпитін шығарады.

Аяз ата:

Сыйлықтарды алыңдар,

Жақсылап жаңа жылды қарсы алыңдар.

Жүргізуші:

Аяз ата, бұл сіздің барлық сыйлықтарыңыз ба?

Аяз ата:

Күтіңдер, күте тұрыңдар.

Сәл шыдап, асықпаңыздар!

Кәмпитті бұл сиқырлы,

Жей алмайды балалар!

Шыршаның астын қазыңдар,

Кәмпитті кәне салыңдар!

Ақшақар кәмпитті ағаштың түбіне көмеді.

Аяз ата:

Кішкене сиқыр жасайын,

Ұлпақарды үрлейін.

Алақанды соғайық,

Аяқты топылдатайық.

Барлық қмылдар көңілді музыкамен орындалады.

Аяз ата:

Ал енді босқа тұрмайық,

Кәмпитті шыршаның астынан шығарайық!



Жүргізуші қар үйіндісінен үлкен кәмпитті шығарады, ішінде балаларға арналған сыйлықтар бар.

Жүргізуші:

Кәмпит ауыр және үлкен екен!

Аяз ата:

Біз кәмпитті ашамыз, ішінен сыйлықтарды табамыз!

Аяз ата сыйлықтарын таратады, қоштасып кетеді.

Аяз ата шыршаның астынан қапты шығарады. Балаларға сыйлықтар беріледі.

Аяз ата:

Жаңа жыл бақыт әкелсін,

Құтты болсын достарым.

Жаңа жылға тілейін

Шаттық, күлкі әрдайым.

Уақыт келді,

Кездескенше,

Аяқталды мереке!

Ақшақар:

Достарменен өткізген күн

Мыстан:

Болды бүгін ерекше!

Барлығы:

Жаңа жыл құтты болсын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!