Сценарий «Ғажайып Жаңа Жыл»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сценарий «Ғажайып Жаңа Жыл»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, серігуін қамтамасыз ету. Оқушылардың халық алдында өз өнерін көрсетуіне мүмкіндік беріп, қоршаған ортаға бейімдей түсу.
Материалдың қысқаша нұсқасы
  1. «Ғажайып Жаңа Жыл»

  2. Жаңа жылдық кеш

  3. 28 желтоқсан

  4. 1-4 сынап арасындағы Жаңа жыл кеші

  5. ................

  6. Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, өнерлерін тамашалау. Жыл басын қарсы алу

  7. Шырша, ойыншықтар, мишуралар, маскалар, сыйлықтар



Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, серігуін қамтамасыз ету. Оқушылардың халық алдында өз өнерін көрсетуіне мүмкіндік беріп, қоршаған ортаға бейімдей түсу.


1-жүргізуші:

Құтты болсын! Құтты болсын, жаңа жыл!

Құт береке әкелсін, жаңа нұр!

Жаңа жылды қарсы алайық, балақай.

Жаңа бақыт әкеледі, алақай!!!

2-жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,

Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...

1-жүргізуші:

Құрметті оқушылар, бүгінгі жаңа жыл мерекесін тамаша етіп тойлауға дайынсыңдар ма? Онда барлығымыз «Жаңа жылды» бірігіп шақырайық! ЖАҢА ЖЫЛ (3-рет, хормен)

(Торай кіреді)

ТОРАЙ:

-Сәлем, сәлем, бәріңе сәлем достар! Мені асыға күттіңдер ме? Алыстан ат тербетіп, бүгінгі күнде сендерді құттықтау үшін арнайы келген жайым бар! Шаршадым, шалдықтым, ішім де пысып жүр. Менің көңіл күйімді көтеріп, ән айтып, би билейсіңдер ме? (балалар хормен ИӘ дейді)

-Онда бастайық!

1-жүргізуші:

-Тоқта, тоқта Торайжан жаңа жылды қалай бастамақшысың?

Торай:

-Ән салып, би билеп!

2-жүргізуші:

-Мына шыршаға қарасаңшы, жанбай тұр. Жаңа жылдың қонақтары да толық емес.



Торай:

-Қап, ұмытып кетіппін ғой! Жаңа жылдың көркі шарша, ал маңызды қонақтар кім балалар?

(Оқушылар: АЯЗ АТА ЖӘНЕ АҚШАҚАР)

-Иә! Онда барлығымыз оларды шақырайықшы!

Хормен: АЯЗ АТА, АҚШАҚАР! (3рет)

(Есік жақтан аяз дауысы шығады)

-Балалар, тағы, қаттырақ шақырайықшы!

Хормен: АЯЗ АТА, АҚШАҚАР! (3рет)

(Есіктен Аяз ата мен Ақшақар кіреді)

Аяз ата:

-Ох, ох, ох! Алыстан ат тербетіп Ақшақар немеремді алып келдім! Бізді күткен жандар барма екен? (иә!)

1-жүргізуші:

-Аманбысыз Аяз ата, сәлем Ақшақар! Жаңа жылдың сіздерсіз өтуі мүмкін емес қой, сондықтан сіздерді өз мерекемізге құрметті қонақ болсын деп шақырдық!

2-жүргізуші:

-Иә, бүгін біздің оқушыларымыз сіздерге өз өнерлерін көрсетеді!

Аяз ата:

Аманмын, аманмын! Сендерді Жаңа жылдарыңменн құттықтаймын! Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа нұр жаусын! Ал онда, өнерлеріңді көрсетіп, меннен сыйлық ала қойыңдар!

1-оқушы:

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

2-оқушы:

Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

3-оқушы:

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.




4-оқушы:

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

5-оқушы:

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

(Аяз ата мақтау айтып сыйлық таратады)

Торай:

-Аяз ата, Аяз ата! Шыршаны жағуды ұмытып кеттіңіз бе?

Аяз ата:

-Әрине ұмытқан жоқпын! Тек әл жинап алғанмын. Балалар, онда жасыл шыршаны бірігіп жағайық!

Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Хормен: Жасыл шырша жарқыра (3-рет)

(Шырша жанады)

1-жүргізуші:

Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.

«Ақшақарлар биі» 2-3 сынып оқушылары

2-жүргізуші:

Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

«Жаңа жыл» әні 4 сынып оқушылары .......................

1-жүргізуші:

Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

«Шырша!» барлық қатысушылар шыршаны айнала ән салып би билейді.


(Дауыл даусы шығады, ортаға мыстан кемпір құрбыларымен кіреді)

«Мыстандар әні» Мыстан кемпір және құрбылары

2-жүргізуші: -Балалар, сыйлықтар қайда? Олар жоғалып кетті ғой?

Мыстан: (күледі) –Мен сендерге оны қайтармаймын

Торай: Өтінемін Мыстан апа қайтаршы!

Ақшақар: Иә, әжетай қайтарыңызшы біз балаларды ұуантып сыйық береміз!

Аяз ата: Мыстан, сен жыл сайын бізен тойлаушы едің ғой? Қане қайтар!

Мыстан: Жарайды, тек бір шартым бар! Сендер менімен бір ойын ойнайсыңдар.

1-жүргізуші: Әрине, біздің балалар өте мықты ойыншылар!

Мыстан: Көрейік онда. Менің, Торайдың және Ақшақардың тобына 5 баладан келсін. Ойын шарты: сендер мына секіртпемен белгіленген жерге барып, алманы алып сыпырғышпен келесіңдер осылайша түрлі заттармен барып келіп 5 түрлі жеміс жинайсыңдар. Бірінші келген топ жеңімпаз!

(Ойын ойнатылады)

Мыстан: жарайсыңдар балалар! Ризамын! Рахмет сендерге! Маған да өз өнерлеріңдң көрсетіңдерші!

«Кішкентай аяз аталар биі» 1-2 сынып оқушылары.

2-жүргізуші:Аяз ата, Ақшақар, Торай және Мыстан апайлар, бізбен бірге Жаңа жыл кешін көңілді өткіздіңіздер деп ойлаймыз! Сіздерге көп рахмет!

Аяз ата: Сендерге де осындай көңілді Жаңа жыл үшін алғысым шексіз! Бізді басқа балалар да күтіп отыр біз қайтайық. Келесі жылы кездескенше, сау болыңдар балалар!

(Сау болыңыздар! хормен)

«Жаңа жыл» әні барлық оқушылар.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2018
2532
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі