400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Сценарий, "Жаңа жылға саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалымдерге сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жаңа жылға саяхат .


Мақсаты : Оқушылардың жалпымәдени мінез құлық дағдыларын қалыптастыру, оқушының қарым қатынас мәдениетін , шығармашылықпен ойлауға және қиялға, шығармашылық эстетикалық қызметті қалыптастыруға қызығушылықтарын дамыту.

Балалар залға әсем музыкамен кіріп келеді де шыршаны айналып тұрады.

Жүргізуші( Құдайбергенова А) :

Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ  дастарқан жапқандай 
Халық біткен қарбалап
Қонақ күтіп жатқандай

Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде-жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.

Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!.Келе жатқан  тышқан жылы мерекесімен құтықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш акелсін. Кешімізді әнмен сүйемелдей отырып, бәріміз ортаға шығып би билеп, көңілімізді бір сергітіп алайық. Құттықтау сөз кезегін кешіміздің қонағы мектебіміздің директоры Сулыбекова Салтанат Бақбергенқызына береміз.

Ортамызға 5г сыныбының оқушысы Ниязканова Назеркені «Жаңа жыл! » әнімен ду қол шапалақпен шақырайық!

Жүргізуші: жарайсың! .

Балалар, бүгінгі жаңа жылдық кешімізде қызықты кездесулер күтілуде. Сендер дайынсындар ма?

Балалар: Иә!

Мыстан кемпір: Бұл не жиын? а ха менсіз не тойлап жатырсыңдар? Қане айтыңдар! Мынау не? Шырша ма ? аа сонда менсіз жаңа жылды өткізбекшісіңдер ме? Мен ше ?

Жүргізуші: мыстан әже қайдан келдіңіз? Біз жаңа жылды тойламақшымыз. Біз сізден қорқамыз. Балалар да қорқады. Қалай сізбен бірге тойлаймыз?

Мыстан кемпір: отыра кетеді де жылайды. Мені ешкім ұнатпайды, мені ешкім шақырмайды. Меннен неге қорқасыздар? Мен де Жаңа жылды сендермен бірге тойлағым келеді. Мен де осында қалайыншы. Мен де сендермен тойлайыншы , өтініш балалар. Маған рұқсат беріңіздерші. Өтініш (деп әр баланың жанына келіп сұрайды)

Жүргізуші: балалар қалай қарайсыңдар? Мыстан әжеміз қалсын ба? Сендер рұқсат етесіңдер ме?

Балалар : (ортадан бір оқушы шығып) мыстан әже бізбен тойлағысы келсе , біздің жұмбақтарымызды тауып көрсін. .

Жүргізуші: ал мыстан әже жұмбақ шешуге дайынсың ба? Егер жұмбақтарды шеше алсаң бізбен бірге қаласың, ал егер шеше алмасаң өз өнеріңді көрсетесің де, орманыңа қайтасың! Келісесің бе?

Мыстан кемпір: иа , иа жарайды. Мен қандай қиын жұмбақ қойсаң да шеше аламын, мен өте ақылдымын. Қане , қандай жұмбақтарың бар, айта беріңдер.

Балалар: ортадан балалар кезекпен жұмбақтар қоя бастайды

Жүргізуші: мыстан әже бізге бір өнеріңді көрсетуді ұмытпа!.

Балалар: Иә! Иә !

Жүргізуші: ал балалар , жұмбақ жасыруға дайынсыңдар ма?

Балалар: кезектесіп бір бірден жұмбақтарын айтады.

Мыстан кемпір: (жұмбақтарды шеше алмай ойланып тұрады) келесі жұмбағыңды айтыңдар , енді осыны шеше аламын, ал айтыңдаршы.

Жүргізуші: ал енді менің жұмбағымды шешіп көр. Оны барлық бала біледі, ал мыстан әже дайынсың ба?

Таудан топ түсті

Аяқ қолы жоқ түсті (бұршақ)

Өлшеусіз піштім

Жіпсіз тіктім (жер)

Сатайын десем ауыр кілем

Сатпайын десем тәуір кілем (жер)

Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін

Жаңа жылды тойласаң

Төріңдемін үйіңнің (шырша)

Мыстан кемпір: мен білем ол менің үстімдегі киімім ғой қараңдаршы . өзі жасыл әрі инем де бар үстімде (балалар күледі) неге күледі мына балалар. Шын ғой қараңдаршы (деп киіміне қарайды, сол кезде бір оқушы шығып жұмбақтың жауабын айтады.)

Жүргізуші: ал мыстан әже жеңілдіңіз ғой, бірде бір жұмбақты шеше алмадыңыз .ғой. енді өзіңіз уәде бергендей бір ән айтып немесе билеп беріңіз.

Мыстан Кемпір: мм сол да сөз болып па , жарайды, мен бір би білемін бірақ билеп берсін десеңіздер маған қол шапалақтап қолдап тұрыңдар. Әйтпесе билемей қашып кетемін.

Жүргізуші: ал балалар не қарап тұрмыз. Мыстан әжемізге қолдау көрсетейік, кане (балалар қол шапалақтайды).

Мыстан Кемпір:( брейк данс билегісі келіп секіріп айғайлап жерге аунайды да , тұра алмай қалып): ойбай , ойбай , масқара белім ауырып қалды. Маған көмектесіңдерші (дейді. Балалар көмектеседі). Ал балалар рахмет сендерге, мен орманыма қайтайын а то белім шыдамай бара жатыр ( ах ух деп шығып кетеді).

Жүргізуші: сау болыңыз мыстан әже ауырмаңыз. Келесі жылы кездескенше!

Ал балалар осы 2019жыл қандай болды? Иа доңыз жылы болды. Доңыз жылы ұнады ма? Қандай жетістіктерге жеттіңдер? Ал балалар арамызда үндемей, өзі момын, өзі ақылды доңызды ортаға шақырайық.

Доңыз : балалар менің кететін уақытым болды рахмет сендерге. Сендермен болған қызық, дегенмен тышқан келе жатыр тышқанды жіберейін.

Жүргізуші: ал балалар доңызбен қоштаспас бұрын өнерімізді көрсетейік. Қане арамызда флешмоб биін билеп берем деген ұл қыздарымыз бар екен. Ендеше қарсы алсаңыздар 5 а сыныбының ұл қыздарын ортаға шақырайық!

5 А сынып оқушылары флешмоб билейді.

Жүргізуші: ал доңыз жылына ұнады ма екен ?

Доңыз: иа маған өте ұнады, жарайсыңдар !

Менің уақытым болды. Кешігіп қалмайын, рахмет сендерге балалар! Қош сау болыңыздар ! (деп шығып кетеді ).

Жүргізуші: Ал Балалар бізге кім жетпей тұр? Қалай ойлайсыңдар? Ортамызда шыршамыз бар, барлық бала әдемі киінген, көңіл күйі керемет. Ал балалар кім жоқ?

Ендеше ортамызға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!

Бәріміз бірге хормен шақырайықшы.

Балалар: аяз ата, Ақшақар .

Жүргізуші: Ал балалар , мүмкін дауысымызды қаттырақ шығарып шақырармыз. Қане балалар! Аяз ата Ақшақар

Алыстан дауыс шығады: е хе хей (деп шыққаннан кейін, ааа чуу деп түшкіріп, жөтеліп Аяз ата Ақшақармен келеді)

Жүргізуші: балалар қане дұрыстап күтіп алайық Аяз ата мен Ақшақарды. Аяз ата сізге не болған? Ақшақар айтыңызшы!

Аяз ата : Амансыңдар ма, ұлдарым

Қырмызы сұлу қыздарым.

Өздеріңді сағындым.

Сонау алыс орманнан оралдым

Сендерге сондай асығып, омбы қарға малынып,

Мерекеге үлгірмей қаламын ба деп қорықтым.

Бірақ үлгерген екенмін.

Жаңа жыл бақыт, денсаулық әкелсін!

Бүгінгі мереке ерекше болмақ

балалар қалдарың қалай? Мен көп жерлерге, көп елдерге бардым. Барлық балаларға сыйлықтарын беремін деп тұмауратып тұрған сияқтымын?

Ақшақар: Саламатсыздар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар Амансыңдар ма балалар! Біздің Аяз атамыз шаршап қалған сияқты. Кішкене көріп тұрғандарыңыздай ауырып тұр. Мүмкін сендердің өнерлеріңізді көрсе , тұмауынан жазылатын шығар. Сендер өз өнерлеріңді көрсетуге дайынсыңдар ма?

Жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз - Ата ,
Қарсы аламыз орын беріп .
Ән салыңыз бізбен бірге ,
Би билеңіз бізге еріп.
Ортамыз нұрға толып, 
 Төрт құбыламыз түгел болды.
Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар. 
Аяз ата сізді келеді деп, өздерінің тақпақтарын түнімен жаттап, күнімен жаттап келген балалар бар екен. Ортаға тақпақ айтатын балаларды шақырсақ калай қарайсыз?

Аяз ата: әрине менің қарсылығым жоқ. Қане кім айтқысы келеді?

Тақпақтар

Аяз ата: қандай керемет тақпақтар, жарайсыңдар! Деп сыйлықтарын береді.

Жүргізуші: . Ал, халайық, тұрмайық 
Әндетейік, жырлайық 
Ортамызды ашайық 
Ырыс тілеп бұл жылға 
Жырдан шашу шашайық!
Ендеше ортамызға 5в сыныбының оқушысын ::Мақсат Дінмұхамедтің орындауындағы ...әсем әнімен қарсы алайық.

5в сыныбының оқушысы ән айтады.

Аяз ата : ой бәрекелді, өркенің өссін! Жарайсың!

Жүргізуші: Аяз ата біздің оқушыларымыздың бәрі өнерлі. Кешіміз әрі қарай көңілді өту үшін ойын ойнайық. Ендеше біздің оқушылардымыздың сізбен бірге ойын ойнағысы келеді. Ал балалар дайынбыз ба? Бұл ойынның шарты оқушылар көрсеткен іс қимылды Аяз ата табу керек? Ал балалар келіңіздер. (ортаға 5оқушы шығып бірінші скрипкада ойаған сияқты болады). Аяз ата оқушылар не істеп жатыр?

Аяз ата: білмеймін, үстіндегі шаңды қағып жатыр ма?

Балалар: жоқ Аяз ата біз скрипкада ойнадық.

Аяз ата күліп: ааа мен түсінбей қалыппын . ақшақар қоржынымнан сыйлық әперші мені бір күлдіргені үшін. (күледі).

Ақшақар да күледі де: жарайсыңдар балалар (деп сыйлық береді). Тағы кім шығады? Тағы қандай өнерлерің бар?

Балалар: (cыбызғыда ойнайды)

Аяз ата күліп: мына балалар жаурап қалған ба?

Ақшақар : меніңше солай сияқты, кане өздерінен сұрап көрейікші

Балалар: жоқ біз сыбызғыда ойнадық дейді.

Аяз ата күліп: жарайсыңдар. Мені таң қалдырдыңдар!

Ақшақар : иа таңқалдырдыңдар. Міне сыйлықтарың, жарайсыңдар .

Балалаар: домбврада ойнайды.

Аяз ата: сендер іштеріңді сипап жатырсыңдар ма?

Балалар; жоқ біз домбырада ойнадық.

Ақшақар: жарайсыңдар.

Жүргізуші: Қандай тату өздері 
Күлімдеген көздері
Кәне, кәне , келіңдер
Бір би билеп беріңдер


Кенжебек Ақботаның орындауындағы әсем биді тамашалайық


қане 5 б сыныбының қыздары флешмоб биін билеп бергісі келеді. Ортаға ду қол шапалақпен шақырайық!

5 б сыныбы билейді.

Аяз ата: қандай керемет би. Жарайсыңдар! Деп сыйлығын береді.

Жүргізуші: Аяз ата , Ақшақар сіздерге ұнады ма?

Аяз ата; иә ұнады, жақсы билейді екен.

Жүргізуші: Аяз Ата, Ақшақар, балалар тағы кім жетпейді арамызға? Иә Тышқан жылы. Ендеше Тышқан жылын ортамызға шақырайық.

Тышқан; Амансыз ба Аяз ата! Амансың ба Ақшақар! Амансыңдар ма балалар! Менің де жылым келіп қалыпты. Сіздерге осы жылы зор денсаулық, сабақтарыңа табыс, езулеріңе күлкі әкелдім.

Жүргізуші: жарайсың тышқан. Қане тышқан бізге әкелген бір сыйлығың бар шығар?

Тышқан; иә , мен балаларға қызықты ойын әкелдім. Қане ортаға 5 оқушы келсін. Бұл ойынның шарты мына жіпке байланған конфеттерді ауызбен кім бірінші ашады. Сол жеңеді. Ортаға тек бес оқушы келсін.

Ортаға бес оқушы шығады.

Жүргізуші: жарайсың тышқан, ойын өте қызықты екен. Рахмет саған. Балалардың көңілін көтердің. Ал ары қарай кешімізді бимен жалғастырайық. Ортамызға 5ә сыныбының домбырамен күйін қарсы алайық.

5 ә Барат Асылбектің орындауындағы « Туған жер » күйі.

Аяз ата ; өркендерің өссін, жарайсыңдар!

Ақшақар: Аяз ата, балалар мен сендердің қаншалықты шешен екендеріңді білгім келіп тұр. Менің сендерге жаңылтпаштарым бар. Менің жаңылтпаштарым тек қазақша емес, орысша және ағылшын тілінде. Кім бағын сынағысы келеді?

Ортаға 8 оқушы шығады. Жаңылтпаш

  1. У сени и Сани в сенях сом с усами.

У осы не усы, не усища, а усики.


  1. Сачок зацепился за сучок.


  1. Омартаға балалар барар

Балаларды аралар талар.


  1. Ғарышкер ұшты ғарышқа

Ғарышқа ұшты ғарышкер

Айтшы, ғарыш алыс па?


  1. Yellow lorry, red lorry, yellow lorry, red lorry.


  1. Black back bat

Black back bat

Black back bat

Ақшақар:Аяз ата мына балалар мені таң қалдыруда, керемет.

Аяз ата: жарайсыңдар балалар, кане сыйлықтарыңды алыңдар.

Жүргізуші: Аяз ата тағы бір биіміз бар. Ортамызға 5 в сыныбының биін тамашалайық.

5 в сынып флешмоб

Жүргізуші: жарайсыңдар қыздар.

Аяз ата; қандай керемет, жарайсыңдар. Мінекей сыйлықтарың, алыңдар.

Жүргізуші: Аяз ата Ақшақар менде тағы бір би жарысы бар еді. Билесек пе дейміз. Қалай қарайсыз?

Аяз ата: әрине, неге билемеске.

Жүргізуші: ойынның шарты мынадай. Бұл би жарысы Ортаға он оқушы шықсын. Және Аяз ата Ақшақар сіздер де биге қатыссаңыздар. Музыка тоқтағанда биді тоқтатпай билеу керек. Кім музыка тоқтатылғанда билемей тоқтап қалса, жарыстан шығып отырады және з өнерін көрсетеді. Би билейді , ән айтады немесе тақпақ айтып береді. Келістік пе? Қане, онда бастайық.

Музыка басталады, Аяз ата бірден жарыстан шығып қалады да;

Аяз ата: ой мен сендер сияқты билей алмайды екенмін. Мен жарыстан шықтым.

Жүргізуші: Аяз ата енді сіз бізге қандай өнеріңізді көрсете аласыз?

Аяз ата; мен сіздерге ән айтып берейін деп, ән айтады.

Жүргізуші: рахмет сізге Аяз ата. .

Оқушылар билей береді.

Аяз ата : Ал балалар, сіздерге келгеніме өте қуаныштымын. Біздің кететін уақыт таяп қалды. Размет сіздерге. Сіздерге келе жатқан жаңа жылымыз тек зор денсаулық, сабақтарыңа табыс, ата аналарыңның алдында аман жүрулеріңе және Жаңа жылды жақсы өткізуге тілектеспін. Бізді күтіп отырған балалар бар. Келесі жылы кездескенше!

Ақшақар: Ал балалар, қош сау болыңыздар!

Жүргізуші Жаңа жыл, жаңа жыл.
Қалауын тап, қар үстіне қада гүл, 
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл.
Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп
Жер бетіне кереметті жина көп
Ақ қауырсын қанатына қайғы емес
Түтін емес, рауан нұры жинап от.
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! 
Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. 
Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!
























«Қайназар ауылындағы № 2 орта мектебі» КММ



Бекітемін:

Мектеп директоры: С.Б.Сулыбекова














Тәрбие сағаты

«Жаңа жылға саяхат»





















2019-2020 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
1330
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі