400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сценарий Жаңа мектеп ғимаратының ашылу салтанаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

4 Мәртөк жалпы орта білім беретін мектеп ғимаратының ашылу салтанаты

 

Өткізу орны: №4МЖОББМ

Өткізу күні: 13.09.2018 сағат 16:00

Хабарлаусыз қазақ биі  /19 қыз/

Фанфар


Жүргізушілер: 1. Киркимов Ерлан 9-класс оқушысы

2. Есімова Мерей 5-класс оқушысы

Ерлан:

Қайырлы күн құрметті қонақтар мен ауыл тұрғындары!

Мерей:

Армысыздар, қадірменді ата-аналар мен оқушылар!

Ерлан:

Бүгінгі күн баршамыздың жадымызда, мектеп тарихында мәңгі қалатыны сөзсіз.

Мерей:

Жас ұрпаққа кемел білім беретін жаңа мектептің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

Ерлан:

Мерей, жазғы демалысты қалай өткіздің?

Мерей:

Өте керемет! Өйткені елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған облыстық «Бақытты бала» жобасына сәйкес біздің ауданның балалары жазғы демалыстарын Астана, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының көрікті жерлерінде өткізді.

Ерлан:

Биылғы оқу жылын барлығымыз асыға күттік. Себебі жазғы демалыстан ерекше әсермен келген біздерді мектебіміздің жаңа ғимараты қарсы алуда.

Мерей:

Жазғы демалысымыздың осылай жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны, болашағымыз деп біздердің, іздеріңізден еріп келе жатқан жас жеткіншіктердің заманға сай білім алуына бар жағдайды жасап жатқаны үшін облыс әкіміне алғыс айта отырып, құттықтау сөз облыс әкімі Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлына беріледі.

(Облыс әкімінің құттықтауы)

Ерлан:

Облыс әкімі атынан мектеп мұражайына естелік сыйлық табыс етіледі.

(Облыс әкімінің сыйлығы табысталады)

Мерей:

Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген сөздерінен ұстаздың білім саласындағы рөлі мен жауапкершілігін айқындау қиын емес. Сөз кезегі ұзақ жылдар мектеп директоры қызметін атқарған, мектебіміздің ардагер ұстазы Шудабаев Қыдырбай Шудабайұлына беріледі.

Ерлан:

2016 жылы Қамбар Медетов атындағы өнер мектебінен айтыс класы ашылды. Айтыс класының қосымша білім алушысы, «Жыр алыбы - Жамбыл» атты мектеп оқушылары арасында өткен республикалық айтыстың ІІІ орын иегері Мұханов Жаңажолдың жаңа мектеп ғимаратының ашылуына арнаған арнауына кезек беріледі.

Мерей:

Бүгінгі салтанатты шарамызға ауыр салмақта халықаралық спорт шебері, қазақ күресінен Қазақстан чемпионы Айбек Нұғымаров қатысып отыр. Ол еркін күрестен Қазақстан чемпионатының жүлдегері Дауылтаев Рахымжанға өзінің арнайы сыйлығын ұсынады. Рахымжан, сен де Айбек ағамыз секілді халықаралық деңгейде ел намысын қорға!

Ерлан:

4 Мәртөк орта мектебінің қабырғасын қалаған бас мердігер «АктюбинскийҚазмеханомонтаж» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Пенза Виталий Евгеньевич салтанатты түрде мектеп кілтін табыстайды.

Мерей:

Құрметті ауылдастар, көптен күткен салтанатты сәт таяп қалды. Мектепің салтанатты лента қию рәсімі мектебіміздің ардагер ұстазы Сүйінғараева Қымбат пай мен Шудабаев Қыдырбай ағайға ұсынылады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
27 ұстаз жүктеп алған
25.12.2020
20629
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі