400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сценарий "Кел жаңа жыл, жаңа жыл!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды жасыл шыршамен таныстырып,жаңа ән айтқызу арқылы мерекелік көңіл күй сыйлау.
Материалдың қысқаша нұсқасы


МҚКК «Айналайын» балабақшасы









Shape1

Кел жаңа жыл, жаңа жыл!













Аққулы 2018ж

Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

Мақсаты: Балаларды жасыл шыршамен таныстырып,жаңа ән айтқызу арқылы мерекелік көңіл күй сыйлау. Балаларды жасыл шыршадан шеңбер айналып жүріп еркін би билеп, ән орындауына мүмкіндік жасау.

(Зал әсем безендірілген, балалар музыка әуенімен қаз – қатар паравоз болып, бір бірінен ұстап залға кіреді.)


Жүргізуші:Сәлеметсіңдер ме құрметті ата-аналар, апайлар және кішкентай біздің ұл қыздарымыз жаңа жыл мерекесі құтты болсын.

Жаңа бақыт, жаңа жыл!

Жаңа өлең, жаңа жыр,

Балғын бөбек, балалар.

Құтты болсын, жаңа жыл!

Балалар қараңдаршы шыршаға ойыншықтары қандай әдемі жарасып тұр. Қандай әдемі. (балалар шыршаны жақындап келіп тамашалайды)

Балалар жасыл шырша мерекесіне біреулер жетіспей тұрған сияқты. Олар кімдер?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар

Жүргізуші: Дұрыс, ал бірігіп бәріміз Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. Аяз ата, Ақшақар (дауыстап шақырады)

(осы сәтте қатты жел мен боран дауысы шығады, залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді.

Аяз ата: Келе жатырмыз, келе жатырмыз. Балаларым, балғындарым. Қандай әдемі менің балаларым, балғындарым. Қандай керемет киімдерің де, өздеріңде қандай тамаша. Балаларым, балғындарым шыршаларыңның шамы жанбай тұр екен, қане бәріміз сиқырлы сөз айтайық. (таяғымен сілтеп)

Таңырқат, таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат – деп шыршаның шамдарын жағады.

Жүргізуші: Тамаша! Тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Әсем, әсем, ойыншығы

Көз тоймайды қараса

Жасыл шырша жанында

Ән айтайық тамаша.

Ән: Әй – әй ата

Таң ата келді Ата

Ақ тоқаш берді Ата

Әй – әй Ата

Әй Ата

Кеш бата келді Ата

Ойыншық берді Ата

Әй – әй Ата

Әй Ата

Жүргізуші: Аяз ата сіз шаршаған шығарсыз сіз отырып дем алыңыз, балалар сізге арнап тақпақтар айтып берсін.

Аяз ата: Жарайды (орындыққа жайғасады)

1. Жаңа жыл, жаңа жыл,

Тамаша тойымыз. (Айару)

2. Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған. (Жұлдыз)

Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым, балғындарым тамаша тақпақ біледі екенсіңдер. Ал, енді балаларым,балғындарым сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Қар жинау »

Ән: «Мерекеге келдік»

Мерекеге келдік,

Тақпақ айтып бердік.

Ойыншықтар тізілген,

Шыршаны да көрдік.

Аяз ата келді,

Тамашаны көрді.

Риза болып қуанып,

Бізге сыйлық берді.

Жүргізуші: Аяз ата біздің балаларымыз тағыда сізге тақпақтар айтып береді.

3. Алақай – алақай,

Көп сыйлық береді.

Бар баланың қонағы,

Төрлет ата жоғары. (Самира)

4. Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса. (Аделя)

Ақшақар: Ата, Ата бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты, кім болды екен?

(музыка әуенімен залға қоян секіріп кіреді)

Қоян: Бұл мен ғой Ақ қоян. Сәлеметсіңдер ме балалар! Сәлеметсіңдер ме қонақтар!

Ақшақар: Сәлеметсің ба ақ қоян. Сен бізге сыйлықтарды алып келдің ба?

Қоян: Жоқ, мен балалалармен жаңа жыл тойына би билеуге келдім. Менің кішкентай көжектерім қайда екен.

Би: «Қояндар»

Қоян: жарайсыңдар, балалар! Сендерге көп – көп рахмет. Жақсы би билейді екенсіңдер. Енді мен басқа балалармен би билеуге барайын, жақсы сау болыңдар! (қоян залдан шығып кетеді)

Ақшақар: біздің сыйлықтарымызды кім әкеліп береді екен?

Аяз ата: Қап, мен сыйлықтарды ұмытып кетіппін ғой.

(есік қағылады, ішке музыка әуенімен Қуыршақ кіреді, артында сүйреген машинасы бар, үстінде Аяз атаның қапшығы тиелген)

Қуыршақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіңдер ме, қонақтар!

Мен көңілді ән мен биді ұнататын Қуыршақпын. Мен сіздерге Аяз атаның сыйлық салынған қапшығын әкелдім. Сыйлықтарыңды алу үшін бірінші бәріміз мына «Қуыршақтар» биін билейік.

Би: «Қуыршақтар»

Қуыршақ: Жарайсыңдар, балалар! Сендер тамаша билейді екенсіңдер. Керемет биледіңдер. Енді сыйлықтарыңды Аяз ата мен Ақшақарға беремін. Сіздерге таратып береді. Ал мен басқа балаларға барып би билеймін. Жақсы сау болыңдар! (қуыршақ залдан шығып кетеді)

Аяз атамен Ақшақар балаларға сыйлықтарын таратып береді.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Осымен шағын ертеңгілігіміз аяқталды. Жақсы сау болыңыздар!


















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
331
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі