400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сценарий Күз келіп қалды

Материал туралы қысқаша түсінік
ертеңгілік сценарий балабақша тәрбиешілері мен музыка жетекшілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күз келіп қалды ортаңғы топ

Қатысушылар:

Ересектер: жүргізуші, Күз, Мыстан кемпір

Балалар: Жасыл бұршақ, Қызылша, Орамжапырақ, Қияр, Шалғам, Сәбіз, Қызанақ, Пияз, Картошка, Баклажан

Реквизит: шыбынжұт, салынған себет, «көкөніс»-қуыршақтар (қалпақтар), қолшатыр, «шыбынжұт» қалпақтары, музыкалық аспаптар; ойын үшін: картоп, 2себет, 2шеңбер, 2қасық, 2жұмсақ ойыншық, 2қалпақ; сән көрсетілімі үшін: «күз қалпақтары»; сыйлау үшін: «сиқырлы қалпақ».

Зал мерекеге орай безендірілген, орталық қабырғада-бір шоқ шетен салынған себет. Балалар музыканың сүйемелдеуімен жұптасып шығады және 3 қатарға тұрады.

«Жапырақ-қоңыр күз» кіріспе биі

Жүргізуші:

Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын жүз.

Сайраңдаған күліп-ойнап,

Келді міне алтын күз.

Балалар өлең оқиды.

Балабақшам базарлы үй,

Қаладағы ажарлы үй.

Күлкісі бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты.



Бұл екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз осы үйдің гүліміз,

Біз осы үйдің сәніміз.

Жүргізуші:

Егінді ел жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

Күзде жауын, бұлт, тұман,

Сары жапырақ жауады!

Сары құйын ұйытқан,

Сапырады ауаны.

«Осень снова к нам пришла» әні

Балалар өлең оқиды.

Жемісті мол беретін,

Күз дос екен бізбенен,

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.



Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді.

Қойны толды дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі.

Жүргізуші:

Жапырақтарын сыбдырлатып,

Күз келіп қалыпты асығып!

Музыканың сүйемелдеуімен қызыл телпек киген және қолына себет ұстаған Мыстан кемпір кіреді.

Мыстан кемпір:

Мен-кішкентай қызбын, қолымда себет,

Піскен шыбынжұттарды әжеме апарып берем!

Жүргізуші: Ой, балалар, мынау Күз бе?

Балалар: Жоқ!

Мыстан кемпір: Сәлем, балалар! Мені таныдыңдар ма? Мен Қызыл Телпекпін!

Жүргізуші: Қандай қызық Қызыл Телпек! Ол біреуге ұқсайтын секілді? Сонымен, қайда бара жатырсың, Қызыл Телпек?

Мыстан кемпір: Ой, мен қайда бара жатыр едім? Ұмытып қалдым! А, есіме түсті... Мен Пяточоктың туған күніне бал жеуге бара жатырмын. Ал? Сендер оны танисыңдар ма? Оның тұмсығы мынадай, ал артында мынадай моторы бар! Шатырда, лашықта, тіпті бесінші қабатта тұрады. Фу-у-у, осыны жақсы ойластырдым!

Жүргізуші: Қызыл Телпек, ал сенің себетіңде не бар?

Мыстан кемпір: Бұл менің сүйікті саңырауқұлақтарым-шыбынжұттар! Пісіп тұр әрі дәмді! Дәм татыңдар, қымбаттыларым!

Жүргізуші: Шыбынжұттар дейсің бе? Балалар, ол саңырауқұлақ-шыбынжұттарды жеуге болмайды! Бұл Қызыл Телпек емес, Мыстан кемпір ғой! Сен бізге не үшін келдің? Мерекеміздің шырқын бұзғың келді ме? Тағы шыбынжұттарды жегізгісі келеді? Жылдам телпекті шеш! Біз сені танып қойдық!

Мыстан кемпір: Танып қойыпты, онда тұрған не бар? Өмірімде бір рет Қызыл Телпек болайын деп едім. Бар арманым сол еді! Ол да болмады... Отырып алыпты, риза өздері! Мені мерекеге шақырсаңдар қайтер еді! (балаларды ашуландырады, аяқтарын тапырлатады.)

Ұлдарым, бұзықтарым,

Қыздарым, қызғалдақтарым,

Алақай, алақай, жыртығыңды қарасай!

Қане, тезірек жауап бер, қалдарың қалай?

Балалар: Жақсы!

Мыстан кемпір: Бұл жаман! Мен жақсы болғанды ұнатпаймын! Мен тәрбиелі балаларды да жек көремін. Менің сүйіктілерім-ең жақсы бұзықтар мен сотқарлар!

Жүргізуші: Ол не дегенің, Мыстан кемпір! Біздің арамызда сотқарлар мен тентектер жоқ!

Бүгін мереке емес пе, бәрі көңіл көтеруде. Біз әзілдесіп, ойнаймыз, билейміз және ән саламыз!

Мыстан кемпір: Сендер тағы билей аласыңдар ма? Онда көңілді би билеп, менің көңіл күйімді көтеріңдерші, Мыстан кемпірдің!

«Қортықтар» ортақ биі

Биден кейін балалар орындықтарына отырады.

Мыстан кемпір: Ой-ой! Сендердің билеріңнен менің тісім ауырып кетті, ішім пысты! (маңдайын ұстайды)

Жүргізуші: Сенің биден тісің ауырып кетті ме. Мүмкін сен жемістер мен көкөністер жемейтін шығарсың? Ал олардың дәрумендері көп! Рас, қой, балалар! Жалғыз саңырауқұлақ-шыбынжұттармен қарның тоймады! Сен отыр да, дәрумендердің пайдасы жөнінде тыңдашы!

«Көкөністер дауы» қойылымы

Жүргізуші:

Сәбіз, картоп, кәдеш пен,

Қып-қызыл піскен қызанақ.

Қырыққабатқа қарашы,

Көкөністер бір кезде

Жиыла қалып дауласты.

Көкөністер:

Жиналып қалып бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз.

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз.

Жүргізуші: Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты!

Бұршақ:

Кішкене түймедеймін мен,

Ұяламын мен бәрінен

Дәмді талғамдарыммен,

Сый жасаймын бәріңе!

Жүргізуші: Ызаланғаннан қызылша қып-қызыл болып кеті.

Қызылша:

Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсіп қанға нәр.

Зияным жоқ біліп қой,

Қызылшамын пайдам бар.

Менде бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге,

Менсіз борщ болмайды,

Винегред те үстелде.

Орамжапырақ:

Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын.

Қабат-қабат киініп,

Қырыққабат атандым.

Қияр:

Көптен ерте шымырлап,

Өсемін мен бүр жарып.

Атым-қияр, теріп ал,

Жиі-жиі суғарып.

Шалғам:

Мен-шалғаммын,

Өздеріңе басымды иемін.

Өзімді өзім мақтамаймын?

Мені бәрі біледі!

Сәбіз:

Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді,

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі.

Кім бар сәбіз шырынын,

Жастайынан ішпеген,

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күшке де.

Жүргізуші: Осы жерде қызанақ бұртиып, былай деді.

Қызанақ:

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен-қызанақ,

Күнге қарап ұялып.

Пияз:

Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық-барлық тағамға.

Көкөністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.

Картоп:

Картоп біздің атамыз,

Жер астында жатамыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

Баклажан: Баклажан икрасы дәмді, пайдалы...

Жүргізуші: Дауласуды тоқтату керек, оның пайдасы жоқ!

Есік тоқылдайды. «Көкөністер» қорқып еденге отырып-тұрады.

Баклажан: Біреу тоқылдатып жатқан секілді?

Жүргізуші: Ол Күз ғой асығып келе жатқан!

Поль Морианың «Вальсінің» сүйемелдеуімен Күз кіреді.

Күз: Әрине, бұл менмін ғой.

Достарым, дауласып қалдыңдар ғой?

Көкөністер:

Жиналып қалып бәріміз

Қайсымыз ең дәмдіміз.

Ішімізден адамға,

Тиеді көп пайдамыз.

Күз:

Денің сау, мықты болу үшін,

Дәрумендер жинаған жемістерді.

Сүю керек әрдайым.

Дәрумендер тірегің,

АВСДЕ деп аласың.

Жетіспесе бірі оның,

Ауырып сен қаласың.

Жүргізуші: Ал енді Мыстан кемпір, оның құпиясы неде екенін түсіндің бе?

Мыстан кемпір: Түсіндім, бәрін түсіндім! Тісімді шайып, сәбіз жейтін боламын!

Күз:

Сен, Мыстаным, ерінбе,

Бақшада біраз еңбек ет!

Ал біздің балалар саған өнімді жинауға көмектеседі!

Мыстан кемпір: Мен сендерсіз не істей аламын!

Сендерден күтемін қолдауды,

Қане, ұйықтап қалмаңдар!

«Бақшашы» музыкалық ойынф («Ах, вы сени, мои сени» орыс халық әуені)

«Бақшашы» бала сайланады, оған қалпақты кигізеді. Балалар шеңберге тұрады, «бақшашы» шеңбердің ортасына тұрады. «Бақшашы» аяғымен еденді тапырлатады.

Балалар: Сен кімсің?

Бақшашы: Бақшашымын!

Балалар: Не үшін келдің?

Бақшашы: Картоп алуға!

Балалар музыканың сүйемелдеуімен шеңберді айналып жүреді және ән салады.

Ах, картошка, картошка,

Тойдырасың халықты асқа.

Егер үйде картошка болса,

Тоқ боласың жыл бойы.

Бақшашы билейді. Музыка жеделдейді, балалар, шеңбермен жүгіреді, «бақшашы» қуып жетеді, кімді қуып жетіп, ұстап алса, сол «бақшашы» болады. Ойын бірнеше рет өткізіледі.

«Картопты қасықпен жина» ойыны

8 адамнан 2 команда ойнайды. Оларға қарама-қарсы 2шеңбер тұр, әрқайсысының ішінде картоп жатыр. Алғашқы болып тұрған қатысушылардың қолдарында бір ағаш қасық пен себет бар. Олар шеңберге жүгіріп келіп, картопты қасыққа салады, командасына қайтып келіп, осыдан кейін ағаш қасықты келесі ойыншыға береді. Тапсырманы алғашқы болып орындаған команда жеңіске жетеді.

Мыстан кемпір:

Балалар, көңіл-күйімді көтердіңдер,

Бұзықтықты ұмыттым, көрдіңдер!

Сендермен мен достасамын,

Ешқашан ренжітпеймін!

Енді күзгі баққа қайтайын,

Сендермен қош айтысайын. (қоштасып, кетіп қалады.)

Күз:

Бүгінгі күн тамаша,

Мен сендермен біргемін.

Ән айтып, би билейміз,

Күзгі мерекені тойлаймыз!

Жүргізуші:

Рахмет, Күз, мың алғыс,

Саған біз тамсанамыз.

Саған ән мен биімізді,

Бүгін сыйға тартамыз!

Балалар өлең жолдарын оқиды.

Тапталады табанға,

Судыр-судыр жапырақ.



Өрттей сары бояуға,

Малынғандай атырап.



Қайтқан құсты көрдің бе,

Қаптай ұшқан әуелеп.

Күткен күзім келдің бе,

Сыңсып бағың мәуелеп.



«Тук-тук, дон-дон» әні М. Парцхаладзе Н.Соколов

Жүргізуші:

Оркестрдің өнерімен,

Сендерді біз қуантамыз.

Музыкашы-оркестрде ойнаушы,

Сен үшін біз тырысамыз!

«Огородная» пьеса

Балалар өлең жолдарын орындайды.

Жаңғырсын баулар бір,

Жау, жаңбыр, жау, жаңбыр!



Төгілсін таудан нұр,

Жау, жаңбыр, жау, жабыр!



Салсын құс сайран бір,

Жау, жаңбыр, жау, жаңбыр!



«Шыбынжұттар биі» («Мухоморы»)

Күз:

Жарайсыңдар, балалар:

Бізге қуаныш сыйладыңдар!

Сендерге арналған сыйым бар,

Көңілді ойын, қараңдар!

Сендердің қандай епті әрі ширақ екендеріңді көргім келеді.

«Жылдам қалпақтар» ойыны

6адамнан 2команда ойнайды. Оларға қарама-қарсы 2жұмсақ ойыншық тұр. Алғашқы болып тұрған қатысушылар қолдарына мерекелік қалпақ ұстап алған. Белгі бойынша олар ойыншықтарға жүгіріп, оларды айналып, командаға қайтып оралады және қалпақты келесі ойыншыға береді. Тапсырманы алғашқы болып орындаған команда жеңіске жетеді. Ойын 1-2рет өткізіледі. (ата-аналармен)

Күз:

Сырнайлар ойнап, әуеледі,

Қонақтарды қарсы аламын қуана!

Безендірілген залға төрлетіңдер,

Қалпақтар дефилесін көріңдер!

Сырнайлар ойнайды.

Күз:

Әсем қыздарымыз құлпырып,

Қалпақтар дефилесін көрсетсін!

Сұлулық байқауын жариялаймын!

Қалпақтар дефилесі («күз қалпақтарын» киген қыздар шығады.)

Жүргізуші:

Күз, өтінеміз сені:

«Қалпақтарымызды бағала,

Сыймызды табыста!»

Күз:

Иә, қалпақтар неткен көп өзі,

Өте әдемі әрі өрнекті.

Барлық қыздар әдемі!

Көрермендерім, қайтемін!

Жүргізуші: Бүгін бәрі барынша тырысты, «қалпақтар» ұзақ сәнденді!

Күз:

Не дейін мен сендерге,

Сыйлықты қалай табыстайын?

Бар қалпақтар керемет,

Бірінен-бірі асып түседі!

Бәріңе сый таратайын,

Тәттілерден алыңдар,

Ауыз тиіп бәріңіз,

Риза болып қалыңдар!

Күз қалпақ киген қыздарға тәтті таратады.

Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз да барынша тырысты.

Күз: Олар үшін де тосынсыйым дайын: барлық балаларға тәтті сый!

Күз балаларға тәтті таратады

Жүргізуші: Бәрі ғажап әрі әдемі болды. Біз күзге не дейміз...

Балалар: Рахмет!

Күз:

Қауышқаныма қуаныштымын мен,

Бірақ, үйге қайтайын.

Қабыл алыңдар сыйлығымды,

Мені ұмытып кетпеңдер!

Сау болыңдар, кездескенше!

(шығып кетеді)

Балалар: Сау бол, Күз! Тағы кел!

Жүргізуші:

Мерекемізді аяқтап,

Қояйыншы тағы құттықтап!

Ата-анамызға мың алғыс,

Алғыс білдіремін, ардақтап!

Назарларыңызға мың рахмет,

Түсіністіктеріңе де!

Кездескенше!

Балалар мен ата-аналар залдан музыканың сүйемелдеуімен шығып кетеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
457
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі