400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сценарий "Мамандық таңдау" 9-11 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Сценарий мектеп педагогтері мен оқушыларына арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МӘҢГІ ЖАУЛАП ЖАНУ ҮШІН ҒАЛАМДА
ҮЛКЕН АРМАН КЕРЕК ЕКЕН АДАМҒА






Сыдыкова Гулшат Куттыбиевна

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы

Бозой жалпы орта білім беретін мектебі

Қосымша білім беру педагогі





Тақырыбы: Мамандық таңдау – ертеңді ойлау


Мақсаты: Оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауға бағыт - бағдар беру;

Аудиториясы: 9-11 сынып оқушылары, ұстаздар, ата- аналар, студенттер, жастар тб

Түрі: Ток-шоу

Көрнекілігі: интерактивті тақта


Барысы:

Жүргізуші: Сыдыкова Гулшат

Армысыздар, бүгінгі ток- шоуымыздың тақырыбы : Мамандық таңдау – ертеңді ойлау

Елбасымыз айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында,олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді». «Ақыл жастан , асыл тастан» деген сөзді айтқанда халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар.Содан бері неше ұрпақ ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әр кез қоғаның қозғаушы күші ретінде танылған. 
Бір кездері Мағжан бабамыз: 
«Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты, 
Қырандай күшті қанатты, 
Мен жастарға сенемін»,- деп бекерден -бекер айтпаған болар. Сондықтан да біз жастар өзіміздің қоғам ,халық алдындағы борышымызды , міндетімізді сезіне білуіміз қажет. 
Бүгінгі шарамызға қатысып отырған студент жастарымызға сөз берейік. Бұл жастар бізге өз мамандықтары жайлы айтып берсін. 
Көрермендер тарапынан сұрақтарыңыз болса қоюларыңызға болады. 
1.Сізге мамандық таңдауға кім әсер етті? 
2.Не себепті бұл мамандықты таңдадыңыз? 

3.Егер қайта мүмкіндік болса, қай мамандықты таңдар едіңіз? 
4.Ата - анаңыздың ықпалы болды ма? 
5.Бұл маман иесі болу үшін қандай пәндер тереңдетіліп оқытылады? 
6.Студенттік өмір мен оқушылық өмірдің айырмашылығы мен ұқсастығы неде деп ойлайсыз? 
- Рахмет, енді мектеп психологінің 9-11 сыныптардың біздің мектеп бойынша мамандық таңдау диагностикалық ақпаратымен таныс болайық.

Енді қатысушы оқушылар мен студенттер.Қалай ойлайсыздар.....


1.Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?

2.Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?

3.Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

4.Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?

5.Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?

6.Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.

7.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?


Ата- аналар, ұстаздар қауымы. Қалай ойлайсыздар?

1.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?

2.Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?

3.Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?

4.Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?


МӘҢГІ ЖАУЛАП ЖАНУ ҮШІН ҒАЛАМДА
ҮЛКЕН АРМАН КЕРЕК ЕКЕН АДАМҒА-
демекші кезекті әдемі әнге береміз. «Армансыз күнім болмайды» Орындайтын : Самиғұллақызы Асылай


Тренинг

Барлық қатысушылар ақ қағазды алып одан ұшақ жасап, сол ұшаққа бір бірлеріне деген тілектерін, армандарын жазып ұшырады.


Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.

Өзіңдерің таңдаған ақ жол сендердің болашақтарыңдыжарқын және қуанышқа толтырсын деген ниетпен ток- шоуымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
08.04.2019
2919
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі