400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сценарий: Менің Отаным. Балабақшада

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға Қазақстан туралы білім беру. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауға, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «25 қазан-Республика күні»
Мақсаты: Балаларға Қазақстан туралы білім беру. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауға, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреті, слайд..
Әдіс-тәсілдері: көрнекілік, ойын. Видеоролик көрсету.

Шаттық шеңбері: Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Қане бәріміз қонақтармен жақсылап
амандасып алайық.
Білгір қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Тобымызға келіп отырған
Апайларға қарашы
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз
Сәлеметсіздерме апайлар

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады.
(Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.
Бүгінгі тақырыбымыз: «Менің
Отаным -Қазастаным» республикамыздың рәміздері туралы болады.

Кіріспе әңгіме
— Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?
— Бас қаламыз қай қала?
—Біздің президентіміз – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны, туы, елтаңбасы болады. Оны рәміздер деп атаймыз.
Біздің Қазақстан Республикасының Әнұранының әнін жазған Шәмші Қалдаяқов,
сөзін жазғандар — Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Біз әнді орындаған кезде қолымызды жүректің тұсына қоямыз. Өйткені біз мемлекетімізді жүрегімізбен жақсы көреміз.

Тудың түсі — көк, тудың сол жақ жиегі қазақ халқының оюымен өрнектелген. Тудың ортасында сары түсті шұғылалы алтын күн. Алтын түспен сары түс байлықты, молшылықты білдіреді. Күннің астында бүркіт, қыран құс — еркіндік, бірліктің белгісі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.

СЕРГІТУ СӘТІ: Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан.,
Бірлік асыл мұрамыз!

— Балалар, рәміздер, қалалар туралы қандай тақпақ, мақалдар білесіңдер?

Айсезім: Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.

Арман : Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі,
Тұнығындай көңілдің,
Ортада — аспан әлемі.

Мақал-мәтелдер:
Отан-көркі жерімен,
Отан – оттан да ыстық.
Ер-жігіт ел үшін туады,
Елі үшін өледі.

Балаларға Қазақстан туралы видеороллик көрсетіледі

Ойын: «Қазақстан қалалары». Ойынның шарты: Ойынды бастаушы қолындағы допты
Қазақстанның кез-келген қаласын айтып, қарсы тұрған балаға лақтырады. Допты
қағып алған бала келесі қаланың атын айтып, допты тағы бір балаға лақтырады.

Қорытынды:
«Ыстық доп» әдісі.
— Бүгінгі оқу қызметі саған ұнады ма?
— Қазақстан Республикасының президенті кім?
— Рәміздер не жатады?
— Тудың түсі қандай?
— Туымызда ненің суреті бейнеленген?
— Елтаңбамызда не бейнеленген?
— Елтаңбаның пішіні неге ұқсайды?

Күтілетін нәтиже:
Қайталай алады: Қазақстан Республикасының рәміздерін.
Түсінеді: Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауды.
Қолданады: Отан туралы, Қазақстан Республикасы туралы мақал мәтелдерді.

















































Shape1

25 қазан –Республика күні

№42 «Айналайын» МКҚК















(«Жұлдыз» мектепалды тобы)










Тәрбиешілер: Муханова Т.О

Токкожина М.Ж












2023-2024 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
67 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
11380
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі