400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сценарий "Менің Отаным Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
ІІ Сәбилер тобына арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әуезов ауданы № 154 бөбекжай-балабақшасы



























«Менің Отаным - Қазақстаным»

(«Болашақ» ІІ-кіші тобы)

















Тәрбиеші:Алиева Л.Б.

























Алматы – 2016ж.



«Менің Отаным –Қазақстаным»

Зал іші тәуелсіздік мерекесіне сай безендіріледі. Балалар мерекелік көңіл-күймен қолдарына гүл, жалаушалар ұстап, тәрбиешінің көмегімен жарты шеңбер бойымен тұрады.

1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар, балалар! Бүгін ерекше той думан- Қазақстанның тәуелсіздік күні. «Туған елім –Қазақстаным» атты мерекемізге қош келдіңіздер!

2-жүргізіуші: Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Егеменді еліміздің тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Гимні шырқалсын!

ҚР Гимні орындалады

Ерсұлтан: Отан – деген Атамекен,

Отан – деген туған жер.

Отан-ана, Отан-үлкен

Бәрі: Қазақстан – туған ел!

Ғалымжан: Отанды біз атамекен,

Деп аялап айтамыз.

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз

2-жүргізуші: Отанды жас-кәріміз де,

«Туған жер»-деп сүйеміз,

Өйткені онда бәріміз де,

Туып өмір сүреміз- дей отырып сүйікті Отанымызға ән арнаймыз.

Ән «Отаным» (балалар отырады)



1-жүргізуші: (экраннан президент суреті көрсетіледі) Балалар, мына суреттегі бейне сендерге таныс па? (Біздің президентіміз. Нұрсұлтан Назарбаев) Иә, дұрыс айтасыңдар! Бұл біздің тұңғыш президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Айзере: Елбасымыз жолдайды,

Халық қамын ойлайды,

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды.

«Біздің рәміздер» атты слайд ұсынылады.

2-жүргізуші: (экраннан ту көрсетіледі) Балалар, енді мұнда назар аударыңдар. Бұл жерден нені көріп тұрсыңдар? (ту) Дұрыс айтасыңдар! Түсі қандай екен? т.б.

Санжар:Көк байрағы бабамның-

Бүгінгі ұрпақ алауы.

Тірегі әке,баланың-

Қазақстан жалауы.

Ерасыл:Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек,

Елдің ашық қабағы.

Аружан:Ақ ниеті алтын күн,

Асқақ арман қыраны,

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі,мақтаны.

Айсұлтан :Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды. Туымызды қастерлеп, құрметтеп жүрейік.

1-жүргізуші: (слайдтан елтаңба суреті көрсетіледі) Келесі суреттегі біздің елтаңбамыз. (елтаңбаны сипаттап, түсінік беру..)

Кәусар:Елтаңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Мұнда да бар ерлігім,

Мұнда да бар жер күші.

Сұлу: Қара шаңырақ-ел күні

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы елдігім

Елдің тыныш тірлігі.

Бекарыс:Қатар шапқан қос тұлпар

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

2-жүргізуші: Балалар, айтыңдаршы, біз қай қалада тұрамыз? (жауап)

(слайдтан Алматының көрікті жерлерінің суреті көрсетіледі)

Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу

1-жүргізуші: (экраннан Бәйтерек суреті) Ал мынау қай қала деп ойлайсыңдар? (Астана көрікті жерлері көрсетіледі; суреттер бойынша әңгімелеу)

Жібек: Астана- арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Мерей: Болашаққа бастаған

Шарықтайды асқақ ән,

Елордасы елімнің ,

Мақтанышы –Астанам.

2-жүргізуші: Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күндей болып жайнаймыз

Ән де шырқап сайраймыз - деп бүлдіршіндеріміздің орындауында «Біз өмірдің гүліміз» әнін ұсынамыз.

Ән «Біз өмірдің гүліміз»

1-жүргізуші: Кел, билейік, кел, билейік,

Кел билейік, үйренейік.

Қол ұстасып, айналып

«Достық» биін билейік!

Би «Достық» (барлық бала)

2-жүргізуші: Мерекемізді көңілді ойындармен жалғастырайық.

Ойын: 1. «Өз түсіңді тап» (түрлі-түсті ленталар алып көңілді әуенмен зал ішінде жүреді, жүгіреді, секіреді. Белгі берілгенде түсіне сәйкес обруч-құрсауларға жиналу; ойын 2-3 рет қайталанады)

2. «Ханталапай» асықтар жинау коржынға

2-жүргізуші: Біз Қазақстан атты тәуелсіз мемлекетте тату-тәтті, бейбіт өмір сүреміз. Біз өз Отанымызда ата-анамыздың, достарымыздың ортасында бақыттымыз. Бізді қорғайтын, аялайтын Отанымыз, ата-анамыз аман болсын деп ән арнаймыз.

Ән «Топ-топ, балақан»

1-жүргізуші: Қазақстанымыз гүлдене берсін! Кішкентай бүлдіршіндеріміз өсіп, елін сүйетін азаматтар болсын! – деген тілек айта отырып, « Менің Отаным –Қазақстаным» атты мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
6342
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі