400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Сценарий «Наурыз – жыл басы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

МҚКК «Айналайын» балабақшасы




Shape1

«Наурыз – жыл басы»

Санаторлық топ















Аққулы 2019ж.

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Залда әсем әуен ойнап тұрады.

Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар.

Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Халқы сүйген мейрамды,

Қарсы алайық Наурызды!


(Әже ортаға келеді. Әже шашу шашады)

Әже: Наурыз тойы-береке,

Наурыз тойы-жыр аңыз.

Қызып дулы мереке,

Қызық думан құрамыз.

 

Тәрбиеші: Рахмет, Төрлетіңдер, дастархан басына жайғасыңдар.
Наурыз жыл басы, наурыз қуаныш мерекесі.

Тәрбиеші: Наурыз - бақыт пен шаттық мерекесі.

Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше «Көктем» туралы ән шырқайық.


Ән: «Көктем келді»


Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз. Тақпақтар


Самира: Қош келіпсің Наурыз!

Арман тойы халықтың.

Қуанышы халықтың,

Құтты болсын қадамың!


Айым: Би биледік бәріміз!

Егін өңін толқытқан,

Елдің көңілін шалқытқан.

Бас иеміз- Наурыз!


Аделя: Сені тойлап қарсы алып,

Бар әлемге жар салып,

Сәлем бердік, біз сізге! 


Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді.




Тәрбиеші: Наурыз тойын бастаймыз

Бимен оны қостаймыз


Би: «Камажай биі»


Тәрбиеші: Кел, балалар ойнайық

Ойнайық та, көңілімізді көтерейік


Ойын: «Асық ату»


Тәрбиеші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешекті ақ әжеміз наурыз көже әкеле жатыр. Қош келдіңіз! (музыка)

ӘЖЕ: (Қолында тостаған, наурыз көже)

- Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар, көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын!
- Балалар, менің қолымдағы не? Онда не бар деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар. Бұл Наурыз көже. Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Сендерге сұрақ.

- Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып дайындайды?

- 7 түрлі

- Қане атап беріңдерші?

- Сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май, тұз

- Дұрыс айтасыңдар. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған.

- Ал, қонақтар жыл бойы тоқшылық болсын, дастарханымыз кең жайылсын деген ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар.

(ата – аналар алдына үстел қою, Наурыз көже құятын тостағандар қойып, құйып береді)


Тәрбиеші: Осымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!

Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын,

Қош ,сау болыңыздар, халайық!

Көріскенші күн жарық болсын!

Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
710
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі