Материалдар / Сценарий "Наурыз-Думан" 11- сынып

Сценарий "Наурыз-Думан" 11- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесін мектепте өткізуге арналған сценариі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2021
1755
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







«Наурыз- көктем, Наурыз- Жыр, Наурыз-думан»

атты іс-шараның бағдарламасы















Бағдарламаның мазмұны:


1 Бірінші бөлім – концерттік бағдарлама


2. Екінші бөлім –ұлттық спорт ойындар сайысы


3. Үшінші бөлім - академия ұжымынан құрылған ауылдар арасында өтілетін ұлттық тағамдар сайысы.




Мақсаты:


  • Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын ұлықтап, ұлы мерекенің ұлттық құндылықтарын көрсете отырып, буын ұрпақтың санасына көктеммен бірге келер ізгілік пен жылылықты, бірлік пен ынтымақты сіңіру;


  • Халқымыздың салт – дәстүрлерін саралай келе, ұлттық рухани байлықтарымызды, қазақтың алтын қазынасы ауыз әдебиетін, әдет ғұрпын, ұлттық ойын түрлерін дәріптеу.





















(Сарыарқа күйі)


І жүргізуші

-Армысыздар, бармысыздар, ағайын,

Құшырлана құшағымды жазайын.

Көктем шығып, күлімсіреп көк аспан

Әнге толды, күйге толды маңайым!

ІІ жүргізуші

Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған
Наурызым.


І жүргізуші

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, қадірменді оқытушылар мен студенттер


ІІ жүргізуші

әні мен сәні жарасқан «Наурыз- көктем,Наурыз- Жыр,Наурыз-думан» атты мерекелік бағдарламамызға қош келдіңіздер! Мерекелік бағдарламамыз 3 бөлімнен тұрады.


І жүргізуші

1 Бірінші бөлім -концерттік бағдарлама

2. Екінші бөлім –ұлттық спорт ойындар сайысы

3. Үшінші бөлім - академия ұжымынан құрылған ауылдар арасында өтілетін ұлттық тағамдар сайысы.


ІІ жүргізуші

Қашанда құт - береке орнасын деп
Тойларда шашу шашу салты елімнің
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.


І жүргізуші (Шашу шашылады)
Наурыз келсе, құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық
!

ІІ жүргізуші

Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұлаңғайыр керілсін керегесі.

Бүгінгі Наурыз думанымыздың қонақтарымен танысыңыздар:

1.


2.


3.


І жүргізуші

Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,

Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.

Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,

Бар тіршілік Наурыздан басталған!

Құттықтау сөзі


ІІ жүргізуші

Кел, наурызым, ортаймайтын ырысың,

Тәуелсіздік және өзің тынысым.

Жалғастырып ұрпақтарды ұрпаққа,

Аралай бер сәнге бөлеп ел ішін.

(Көрініс )


І жүргізуші

Тілімізде Ұлыстың ұлы күніне қатысты – «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы торғай ( науірзек ) келген күн», «Көк құт ( өсімдік ) көзін ашқан күн», «Самарқанның көк тас еріген күн» деген сөз оралымдары сақталған.


ІІ жүргізуші

«Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік ұстанған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен.


І жүргізуші

Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,
Бақытты
Наурызы бар халқым неткен!


«Тойға тілек» әнін қабыл алыңыздар.


ІІ жүргізуші

Өлең өрлеп, жыр самғай,

Үйлесті әсем сәніміз.

Болады екен жыл сондай,

Қандай болса Наурыз!

Жан қалмасын жай тұрған,

Мәз болсын жас-кәріміз.

Күй шертілсін, ән айтып,

Би билейік бәріміз.


Ортада «Аққу биі»


І жүргізуші

Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!


ІІ жүргізуші

Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде,
Наурыз, күлімде.

Өзбек биі -


І жүргізуші

Жарқыраған жас нұрлы

Жаса, Наурыз дәстүрлі!

Бақытыма шалқыдым,

Ашылады нұрымыз

Осынау байтақ елімде

Айтылады жырымыз.

«Мереке» әні


ІІ жүргізуші


Ән менен би,
Жыр менен күй жарасқан
Нұрын төгіп күлімдейді көк аспан
Қадірлейік бейбіт аспан аққұсын
Қадірлейік халқымыздың дәстүрін
.
Ортада «Дәудидай» биі


І жүргізуші

Халықтың пейілінен жаралғандай,
Сұлу күн шуағынан таралғандай.
Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,
Наурызда ажар қандай, арай қандай!

Күй «Көңіл толқыны» ,


ІІ жүргізуші

Асу асу белдері сырға толы,
Атырабы ән күйге, жырға толы.
Жаса, жаса, жайнай түс кемелденіп,
Өр қазақтың жазирасы, нұрға толы.


«Әгугай» әні


І жүргізуші

Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің

Басын қосқан сан адам ,сан ғұрыптың.

Ұлыстың ұлы күні паш етейік

Белгісін достықпенен мәңгіліктің.

Достық биі


ІІ жүргізуші

Әлемге атақ –даңқы ілінгесін,
Күн болып Қазақстан күлімдесін,
Қасиетті ана тіл –
Бүтін тілім,
Бауырлар , ешқашанда
Бүлінбесін!


І жүргізуші

Ұлыстың қадам басып ұлы күні,

Үйдің де көктей жаздап тұр уығы.

Көңіл де наурызбенен шешек атсын,

Жүректің сарқылмасын жылылығы.


ІІ жүргізуші

«Наурыз- көктем,Наурыз- Жыр,Наурыз-думан» атты іс-шарамыздың бірінші бөлімін жабық деп жариялаймыз.

І жүргізуші Сіздерді бағдарламамыздың екінші бөлімі ұлттық спорт сайысына шақырамыз



































































































































Мақсұт Неталиев


Су жылтырап б
үршік ашқан жасталдан,

Бу б
ұрқырап қатып қалған тастардан.

К
үн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,

Бар тіршілік Наурыздан бастал
ған!

Ел де тыныш!

Жер де тыныш – б
ұлкүні,

К
өреміз тек қуаныш пен күлкіні.

Табыс
қанжұрттаныстауыпжатады,

Жамал
ғандайжүректердіңжыртығы!

Сафтыйылып Сарыар
қаның бораны,

К
үн өрлейді күмбезінен жоғары.

Наурызды
ң жиырма екісі толғанда,

То
ғысады тоғыз жолдың торабы...

Жыл
ғалардан су аққанда сырғанап,

Ша
ң-тозаңнан тазарады нұрлы алап.

Толтырады ша
ңырақтың шаттығын –

Наурызбай,
Ұлысжандар – іңгәлап?!

Жал
ғасады жақсылықтар – «Иә, сәт!»

Қарлығаштар үй сыртына ұя сап

Ж
үрсе,Бақытқонатынынхабарлап,

Б
ұлт көшеді ақ жаңбырын құя сап!

Жат боп б
ұрын бастары ешбір қосылмай,

Ж
үрген жандар таныс тапса – досындай.

Ол – осынау Наурызды
ң арқасы! –

«
Ұлыс күннің» шапағаты осындай!

******


Кел, Наурызым!

Орынбек Жолдыбай


Кел, наурызым, шы
қ төріме думандат,

Ж
ұрт қарасын бейнетіңе қайран қап.

Таби
ғаттың тұмса шағы тамсантып,

Хал
қым да бір жадырасын сайрандап.

Кел, наурызым, самалы
ңмен еркелет,

Қырға шығар, жамағатты жетелет.

Бала біткен болып ж
ү

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ