Көктем келді еліме!
Фанфары
-
Ансамбль «Алаш»
Мағжан:
Сәулесі бар наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күнін паш етейік
Белгісі достық пенен мәңгіліктің.
Даяна:
Келді наурыз ұлы күш тасқынымен
Ел көріскен тума-туыс, достығымен.
Қуанышы молайып ағайынның
Қайғы мұңын ұмытқан, тас жібіген
(екі әже шығып тұрады)
Әже: (дауыс жаздыру)
Шашу, шашу ағайын!
Бар қуаныш шашу болып шашылсын.
Ренішіміз су сепкендей басылсын
Ұлы күнде ризығымыз мол болып
Шын ықылас нұрын төгіп тасысын.
Әже:
Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ. (музыка ойналады, әжелеріміз шашу шашады.)
КӨРІСУ (фон)
(Көрісу дәстүрі 3 а - 9 в ата-аналары екі жақтан шығады)
Мағжан:
Самарқанның көк тасын ерітіп, Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, елімізге құт-берекені енгізіп, нұр тамшыларын аямай төгетін, ұлыстың ұлы күні баршаңызға Наурыз мерекесі құтты болсын!
Даяна:
Наурыз- қайырымдылық пен имандылықтың, бірлік пен достықтың ұлы мерекесі. Наурыз ұлылықты ұлықтайтын, жастарымызды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейтін тағылымды мейрам!
Мағжан: Бұл күні алдағы күндерге арналып, ізгі ой, арман –мақсат айтылып, тілектер тіленеді.
Олай болса мерекелік құттықтау сөзді №5 мектеп-лицей басшысы Әбдіғапарова Әлия Пауединқызына ұсынамыз.
Сахналық көрініс: «Танабау тағу».
Ауыл көрінісі, ағаш үй,ауылдың әжелері, келіндері.
(3а, 9 в-сыныбы ата-аналары отырады).
Видео (Баланың шаруа жасап жүргені)
Көрші әже:
Баласы әке-шешесіне қолғанат болуға жарап қалыпты.
Баланың әжесі: Балам, көрші әжелерді шайға шақыр. Сенің қолғанат болып, кәдеге жарағаныңды атап өтіп батасын алайық. Қазақтың салты бойынша «Танабау тағу» дәстүріміз бар соны атап өтіп саған танабау тағайын деп едім.
Келін, тамағыңды ас, дастарханыңды дайында.
Бала көрші үйлерге барып, әжелерді қонаққа шақырады.
Әже: (дастархан басында)
Ұл әкесіне немесе қыз баланың шешесіне әлдебір шаруаға шамасына қарай жәрдемдесіп жатқанын көрген адам: «оу, ұлың қолғабысқа жарап жігіт болыпты ғой», «қызың қолғанат болып, бойжете бастапты ғой» деп жас балаларды көтермелеп мақтап, олардың омырауына түйме, тана, ақық, маржан секілді нәрселерді қадайды. Мұны «танабау тағу» деп атайды.
Дәстүр бойынша баласына «танабау» тағылған үй көрші-көлем, жақындарын шақырып, арнап дастарқан жайып атап өтеді.
Қонақ күту
Әже: Қош келдіңіздер! Бір дастарқаннан дәм татып, ынтымақ-сыйластығымыз нығая түсу үшін сіздерді шақырдым ( амандасып, жөн сұрасады)
Көрші әже: Балаң бізді шайға шақырды. Өзі ержетіп қалыпты.
Әже: Сіздерді шақырып, «Танабау тағу» дәстүрін орындағым келіп отыр.
(Келіндер шұбат сапырады, жеңгелер ыстық бауырсақ әкеліп, дастархан жаяды, ұлдар асық ойнайды. Музыка ойналып, би билейді қыздар)
Әжелер: Танабау тағу дәстүрін орындау үшін арамыздағы үлкен әжеміз сыйлығын табыстап, батасын берсін.
Әже: Келе ғой, балам! Сенің азамат болғаныңды көріп,танабауыңды өз қолыммен тағайын.
(әжелер сыйлығын береді)
Әженің батасы
Наурыз көже (фон)
(көжені жас аналар алып шығады)
Мағжан:
Бүгінгі мерекелі күннің берекелі асы Наурыз көжемізден дәм тата отырыңыздар!
Әжелердің орындауында ән:Танабау
Даяна: Қазақтың ешбір салт-дәстүрі мақсатсыз, негізсіз шықпаған. Танабау тағудың да тәрбиелік, рухани мәні бар. Жас балалар өздерін ерекшелеп жатқанға мейірленеді, шынымен, «есейе бастадым» деп әр іске көмектесуге құлшынады. Ал ата-әже, әке-шеше перзентінің көзге түсіп өсе бастағанына қуанып, шүкіршілік етеді.
Ән: «Бипыл» Шұғыла би тобымен
Орындайтындар: Республкалық,облыстық және аудандық ән байқауларының жеңімпаздары
Қалдымұратова Айжұлдыз, Өмірзақ Жаннұр, Бакиева Шырай
Монтаж
1-оқушы
Мерекеміз Наурыз –
Халық күткен бақ-ырыс.
Адамдардың аңсары,
Бір-біріне сағыныш.
Кетіп қыстың ызғары,
Жібіп тоң мен мұз-қары,
Жарқырайды күмістей
Таудың асқақ шыңдары.
2-оқушы
Күн менен түн теңеліп,
Жердің жүзі көгеріп,
Сылдырайды бұлақтар,
Шаттық үнге кенеліп.
Күлімсірей күн шығып,
Тал-дараққа бүр шығып,
Кіріседі тірлікке,
Жан-жануар құлшынып
3-оқушы
Айналаңнан жаңа көктем лебі ескен,
Бұл кезеңде күн менен түн теңескен.
Сан ғасырлық ата-баба салтына
Көпір болған Наурыз өзің емес пе ең?!
4-оқушы
Алтын күні шуақ шашып аспаннан,
Жаңа жылым жыр думаннан басталған.
Ақ дастархан жайып қазақ төріне,
Ақ ниетпен үлкендерден бата алған
Ұлттық киімдер шеруі (фон)
Мағжан:
Қыдыр келіп, бата берер ырыс күні,
Бұзылмасын елімнің тыныштығы
Даяна:
Құт болсын, бақыт қонсын, бірлік болсын
Нұр сыйласын елімнің тыныштығы
Қыдыр Баба:
Армысыздар жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Ақ мол болсын.
Қайда барсаң жол болсын.
Жаңа жыл бақыт жылы болсын!
Малың тоқ,уайым,қайғың жоқ болсын.
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
Дастарханымыздан дәм кетпесін
Көңілімізден сән кетпесін .
Ұрпақ,ұлыс аман болып
Өмірімізден мән кетпесін
Құдай пейілімізді тарылтпасын,
Қуаныштан арылтпасын ,
Халқым ешбір қамықпасын,
Қасиеті шарықтасын!!!
Менің берген бұл батам-
Ұлыс күнге сақтап жүрген сұр батам! Әумин!!!
Ән: «Наурыз думан»
Орындайтындар республикалық, халықаралық ән байқауы жеңімпаздары
Айтжанова Адия, Балғабаева Дильназ
Томирис: Наурыз баршаңызға құтты болсын!
Дендеріңіз сау, мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін!
Жанарыс: Барлық халық бақытты болсын,
Еліміздің несібесі көп болсын.
Қош сау болыңыздар, халайық!
Көріскенше күн жарқын болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сценарий праздничного концерта, посвященного празднованию Наурыза "Көктем келді еліме!"

шағым қалдыра аласыз