400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Сценарий праздника «Тұңғыш Президент күні»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала бойындағы Отанға, елге, туған жер мен басшыға деген құрметін, патриоттық сезімін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күні 




«Елін сүйген елбасы – Нұр аға»


Мақсаты:Бала бойындағы Отанға, елге, туған жер мен басшыға деген құрметін, патриоттық сезімін қалыптастыру.


Балалар музыка әуенімен залға кіреді.


Жүргізуші:

Даңғыл жолды салып берер, Нұр аға

Енді халқым ешқашанда құлама

Барлық жерден жиып-теріп қазақты,

Халқы үшін, жанын салған ғұлама



Армысыздар, құрметті қонақтар, балалар!
Қ
азақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған

мерекелік іс – шарамызды ашық деп жариялаймыз.


ҚР Мемлекеттік Әнұраны айтылады.


Жүргізуші: Балалар, бізде бүгін қандай мереке?

  • Тұңғыш Елбасымыздың сайланған күні.

Дүрыс айтасыңдар балалар! біздің жеріміз, орман, тау, өзен-көл, өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ. Осыны ешқашан естеріңнен шығармаңдар.

-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

 -Еліміздің рәміздерін атайықшы?

- Елтаңба, Көк ту, Әнұран.

-Біздің елбасымыз кім?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол президент.

 Ия, балалар, біздің бүгінгі мерекеміз - Нұрсұлтан атамызға арналмақ.

Себебі 1-ші желтоқсан ең бірінші тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан атамызды сайлаған күн.

Олай болса, бүгінгі мерекеге арналған өзіміздің тақпақтарымызды айтайық.



Жүргізуші:

Отан – жерім, Отан – суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді, - дей отырып келесі кезекті тамаша әнге береміз.



Гүлдер тобының орындауында «Отаным» әні

Жүргізуші: Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ үйдің,

 отбасының бейнесін білдіреді.




Ойын «Шаңырақ»


Жүргізуші: Ел бағына туылған,

Ұлтқа ұран, ту болған,

Халқы патша сайлаған,

Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан! – дей отырып Президентімізге арнайы дайындалған бейне көрініске назар салайық.



Жүргізуші: 

Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы, дей келе келесі кезекті батырларымыздың тамаша биіне береміз.


«Батырлар биі»


Туған жер қандай көркем мөлдіреген.

Желегі желмен ойнап желбіреген.

Аралап күндіз-түні жүрсем-дағы,

Тыншымай ет жүрегім елжіреген.


Ән «Туған жер»

Қазақстан – атамекен, құт қонған жер

Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.

Көкорай белестері мақпал кілем,

Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

«Алға Қазақстан!» биі



Жүргізуші:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.


Балалар,құрметті қонақтар! Елбасы күніне арналған іс – шарамыз осымен аяқталды. Назарларыңызға рахмет!













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
819
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі