400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сценарий Қоңыр күз қоңыр күз, Бақшамыз жапыраққа толды...

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша ән-күй жетекшілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы
Қоңыр күз қоңыр күз, Бақшамыз жапыраққа толды...

Музыканың сүйемелдеуімен күзге орай безендірілген залға қолдарына гүл ұстаған балалар бірінің артынан бірі жүгіріп, кіреді, әндетеді. «Танец осенних листочков» муз А.Филиппенко музыкасы бойынша қимылдарды орындайды.Жүргізуші: Күздің осындай ғажап күні қаламыз алтынға оранған секілді, жерді мерекеге орай табиғаттың өзі бояндырып, жасандырды, ол ештеңесін аямады.Балалар өлең жолдарын оқиды.Алма пісіп, алмұрт түсіп,Күзде бақтар жайнайды.Құстар қайтып, қош айтысып,Қимас үнмен сайрайды.

Қоңыр салқын тарады,Қойнаулар мен сайлардан.Қаздар қайтып барады,Қайтқан елдей жайлаудан.

Соңғы шуақ төгіліп,Жалқынданып тұр аймақ.Ақ сәулеге шомылып,Жапырақтар жүр ойнап.Ән.Жүргізуші балаларға қайың, емен, үйеңкінің жапырақтарын көрсетеді.Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, бізге күз қаншама жарқын жапырақтар сыйлады. Балалар өлең жолдарын оқиды, жүргізуші залға жапырақтарды шашады.Сап-сары маңайСап-сары тоғай.Соңғы әнін айтып,Құс кетті қайтып. Қарашы күз келді, күз келді,Жапырақ жауыпты іздерді.Құс біткен керуен тізеді,Қара бұлт қабағын түйеді.

Алтын, сары, қызыл, көк,Алуан-алуан жапырақ.Күзгі бақта күлімдеп,Көз тартады атырап.«Жапырақты тап» музыкалық ойыны Е.ШаламоноваБалалар еденнен оң қолымен бір-бір жапырақтан алады және әрқайсысы сәйкес шеңберге тұрады: қайың, үйеңкі, емен. Шеңберге барлық балалар жиналғанда, олар айқасқан қолдарын жоғарыға көтереді. Одан кейін музыканың сүйемелдеуімен орталық қабырғаға қояды және орындықтарына отырады.Балалар өлең жолдарын оқиды.Келді міне алтын күз,Сары шашты жарқын күз.Мол өнімді ісімен,Таңдандырып халқын күз.

Тоңазып атырап,Көп жеміс піседі.Сарғайып жапырақ,Саудырап түседі.

П.И.Чайковский «Сладкая греза» пьесасының фонограммасымен Күз шығады, қолына жасанды жемістер мен көкөністер салынған себет ұстап алған (себеттің түбінде бірнеше нағыз алма жатыр-тосынсый сәті)Күз:Береке бақ дарыған,Жомарт көңіл жарқын жаз.Сары алтынға малынған,Алтын күз деген мен болам.(айналып, киімін көрсетеді)Қараңдаршы, мен қандаймын!Саф алтынға малынғандаймын!Балалар өсіп қалыпты,Жақсылап күйіп алыпты!Маған ән шырқаңдаршы...Ұнатамын әнді әсем!Ән.Күз: Балалар, әсем ән салып,Мың бұрала биледі!Біздің қонақпен сендер әлі,Ойнап көрмедіңдер ғой!Күздің сөзінің соңғы екі жолында бала-жаңбыр шығады. (дайындық тобынан)Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, бізге қандай қонақ келді. Қонақты тану үшін, жұмбақты шешіңдер.Көтеріліп теңізден,Аспанға биік барамын.Биіктен қайта түскенде,Өңі кірер даланыңБалалар: Жаңбыр!Күз: Дұрыс! Таптыңдар!Жаңбыр: Балалар, ал сендер ойнағанды ұнатасыңдар ма?Балалар: Иә!«Танец-игра с зонтиками» әніБалалар әнді орындайды, Жаңбыр балаларды қуады.«Жаңбыр» әніКүз:Берекесін сыйлауға,Өлкемізге күз келді.Жемістерін жинауға,Шақырады біздерді.«Себетте не бар екенін тап?» ойыныКүздің себеті орамалмен жабулы тұр, балалар себеттің ішіндегі көкөністер мен жемістерді қолмен ұстап атайды, және оларды бір-бірден шығарады. Себеттің түбінде нағыз алмалар жатыр. Күз қалған балаларға алма таратады.Балалар музыканың сүйемелдеуімен залдан шығып кетеді.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
380
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі