Материалдар / Сценарий: "Қош келдің жаңа жыл!"2022

Сценарий: "Қош келдің жаңа жыл!"2022

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қош келдің жаңа жыл!"атты сценарии ересек тобына арналған Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: Қош келдің Жаңа жыл!

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Жаңа жылдық көрініс, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары

Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем сөздер оқу, ертегі көріністерін сахналау.Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген.

Жүргізуші: Құрметті біздің бөбектеріміз, қонақтар, ұcтаздар! Барлығыңызда бүгінгі Жаңа жылдық шырша тойына қош келдіңіздер!

(Мерекелік әуен ойналып балалар кіреді)

Жүргізуші: «Қош келдің, Жаңа жыл» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер! Балалар, мереке қонақтары қош келіпсіздер! Барлығыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып, әрбір отбасында арман - тілектеріңіз орындалсын!

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге.

Жүргізуші: Бүгінгі шырша тойымызда да көптеген қызықты әндер де, билер де, күтпеген таңғажайып оқиғалар болуы мүмкін. Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан «Ерасыл»бөбекжай бақшамыздың басшысы: Охашева Қарлығаш Мәделіқызына сөз береміз.

Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.

«Хор»Жаңа-жыл,Жаңа-жыл әнің қабыл алыңыздар...

Жүргізуші:

Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар:
Жаңа жыл!

Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар:
Аязата!

Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......
Балалар:
Әдемі!

Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар:
Жаңа жыл! (3 рет)

«Айгөлек»тобының бүлдіршіні Казарина Настяның орындауында «Елочка»әнің қабыл алыңыздар

Көп рахмет,балалар біздің Аяз атамыз бен Ақшақарымыз кешігіп жатыр. Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы қайда жүргенін біліп бермейсіз бе?

Сахна ашылып, (көрініс) қасқыр ешкінің үйін торуылдап жүреді.

Ешкі себетін арқалап орманға кетіп бара жатады. Аяз ата орман ішін аралап келе жатып көріп қалады.

АЯЗ АТА:- Ей қасқыр, әлі торуылдап жүрсің бе? Жаңа жылда барлық әлемде жақсылық, достық орнауы тиіс. Сондықтан, сен бұл қылығыңды қой. Жүр менімен, балалар күтіп отыр, мерекеге барайық.

Қасқыр: - Жарайды, Аяз ата сіздің айтқаныңызды тыңдайын. Жолда келе жатып, ағаштың түбінде тығылып отырған түлкіні көріп қалады.

АЯЗ АТА: - Ей, қу түлкі енді кімді алдасам деп отырсың ба? - Жүр бізбенен шырша тойына барайық, балалармен көңіл көтерейік.

Түлкі: - Айтқаныңыз болсын. Музыка ойналып Аяз ата ертегі кейіпкерлерімен шырша жанына келеді.

АЯЗ АТА:

Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Ата! Балалар сізді асыға күтіп отыр.

АЯЗ АТА: - Балалар! Мен орман ішінде келе жатқанда, Ақшақар қызымнан адасып қалдым. Сіздер көрген жоқсыздар ма? - Кәне бәріміз қарша қызды дауыстап шақырайық.

(Балалар дауыстайды Ақ-ша- қар3)

Әсем әуен ойналып Ақшақар кіреді.

АҚШАҚАР: - Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар! Сіздерге келе жатқанда орман ішін қызықтаймын деп, Аяз атамнан адасып қалдым.

Рахмет балалар!Сендердің дауыстарыңды естіп келдім.

Жүргізуші – Ақшақар, балалар сізді асыға күткен еді. АТА, сіз шаршаған боларсыз, дем алыңыз. (Аяз ата тағына отырады).

АҚШАҚАР: - Мен секілді қарша қыздар бар екен ғой, менің билегім келіп тұр.

Жүргізуші:Дұрыс айтасыз біздің қыздар сіздерге арнап би дайындап қойды

«Айгөлек»тобының қыздарының орындауында «АҚШАҚАРЛАР» биін қарсы алыңыздар!

Би соңында Ақшақар қар жауғызады.

Жүргізуші: Біздің балалар сіздерге арнап өз өнерлерін көрсетеді.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды – дегендей,

«Айгөлек»ересек тобының құттықтауын қабыл алыңыздар.

Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны,
Иісі аңқыған шыршаны,
Жарқыраған шыршаны...
Жұпар иісі аңқыды,
Апамды да мәз қылды! 1.
Ақназар

Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса. 2.
Қуаныш

Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
3.Әлия

Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен
. 4. Дамок

Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз

Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
5.Балнұр

У елочки нашей
Прекрасный наряд —
Шарики, бусы
Повсюду висят.
Звездочка светит
И дождик блестит,

Елочка наша
Всех удивит!
6.Асылай

Ақ сақалды таяқты
Қалың қырау қабақты
Аяз ата аямай
Бізге сыйлық таратты
Ойыншығы, шекері
Орасан көп сияқты.
7. Ерке

Самый лучший праздник в мире —
Это Новый год.
Елка, сладости, хлопушки,
Песни, хоровод.
8.Медина

Сегодня день чудесный,
Сегодня Новый год,
И ёлочка нарядная,
И Дед Мороз придёт.
9. Сая


Дед Мороз несет подарки,
Ждет его народ.
Я хочу, чтоб этот праздник
Длился целый год!
10. Ансар


О, алақай, Аяз ата,
Келе жатыр алыстан!
Кел билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл!
11.Асылым

Кел балақай шырша дайын
Қол ұстасып ән салайық
Жаңа жылдың жарқын айын
Әнмен бимен қарсы алайық.
12.Нұргелді

Не ойласаң жаңа жыл
Орындалады бар арман
Жаңа жылды сондықтан
Күтеді барлық балалар.
13. Айсұлтан

Подарит нам подарки,
А мы ему — стихи,
С Снегурочкой у ёлочки
Сыграем мы в снежки.
14. Жасмин


Загорелась елка
Яркими огнями,
Самая красивая,
Полюбуйтесь сами,
Радуются дети,
С ними Дед Мороз,
Он ведь эту елочку
Из лесу принес...
15. Настя


Қош келдің Аяз Ата
Болып бізге  сыйлы  қонақ
Қарсы аламыз құрмет етіп
Жаңа жылдың нұрын орап.
16. Ерзат

Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
17.Бірханым

Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп 18. Аякөз


Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
19. Айбол


Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
20.Бейбарыс

Жүргізуші:

Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.

Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,

Қол соғып биік шыңға самғатайық»- дей келе,

«Айгөлек»ересек тобының ұлдарының орындауында «Санта клаустар» биі қарсы алыңыздар...

АЯЗАТА: - Ой, мына балалардың барлығы өнерлі екен! Менің де билегім келіп кетті ғой.

Жүргізуші:Аяз ата, Ақшақар, балалармен ойын ойнаңызшы! ( Аяз ата балалармен жаңа жылдық ойындар ойнап, сыйлықтарын үлестіреді).

Ойын: Жаңа жылдық тілектер сайысы .Ойын шарты: 5 баланы ортаға шақырамыз. Олардың әрбіреуі кезекпен бір жаңажылдық тілек айтуы тиіс. Үлкен сыйлыққа кенеледі.

Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын жыл сиыр жылы. Балалар, сиыр қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымыз қош саубол деп айтайық.

Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!

Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!

(Жолбарысты сипаттайды)
Балалар құлақ түріп тыңдандаршы,  бір дүрсіл естілетің сияқты!
Барыс:Ырр.. Мен барыспын, барыспын,
              Бәріне мен таныспын, таныспын.
              Айналама сыйлымын, сыйлымын,
              Сезімсізбен алыстым,алыстым.
              Күшіме мен сенемін, сенемін,
              Бәрін де  де женемін, женемін.
              Жыл басы болуға, шіреніп мен келемін.  

Жүргізуші:Салеметсің бе ,барысжан ,қош келдің !Жаңа жыл құтты болсын!Біздің балаларымыздың өзіне дайындаған өнерлерін көріп тамашалап қайт.

АҚШАҚАР: Қош келдің Жаңа жыл!

АЯЗАТА: Ал айналайын, Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат! Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, Жаңа жыл!

АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп - көп рахмет! Өркендерің өссін! Енді Ақшақар екеуміз аттанайық! Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңыздар!

Жүргізуші: Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

АҚШАҚАР: Сау болыңыздар балалар, келесі жаңа жылда кездескенше!

Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата! Сау болыңыз Ақшақар! (Әсем әуенмен, Аяз ата мен Ақшақар қоштасып, шығып кетеді)

«Айгөлек»тобының бүлдіршіні:Болат Бірханымның орындауында үнді биі қабыл алыңыздар...

Күтпеген сәт...

Аю: Балалар қыста жейтін азығым таусылып қалды. Сендер бауырсақты көрген жоқсыңдар ма? Сендер неге әдемі болып киініп алғансыңдар?
Жүргізуші: Ооооооой аю, қараңызшы біздің балалар әп - әдемі киініп алған, себебі олар Жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр. Келіңіз, төрлетіңіз.
Балалардың әдемі биімен көңіліңізді көтеріңіз.

Аю:Жо-жооқ менің ұйқым келіп тұр,кетім мен.

Жүргізуші: Міне, жаңа 2022-да келді. Ал 2022 жылы елімізге тыныштық болып, ырыс - құтымыз арылмасын!Жаңа жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін! Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын! Келесі жаңа жылда кездескенше аман - сау болайық! Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!



25 Қаңтар 2022
19277
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі