Материалдар / сценарий "Қоштасу кеші "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сценарий "Қоштасу кеші "

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп алды даярлық топтарына арналған балабақша мен қоштасу кеші сценарийі. мақалада өлеңдер мен ойындар. мерекеге келген қонақтар бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2021
1407
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көңілді әуен ырғағымен балалар залға жүгіріп шығады да, шашыраңқы тұрып бір-бірімен әңгімелеседі.

Екі тәрбиеші залға кіреді (жүргізушілер):

1-жүргізуші: Бұл не деген қойылым?

Бұл не деген той бүгін?

Ешкімге айтпай балалар

Мұнда неге жиналдың?

1-бала: Бүгін біз ойнап, күліп

Айқайлап, шулап жүріп,

Ойыншықтармен соңғы рет

Кездесуге асықтық.

2-бала: Өйткені балалалықпен,

Қоштасуға келдік біз.

Мектеп атты ұяның енді

Табалдырығын аттаймыз.

1-жүргізуші: Балалар, сендер неге асығасыңдар?

Мерекеге бүгінгі өз бағдарламамыз бар еді

Бұл жерде рет-ретімен жазулы еді барлығы,

Ән, би, тақпақ, жұмбақтар,

Құттықтау, гүлдер тағы бар.

3-бала: Өлеңдердің сөздерін де,

Ұмытып қаппыз қобалжып.

Бүлдіршін едік бақшамызда,

Оқушы енді атандық.

4-бала: Сәнді киім киіп алып,

Толқудамыз таңменен.

Бағдарлама сол себепті,

Ойымызғада келмеген.

5-бала: Менде бар бір ұсыныс!

Барлығы: Қандай?

5-бала: Мені дұрыс түсініңіз.

Қобалжуды қуанышпен біз жеңіп,

Залдан бәріміз шығайық.

Қонақтардың құрметіне

Мерекені басынан бастайық!

Балалар залдан шығып, қайта кіруге дайындалады.

1- жүргізуші: Салтанатты безендірілген төрімізде әдемі,

Өйткені бүгін бақшаменен қоштасады түлегі.

Мерекеміз қуанышты, сәл көңілсіз мереке

Жинады бүгін бәрімізді осы залға әдейі.

2 - жүргізуші: Қуанышты, өтті қызық көп күндер,

Бүгін міне бес жасқа да жеттіңдер.

Ал көңілсіз өйткені, жылдар өтіп кеткені

Қимастықпен қоштасамыз біз енді.

1- жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
Екі мың жиырмасыншы түлектерді ортамызға

Салтанатты музыкаға балалар ортаға шығады

1-жүргізуші: Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа да жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл – ойларың

Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз

Бірге:
Құтты болсын тойларың.

2-жүргізуші: Қоштасу кешін бүгін біз бастаймыз,

Түлектерді ортамызға шақырамыз

Біріміз қуанып күлімдесек,

Біріміз көзімізге жас аламыз.

1-бала: Таныстыруға рұқсат етіңіздер, біздер әлемдегі ең жақсы балалармыз.

2-бала: Қалай?

3-бала: Өйткені біздер «Мирас» балабақшасының

Барлығы: «Түлектеріміз»!

4-бала: Біздің балабақшамыз ең жақсы екеніне сенімдіміз.

5-бала: Көңілді,

6-бала: Жайлы,

7-бала: Сүйікті,

8-бала: Жанымызға жақын

9-бала: Неге?

1- жүргізуші: Өйткені, біздің балабақшада төрт жыл бойы біздің сүйікті балалар тәрбиеленеді, ән айтады, би билейді және түрлі жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болады. Атап айтқанда-17 әдемі және керемет ұлдар. (Ұлдар артқа қарай бір қадам жасайды). 9 ең әдемі және көңілді қыздар. (Қыздар алға қадам жасайды және отырады)

2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты кешімізге,

Балаларымыз жиналды.

Мол қуанышпен, сәл көңілсіз

1 сыныпқа қадам басады.

1-бала:

Бізді дұрыс түсініңіздер,

Мазасызбыз біз бүгін.

Бақшамызда ойнап-күліп,

Достар болдық сонша жыл.

2-бала:

Заводтар тұрғыздық бірге,

Мұнара мен көпірлер.

Саз балшықпен, кірпіштерден,

Таңғажайып макеттер.

3-бала: Түскі асты ішіп бірге,

Демаламыз түсте біз.

Құстарға да жем береміз,

Суық қыста бәріміз.

4-бала: Жауап беріп сабақтарда,

Ертегілер тыңдаймыз.

Шулап, күліп, тыңдамаймыз

Апайларды кейде біз.

5-бала: Таяуда мектеп есіктерін,

Ашады бізге айқара.

Шақырып бізді сыныптарда,

Оқып, білім алуға.

"Сәлем мектеп" әні.

Балалар өз орындарына отырады.


1- жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгін балалар балабақшаның барлық қызметкерлеріне алғыс білдіргісі келеді.

2 жүргізуші: Кімнен бастаймыз? Кәне, өздерің табыңдар балалар!

1- жүргізуші:

Сурет салып, бояу танып

Білмейтін бала жоқ шығар,

Өйткені бізге қыр-сырларын

Үйретті жақсы ұстаздар.

Қылқаламды қолға алып,

Саламыз біз қағазға

Портрет пенен натюрмортты,

Пейзажды да сән қыла.

2 жүргізуші: Сурет салуды кім үйретті сендерге?

Балалар: Маргарита Аркадьевна!

Музыка ырғағымен педагог залға кіреді.

Педагог ИЗО:

Вас мы в школу провожаем

И от всей души желаем,

Чтоб на уроках отвечали

Без запинки, без труда,

Чтоб учитель даже ахнул

И сказал: «Вот это да!

А сегодня я хочу вам предложить поиграть в интересную игру «Художники».

Суретшілер" ойыны.

(3 немесе 4 жұп баланы таңдайды, балалар қатарға жұптасып, бірінен кейін бірі көрермендерге арқасымен тұрады. Бірінші бала мольбертке, артында тұрған баланың арқасына салған суретін салады).

1- жүргізуші: Маргарита Аркадьевна, жақсы тілегіңіз бен қызықты ойыныңыз үшін сізге алғыс айтамыз.

2 жүргізуші: Сендерді құттықтауға тағы кім келер екен? Мұқият тыңдаңыздар.

Денемізді шынықтырып, жаттығуда жасадық,

Күш-қуатты, рухымызды ойынменен арттырдық

Бірің спорт шебері болсаң, даңқың шығар әлемге,

Оны көріп газеттерден, қуанамыз әрине.

Ата-ана мен балалардан, алғыс айтамыз сіздерге!

1- жүргізуші: Кімге алғыс айтамыз?

Балалар:

Музыка әуенімен залға дене шынықтыру педагогы кіреді.

Дене шынықтыру педагогы:

Қуанышты күндеріңмен, құттықтаймын сендерді,

Бірінші сынып мектептегі күтеді енді бәріңді.

Ренішті артқа тастаймыз, жақсы оқуды бастаймыз

Жақсы оқиды дегенді, әрине біз растаймыз.

Ал, мен сендермен ойын ойнағым келеді (мысалы) « Құйрықтар»

2 жүргізуші:................................, біздің балалардың сізге айтары бар.

Бала:

Күштіміз біз, қараңдаршы,

Дені сауда, сергекпіз.

Жеңілмейміз ойындарда,

Жігерліміз, шапшаңбыз.

Спорт кезінде отырмаймыз,

Жаттығулар жасаймыз.

Біз білеміз апайлардың,

Еңбегі көп біз үшін.

Дене шынықтыру педагогы: Олай болса балалар, мен қазір сендермен, әдеттегідей сабақ соңында қоштасатындай, қоштасамын. (Ысқырыққа ысқырады, балалар спорттық әуен ырғағымен шеңбер бойымен жүріп педагогпен қоштасады.)

1- жүргізуші:

Бақшамызда дәрігер бар,

Керемет жан өзі де,

Кездесуге қорықпаймыз

Емдейді, анық сөйлеуді

Дыбыстарды айтуды біз,

Үйрендік айқын сөйлеуге

Логопед мамандары

Балалар: Көп рахмет сіздерге!

Музыка әуенімен, логопед-маманы залға кіреді

2 жүргізуші:

Балаларға керіспеуге,

Бақшамыздың ішінде.

Жамандықтан жиренуге,

Үйретті ол әрине.

Жаман қылық көрсетпеуге

Тәртіпті болып жүруді.

Бақылады бізді үнемі

Психолог- маманы!

Музыка әуенімен, психолог-маманы залға кіреді.

Педагог-Логопед:

Балаларды құттықтаймыз,

Мектепке енді баратын.

Жалығудан алыстайтын,

Кілең бестік алатын.

Педагог-Психолог:

Керіспеңдер, ұрыспаңдар,

Шуламаңдар, жүгіріп.

Бақшамызды ұмытпаңдар,

Оқуға көп мән беріп.

Бізде сендермен ойын ойнағымыз келеді.

Педагог-Логопед: Ал қазір біздер әріптермен ойнайтын боламыз, сендердің қанша әріп білетіндеріңізді тексереміз.

"Шеңберді әріпке айналдыр" ойыны (в, о ,р, ф, я, ъ, ь, ы)

( Таяқшалар немесе басқа элементтерді қосу арқылы , О әріпін басқа әріптерге айналдыру керек. Ойын үшін: 2 мольберт, ортасында шеңбердің суреті бар 2 парақ қағаз, маркерлер қажет)

1 - жүргізуші: Біздің балаларымызға ақ жол тілеп, қызықты ойындарыңызды ала келгендеріңізге рахмет. Ал біз мерекемізді жалғастырамыз, бізді алда қандай тосын сый күтіп тұр екен?

1 - жүргізуші:

Ойлау керек заманауи,

Тәрбиелеуге баланы.

Әдіскерлер білу керек

Барлық ғылым саланы.

Музыка әуенімен, әдіскер залға кіреді.......

2 - жүргізуші: Билеп, осы залда ән салғанын,

Музыканың пайдасы мұның бәрі.

Оркестр мен театрда ойнағанын,

Ұмытпайды әркез балаларың.

Музыка әуенімен, саз жетекшісі залға кіреді.......

Әдіскер: Құтты болсын, түлектерім,

Бүгінгі мерекелерің!

Күтеді алда сабақтармен,

Қоңыраудың сылдыры .

Жақсы оқып, бестік алып,

«Мирастыда» ұмытпайық.

Тілейміз біз шын жүректен,

Балабақша ұжымы.

Саз жетекшісі: Қымбатты менің балаларым!

Ешқашанда мұңаймаңдар,

Сеніңіздер әрқашанда ,

Күш, жігер мен өзіңе.

Қиын болса егер саған,

Жеңу жолын тез таба алар ,

Мықты оқушы болады деп

Сенім артам сендерге.

Әдіскер: Балалар байқаған шығарсыңдар, бүгінгі мерекемізде ойындар көп ойналды, өйткені біздер сендердің көңіл күйлеріңді көтеріп, бүгінгі мерекемізден керемет әсер алып, бұл күндеріңіз ұмытылмастай болсын дегеніміз.

Саз жетекшісі: Сол себепті сендерге музыкалық ойын ұсынамыз.

« Үйді кіріп қараймын» ойыны. Игра «Загляну я в этот дом».

1 - жүргізуші: Керемет ойын, рахмет балалар! Расында да бүгінгі көп ойындырымызды сендер ұмытпайды деп есептейміз.

2 - жүргізуші: Балалардың сүйіктісі,

Хореограф маманы.

Мың бұрала би билеуге,

Бар өнерін салады.

Үйреттіңіз вальста, танго

Полька биін әрине

Қимастықпен қоштасамыз

Гүлнәр апай сізбен де.

Музыка әуенімен, хореограф педагогы залға кіреді.......

Педагог Хореограф:

Сендер үшін біз ризамыз,

Мектептерің күтуде.

Шын жүректен біз тілейміз,

Ақ жол саған оқушы.

Ал, енді билеуге дайынсыңдар ма?

Балалар: Иә!

Флэшмоб.

1 - жүргізуші: Қазіргі заман талабы,

Көп тілді білу маңызды.

Көп тілді білгеннің,

Жақсы болар сабағы.

Мектепке енді барамыз,

Әр тілде сөйлей аламыз

Рахмет сізге ұстаздар,

Үйреткен бізге тілдерді.

Музыка әуенімен, ағылшын және орыс тілі педагогтары залға кіреді.......

Ағылшын тілі педагогы:

Your graduation is on the way,
You’ve grown up. Every day
Let happiness shine in your life,
Let your ambitions help to survive.

Орыс тілі педагог

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!