жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сценарий "Құтты болсын жаңа жыл!"
«Құтты болсын жаңа жыл!»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастырып, мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру.
Хормен ән айту шеберліктерін арттыру, сахна мәдениетін дамыту.
Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: топтың іші мерекеге сай безендірілген.
Кейіпкерлер: Аяз ата-Құнайып
Ақшақар-Инкар
Балалардың кіруі:
Балалар әуенмен, жаңа жылдық киімдерімен қолдарына жылтыр ұстап топқа кіреді. Орындықтарының қасына барып орындарында билейді.
Жүргізуші:
Балалар,
мереке қонақтары қош келіпсіздер.
Барлығыңызды Жаңа жыл мерекесімен
құттықтаймын. Жаңа жыл тек табыс береке,
бірлік әкелсін.
Әрбір
адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен
қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің
үміттеріңіз ақталып әрбір отбасында
арман - тілектеріңіз орындалсын.
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды, -дей отырып, жаңа жылға арналған «Қош келдің жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: балаларымыздың жаңа жылдық өлең жолдарын тыңдаңыздар. Ортаға Айназ, Кәусар, Нұрислам, Ислам, Дина келе қойыңдар.
Айназ:
Жаңа жылым
мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле
Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
Кәусар:
Тілеймін
мен бар әлемге
Дос көп
болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке -
шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
Нұрислам:
Жаңа
жыл, жаңа жыл
Сені
күттім елеңдеп
Ислам:
Оралдың
өлкеме,
Жаңа
жыл армысың.
Оранды
ақ көрпеге,
Асқартау,
қарлы шың.
Дина:
Әкелсін жыл ырыс-құт
Әлемде болсын тыныштық
Жаңа жылым тамаша
Ән салайық жаңаша!
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, олай болса мерекемізді сүйкімді қыздарымыз бен сымбатты ұлдарымыздың орындауындағы «Кадриль» биімен жалғастырайық. Ортаға : Кәусар, Жібек, Айназ, Айлин, Бекнұр, Нұрислам, Асылхан, Айқын.
Би: «Кадриль»
1.Ұлдар артқы жақта бір қатарда тұрады.
2.Қыздар скамейкада қолдарын беттеріне қойып, аяқтарын айқастырып отырады.
3.Ұлдар қыздарға келіп, қолдарын алып, жұп болып шеңбермен жүреді.
4.Шеңберде тұрып, қыздар ортада, қолдарын беттеріне қойып айналады, ал ұлдар қолдары артта ырғалып тұрады.
5.Ұлдар отырады, қыздар ұлдарды айналады.
6.Қолдарынан ұстап, екі жаққа секіреді.
7.Шеңбермен қол ұстасып жүреді.
8.Шеңберде тұрып, қол айналады.
9.Шеңбермен жүріп алдыға келіп тұрады.
10.Қыздар алдыда, орындарында айналады. Ұлар қолдары белде аяқтарын кезек-кезек қояды.
11.Екі адымнан екі жаққа жүріп, қол шапалақтайды.
12.Бастарын иеді.
Жүргізуші: Жақсы балалар, қараңдаршы балалар біздің ортамызда тұрған шырамыз мереке болсада шамдары жанбай тұр екен. Қанеки шыршамызға арнап өлең жолдарын айтып көрейікші. Сендер тақпақ айтсаңдар, шамдары жанатын шығар. Олай болса ортаға Жібек, Бекнұр, Айзара, Диляра, Ақжан, Ануар шыға қойыңдар.
Жібек:
Әдемілеп
біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай
әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз
Бекнұр:
Қалып
едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын
қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Айзара:
Басталарда
жаңа әлем,
Құйылады жаңа нұр.
Жүрекке
арман бөлеген,
Қош келіпсіз, жаңа
жыл!
Диляра:
Жапалақтап
ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға
шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Ақжан:
Ақ
қар жапты даланы
Ақ жамылды
айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша
келді ортаға
Ануар:
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар, шыршамыздың шамдары жанды ма балалар?
Балалар: Жоооқ.
Жүргізуші: Әдемі тақпақ айтсақта жанбады иа. Онда балалар, шыршаға әдемі әнімізді айтып берейік.
Ән: Шырша.
1.Тауда туып , тауда өскен
Шырша келді ортаға.
Бәріміз бір дауыспен
Дейміз енді шыршаға
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат
2.Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық бармашыз.
Жүргізуші: міне балалар шыршамыздың шамдары жарқырап жанды.
Жүргізуші: Балалар, біз әдемі киініп, тақпақтарымызды, әндерімізді айтып, би билеп жатырмыз. Шыршамыз да жанып тұр. Жаңа жыл метекемізгі кім жетіспей тұр балалар?
Балалар: Аяз ата мен Ақшақар.
Жүргізуші: олай болса балалар, даусымызды қатты шығарып, Аяз ата Ақшақар деп 3 рет шақырып көрейік.
Балалар: Аяз ата, Ақшақар.
Топқа Аяз ата мен Ақшақар кіреді.
Аяз ата- Армысыңдар,қарақтарым,
Армысыңдар, құлындарым!?
Жаңа жылды алып келдім,
Ақ шырақты жағып келдім!
Сендерге мына балаларым,
Тәтті сыйлық алып келдім!
Ақшақар: сәлеметсіңдер ме балалар! Сендерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Жүргізуші: -Аяз ата біздің балапандардың сіздеге арналған тақпақтары бар . Ортаға: Ерхан, Іңкәр, Нұрғиса, Айару, Нұртөре келе қойыңдар!
Ерхан:
Аяз
ата аппақ
Кәмпиттері
тәтті - ақ
Іңкәр:
Сақалы
аппақ күмістей,
Тістері
аппақ күріштей.
Қызыл
ала шапаны
Сағындым
аяз атаны.
Нұрғиса:
Аппақ
тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді
алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Айару:
Тақпақтарды жаттадық.
Би биледік көрсін деп.
Аяз ата қуанып,
Бізге риза болсын деп.
Нұртөре:
Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдық
Бір жасқа енді
Аяз ата: Ой бәрекелді, балалар. Тақпақты жақсы айтады екенсіңдер.
Ақшақар: - Өте тамаша, балалар өнерлерін өрге жүзсің. Менің де, сендерге арналған өнерім бар.
Менің әсем ұлпаларым,
Маған ұшып келеді
Таң қалдырып өнеріне
Бәрі билеп береді.
Ақшақар: Мына жерде менің кішкентай сіңлілерім отыр екен. Солармен бір би билеп берейін.
Би: «Ақшақарлар биі»
Ортаға: Іңкәр, Айнара, Айару, Диляра, Айзара, Ақжан, З.Дина.
Жүргізуші: - Өте тамаша! Биіңіз тамаша екен! Жарайсыңдар балалар, енді бойымыз сергіп көңіліміз одан сайын көтеріңкі болу үшін сендермен бір ойын ойнап алайық.
Ойын: «Қар жинату»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Ойын шарты: жерде шашылып жатқан қарларды күрекпен себетке салу
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалардың сізге әемі ән бар. Тыңдап көріңіз.
Ән: «Аяз ата»
1.Борандатып, аққарлатып
Аяз ата келеді
Ақ көңілмен пәк көңілмен
Бізге сәлем береді.
Аяз ата, аяз ата
Сені күтіп жүрміз біз
Томпаң қағып, арқаланып
Келеріңе сендік біз.
2.Сақалы ақ, мұрны қызыл
Жылы екен жүзі де
Кірпігі ақ, ерні қызыл
Мейрімді екен көзі де.
Аяз ата: Ой бәрекелі балалар! Сендер өзі барлықтарың өнерлі екенсіңдер! Менің көңілімі абден көтердіңдер.
Жүргізуші: Мерекемізді ары қарай бүлдіршіндеріміздің өлең жолдарымен жалғастырсақ. Ортаға:Айлин, Нұрай, Асылхан, Айнара, Айқын, Нұрасыл келе қойыңдар.
Айлин:
Жаңа жылда жол болсын!
Әрбір үйде той болсын!
Берекелі жыл болсын!
Ақ дастарқан мол болсын!
Нұрай:
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз
Асылхан :
Безендіріп
шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад
басталды,
Аяз оны басқарды.
Айнара:
Той,
мереке, салтанат
Думандатты
шартарап
Келді,
міне жаңа жыл
Тартуларын
арқалап.
Айқын:
Ақ
құрауға малынған
Сақалы
да, мұрты да
Аяз
ата сағынған
Сәлем
берді жұртына
Нұрасыл:
Жаңа жылдың түнінде
Бақыт ашсын қақпасын!
Жүргізуші:Жақсы балалар, енді ертеңгілігімізді әдеми бір бимен жалғастырсқ.
Би: «Гномдар»
Жүргізуші: жарайсыңдар балалар!
Аяз ата:
Қарақтарым,шырақтарым
Мен сендердің өнерлеріңді тамашаладым,әндеріңді тыңдадым, тамаша билеріңді де көрдім, ойынды да жақсы ойнадыңдар ал, енді мені басқа балабақшаның балалары да асыға күтуде. Міне, сендерге деп арнайы дайындаған сыйлығым бар. Сыйлықтарыңды тәрбиеші апайларыңа беремін. Апайларың сендерге таратып береді. Келесі жаңа жылға дейін аман-есен болыңдар! Сау болыңдар !
Ақшақар: ал балалар менде өзеріңе риза болдым. Аяз атамен бірге менде қайтайын. сау болыңдар!
Балалар: сау болыңыздар!
Жүргізуші:
Жаңа
жыл бірлік берсін елімізге
Береке
ырыс келсін жерімізге
Қыспақты
пейіліміз жеңіп шығып
Қуаныш
шашу шашсын төрімізге
Жүргізуші:
Жаңа жылда құт береке көбейіп,
Барлық әлем шуақтанып шаттансын.
Сәбилердің жүздерінен күлкі кетпей,
Қуаныш пен жақсылыққа кенелсін, -дей отырып бүгінгі «Құтты болсын жаңа жыл атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз! Сөз кезегі «Еңлік» балабақшасының меңгерушісі Досбаева Айнур Мұратқызына беріледі.
Қорытынды нәтиже тәрбиеші:
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Тексерушінің ұсыныстары:
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Тексерген:
Бекітемін
Зайсан қала әкімі аппаратының
«Зайсан қаласындағы «Еңлік»
бөбекжай-бақшасы КМҚК
меңгерушісі А.М.Досбаева
«ҚҰТТЫ БОЛСЫН ЖАҢА ЖЫЛ!»
Орындаған:Байжукенова Қ.Б.
Чакенова М
Тексерген:Боржикова Л.Ж.
Ән Жетекшісі: Бекшойнова А.
Зайсан қаласы
2019-2020 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген