400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

сценарий Қызым-үйде,қылығы түзде

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ҚЫЗЫМ–ҮЙДЕ, ҚЫЛЫҒЫ–ТҮЗДЕ»…


Мақсаты:

Жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау.

Міндеттері:

  • ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата-бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру;

  • жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән-мағынасын ашып көрсету.

Көрнекіліктер мен құрал жабдықтар: Интербелсенді тақта, презентация,

бейнематериал, тақырыптық безендірулер.

Жүру барысы:

Кіріспе.Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар, мұғалімдер бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Қызым үйде,қылығы түзде. Тәрбие сағатымызды бастаймыз.

1-жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Жасөспірімдік шақ – бұл бала өміріндегі физиологиялық және психологиялық өзгерістердің  өте жылдам өтетін, әрі оның өмірдегі өз орнын анықтайтын, бағыт-бағдар алатын ең күрделі кезең екені анық. Демек, осы кезде бала дамудың бірнеше жолдарының біріне аяқ басады.  Бұл кезде өмір көз алдында өзгеріп салады.

2-жүргізуші: Алғашқы махаббат, бірінші кездесу, алғашқы сүйіспеншілік – мұның барлығы жасөспірімдердің аңдамай аяқ басуына, күрделі қиындықтарға әкеп соғуы мүмкін. Солардың бірі – ерте жүктілік. Бүгін де осы тақырып аясында әңгіме өрбітетін боламыз.


1-жүргізуші: Ән орындалады: Қазақ қызы. Орындайтын 7ә,7в сынып оқушылары Әбіл Ұлбала,Пердеева Балжан


1-жүргізуші: "Оң мен солын енді тани бастаған жас қыздардың өзі үшін жауап беруін қалай талап етуге болады, ол мүмкін емес. Оқушы қыз жүкті болып қалып, жыныстық қатынасқа өз еркіммен келістім десе, ол "өзі келіскен" деген сөз емес. Тіпті, келіскен күннің өзінде дәлелдеп көріңіз. Ол зорланған, жүкті болып қалса, демек ұзақ уақыттан бері қорланып, біреулер қорқытып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген болуы мүмкін. Ерте жүктілік болды деген сөз - зорлық жасалды деген сөз", 

2-жүргізуші: Алдымен Ерте жүктілік деген не? соған тоқталып өтсек.

Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады.

Әңгімемізді бастамас бұрын бейнематериалға зер салайық!

1-жүргізуші: Бейнематериал «Жеткіншектер жүктілігі»


2-жүргізуші: Ресми статистикаға жүгіне кетсек, Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы ақпараты бойынша елімізде жылына шамамен он үш мыңға жуық кәмелеттік жасқа толмаған қыз балалар жүкті болады, соның ішінде қырық пайызы ана атанса, қалғаны  жасанды түсік тастату әрекетіне баратыны мәлім екен.

 

1-жүргізушілер.Тақырыпқа байланысты қыздарымыздың дайындап келген мақал-мәтелдеріне кезекті берейік. Мақал-мәтелдер кезеңі.

2-жүргізуші.Келесі кезекті қыздарымыздың даярлаған баяндамаға берейік.Тыңдап үлгі алайық.

 Қорытынды

Жалпы, қазақта «қызды қырық үйден тыю» дегенсөз бекер айтылмаған. Біздің ата-бабамыз келешек ұрпағының тазалығын қыздың тәрбиесінен бастаған. Осындай дәстүрдің бәрін жоққа шығарып, демократияны желеуетіп, өркениеттілік осы екен деп, бетімен кету – ол біздің ата дәстүрімізге,жалпы ұрпағымызды тәрбиелеп-өсіруге кері әсерін тигізеді.              «Қызға өсиет» көркем сөз.


«Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы»

























«Бекітемін»

Мектеп директоры: Байбеков Н



«Достық жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Тәрбие сағат















Сынып жетекшілер: Оспанова Жансая

Тақырыбы: «Қызым-үйде,қылығы-түзде»

Сыныбы: 7 Ә

Күні:07.12.2018

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
2151
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі