400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сценарий "Сап түзе,Тәуелсіздік ұландары!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас жеткіншектердің патриоттық сезімін арттыру, өз елін,жерін сүюге, қадірлеуге, құметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Жас жеткіншектердің патриоттық сезімін арттыру, өз

елін,жерін сүюге, қадірлеуге, құметтеуге тәрбиелеу.

Өтетін орны: мектептің «Даңқ» залы

Өтетін уақыты: 15-желтоқсан 2017 жыл

Барысы:

1-жүргізуші:

  • Қайырлы күн, жиынға қатысушылар! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған және Республикалық бірыңғай

« Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші:

  • Мектеп! Түзел! Тік тұр!

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!

(Әнұран ойналып тұрады. Ту енгізіледі)

2-жүргізуші:

  • Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім , білім, өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның

бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру

мақсатында Елбасының тікелей бастамасынмен 2011 жылдың

6-шілдесінде Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымы құрылды.

1-жүргізуші:

Ұйымының негізгі мақсаты: оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Ал міндеттері : әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептің

тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.

Бүгін осындай мақсат мүддені көздейтін ұйымның қатарына

мектебіміздің 2 және 5 сынып оқушылары қабылданбақшы.

2-жүргізуші:

Құрметті оқушылар! Республикалық бірыңғай « Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымы Қоғамдық бірлестігінің Туы астында түзел! Тік тұр!

1-жүргізуші:

Құрметті жиынға қатысушылар, ұйымның кіші «Жас қыран» тобына қабылданатын 2-сынып оқушыларының ант тапсыру рәсімін бастаймыз!

( ортаға 2-сынып оқушылары ант тапсыруға шығады)

2-жүргізуші:

«Жас қырандықтарға» төсбелгілер тағу құрметін ауылымыздың әкімі Бауыржан Серікбайұлына, мектеп директоры Асемгүл Камеловнаға және мектебіміздің 11-сынып оқушыларына береміз!

1-жүргізуші:

Кеклесі кезекте «Жас ұлан» тобына қабылданатын 5-сынып оқушыларының ант қабылдау рәсімі.

( 5-сынып оқушылары ант қабылдайды)

А Н Т:

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
-Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
-Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
-Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
-Ата-анамды қадірлеуге;
-Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
-Білімге табандылықпен ұмтылуға;
-Салауатты өмір салтын ұстануға;
-Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

1- жүргізуші:
Құрметті қонақтар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
(галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізуші оқушылар туралы айтып тұрады)

2- жүргізуші:

Құттықтау сөзді ауыл әкімі Бауыржан Серікбайұлы мен мектеп директоры Асемгүл Камеловнаға береміз.

1-жүргізуші:

- Құрметті оқушылар! «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз. Егеменді еліміздің лайықты азаматтары болуларыңызға тілектеспіз!


2-жүргізуші:

  • Осымен Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау жиынымыздың салтанатты бөлімі аяқталды.

1-жүргізуші: Мектеп! Түзел! Тік тұр!

  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы және Республикалық бірыңғай « Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Қоғамдық бірлестігінің Туы шығарылсын!


(Мерекелік шараның екінші бөлімінде «Әнім сенсің,жырым сенсің,Туған ел!» атты мерекелік концерт)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
998
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі