Материалдар / Сценарий соңғы қоңырау

Сценарий соңғы қоңырау

Материал туралы қысқаша түсінік
сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1550
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін

« Теміртау қаласының №29 ЖББОМ» КММ

директоры Бисолтан Т.

________________________________________

«_____»__________2017ж.




«Теміртау қаласының №29 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.






«Сыңғырла, соңғы қоңырау»

салтанатты жиынының сценарийі

2016-2017 оқу жылы.



















Орындаған: ДТІЖО Володьяа А

Тел: 94-03-26



«Теміртау қаласының №29 ЖББОМ» КММ

«Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиынының барысы.

Орындаған: ДТІЖО Володьяа А

Өтетін күні: 25 мамыр 2017 жыл

Өтетін уақыты: сағат 10.00

Өтетін орны: «№29 ЖББОМ» КММ мектеп алаңы

Аудитория: 0-11 сыныптар, ұстаздар, мектеп қызметкерлері, ата-аналар,

қонақтар.

Мақсаты: Соңғы қоңырау салтанатына дайындау. Оқушылардың мектеп абыройын көтеру және мектепішілік ауқымды мәдени іс-шаралар сапасын арттыру; Елін, жерін сүйетін нағыз патриотты тәрбиелеу; мектептің дәстүрін сақтау және насихаттау.

Мектеп алаңының безендірілуі

Мектеп қабырғасында «Сыңғырла, соңғы қоңырау» баннерілер және де шарлармен, гүлдермен безендірілген.

Сапқа тұрғызу

«Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиынына қатысты әуен ойналып тұрады. 0-11 сынып оқушылары, ата-аналары, ұстаздар, қонақтар өз орындарына жайғастырылады.

10.00-10.02

Жүргізушілердің салтанатты жиынды ашуы

Фанфарлар. Жүргізушілер ( Мустахып Айнур мен Мейрамбек Айжан.)

10.02-10.06

Түлектерді ортаға шақыру


Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады. Оқушыларды жетістіктерімен атап, ортаға шақырылады.

10.06-10.07

Қазақстан Республикасының Туын енгізу.

Қазақстан Республикасының Туын енгізілсін. /Туды Аманжолұлы Ақжол, Аманкелдіқызы Мәншүк, Хайролұлы Наурызбай алып шығады. /

10.07-10.10

ҚР әнұраны

Оқушылар, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар ҚР әнұранын орындайды.

10.10.-10.12

ЭКСПО-2017 көрмесі туралы мәліметі

Жүргізушілер:

Бүгінгі біздің салтанатты жиынымыздың

ЭКСПО - 2017 «Болашақ энергиясы» атты халықаралық көрмесіне арналады. Биылғы Астана қаласында

ЭКСПО -2017 көрмесі 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін «Болашақ энергиясы» атты ұранмен өтеді. Бұл өте ауқымды жоба. ЭКСПО -2017 біздің еліміздің тарихындағы ғажайып іс-шара. Халықаралық көрме индустрияландыру, техникалық және технологиялық жетістіктерді көрсету, жаңа идеялармен әлемдік экономикаға Қазақстаннның интеграциялануына ықпал ететін болады.100-ден астам елдер өздерінің жетістіктерін көрсетіп, әртүрлі елдің адамдары ЭКСПО- 2017 көрмесі бойынша өз пікірін білдіре алады. Астана қаласына осы көрмеге байланысты әлемнің барлық жерлерінен миллионнан астам қонақтар келетіні мәлім.

«Мен барлық қазақстандықтар халықаралық көрмеге өз үлестерін қосып, белсене қатысады деген ойдамын»,-деген болатын Н.Ә. Назарбаев.



10.12-10.15

Мектеп директорына сөз кезегі


Мектеп директоры Бисолтан Талғатбек мырзаға оқу жылының аяқталуына орай құттықтау сөзі беріледі.

10.15-10.18

9 «а» сынып оқушыларының орындауы

Ән: «Мектебім» орындайтындар Республикалық, қалалық сайыстың жеңімпаздары 9 «А» сынып оқушылары Баяр Тасқынбек пен Азез Елікжан

10.18-10.20

Қонақтарға сөз кезегі

Білім бөлімінен келген қоңаққа және Ақтау кенті әкімінің аппарытының басшыларына

10.20-10.22

4 «а», 4 «ә» сынып оқушылары

«Шұғыла» би тобының орындауы

Құрметті қонақтарымыздың құрметіне «Шұғыла» би тобы. «Қазақ» биі биленеді. 4 сынып оқушыларынан

6- оқушысы қатысады.

10.22-10.30

Марапаттау рәсімі

Жүргізушілер: Біз жасампаз халықтың ұрпағымыз. Сондай-ақ биылғы оқу жылында шәкірттеріміз жетістіктерімізбен қатар Республикалық, қалалық олимпиадалар, жобалардың және әр-түрлі сайыстардың жеңімпаздары мен үздік оқушыларымызды марапаттау рәсімін мектебіміздің директоры Бисолтан Талғатбек мырза мен оқу ісінің орынбасарлары Калемхан Еркежан және Айнакулова Гүлнәз Молдатаевнаға сөз беріледі.

10.30-10.32

Жүргізушілер

Жүргізушілер: Салтанатты жиынымызды жалғастыратын 11 -сынып түлектеріне сөз тізгінін береміз.

II бөлім Жүргізушілер: мектеп түлектері Хазез Гүлнұр мен Ерсайнов Еркебұланға беріледі.

10.32-10.10.34

11 «а» сыныбының орындауында

Хор: «Ұстазым» орындайтын мектеп бітіруші түлектер

10.34-10.36

1 «а», «ә» сынып оқушыларының орындауында

Жүргізушілер музыка әуенімен 1 «а», 1 «ә» сынып оқушыларын сахнаға шақырады. 10 оқушы өлең оқиды.

10.36-10.44

11 «а» сыныбының орындауында

Жүргізушілер музыка әуенімен түлектеріміздің жүрек жарды жыр шумақтарын оқуы үшін ортаға шақырады.

«Көк тудың желбірегені» атты ән орындайды.

Аманат тапсыру үшін мектеп бітіруші түлектерге сөз беріледі.


10.44-10.48

Алғашқы ұстаздарының құттықтау сөзі

Түлектердің алғашқы ұстаздары –

Айнакулова Г.М., Шайзада А., Сынал Ю апайларды ортаға шақырылады.. Сөз кезегі Айнакулова Гүлнәз Молдатаевнаға беріледі.

Алғашқы ұстаздарының құрметіне 11 «а» сынып түлектері Хазез Гүлнұр мен Мэргенбай Айдананын орындауында «Ұстазым» әні

10.48-10.50

Түлектеріміздің ата-аналарының құттықтау сөзі

Жүргізушілер құттықтау сөз беру үшін түлектеріміздің ата-аналары ақсақал Халым атаға және ата-аналар комитетінің төрайымы Бригад Лизаны шақырады.

10.50-10.52

Сынып жетекшісіне құттықтау сөзі

Жүргізушілер құттықтау сөз беру үшін түлектеріміздің сынып жетекшісі Махмет Жайнагүл Махметқызын шақырады.

10.52-10.55

Түлектердің вальсі

Жүргізушілер 11 -сынып оқушыларын соңғы вальс биін билеу үшін ортаға шақырады. Би: «Түлектеріміздің вальсі»

10.55-10.58

Соңғы қоңырау соғу рәсімі


Жүргізушілер 1 сыныптың үздік оқушысы және 11 -сынып оқушысын соңғы қоңырау соғу рәсіміне шақырады. 11- сынып оқушысы 1 -сынып оқушысын иығына отырғызып, 1- сынып оқушысы қоңырауды соғады. Барлық көрермендер қол шапалақтайды.

10.58-10.59

Қазақстан Республикасының

Туының шығарылуы.

Қазақстан Республикасының Туының шығарылуы. /Туды Аманжолұлы Ақжол, Аманкелдіқызы Мәншүк, Хайролұлы Наурызбай алып шығарылады. /

10.59-11.00

Қорытынды сөзі.

Жүргізушілер Ұлттық бірыңғай тестті табысты тапсыруларыңызға,жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт- сапар тілейді. Жазғы демалыстарын жақсы өткізуіне тілектес екенін білдіреді.

«Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиынын жабық деп жариялайды.

11.00-11.05

Естелікке суретке түсу

Әр сынып оқушылары ұстаздарымен және ата –аналарымен естелікке суретке түседі.

























«Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі.

Өтетін күні: 25 мамыр 2017 жыл

Өтетін уақыты: сағат 10.00

Өтетін орны: мектеп алаңы


Мектеп алаңы мерекелік көрнекіліктермен безендірілген.

«Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиынына қатысты әуен ойналып тұрады.

I бөлім

1- жүргізуші: -Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салатанатты жиынға жиналған қауым.


2- жүргізуші: Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер! Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып,

салатын – соңғы қоңырау салтанаты!


1- жүргізуші:

Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,

Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.


2-жүргізуші: -Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар!

(музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады.)

-Қарсы алыңыздар, 11 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Махмет Жайнагүл апаймен бірге . Сыныпта 28 оқушы. (оқушыларды жетістіктерімен атап, ортаға шақырылады)

1-жүргізуші:

Сап түзелсін, салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Туы енгізілсін.
(Туды Аманжолұлы Ақжол, Аманкелдіқызы Мәншүк, Хайролұлы Наурызбай алып шығады /
2- жүргізуші:

Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
/ Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады /


1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар!
«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Бүгінгі біздің салтанатты жиынымыздың

ЭКСПО - 2017 «Болашақ энергиясы» атты халықаралық көрмесіне арналады. Биылғы Астана қаласында ЭКСПО -2017 көрмесі 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін «Болашақ энергиясы» атты ұранмен өтеді. Бұл өте ауқымды жоба. ЭКСПО -2017 біздің еліміздің тарихындағы ғажайып іс-шара. Халықаралық көрме индустрияландыру, техникалық және технологиялық жетістіктерді көрсету, жаңа идеялармен әлемдік экономикаға Қазақстаннның интеграциялануына ықпал ететін болады.100-ден астам елдер өздерінің жетістіктерін көрсетіп, әртүрлі елдің адамдары ЭКСПО- 2017 көрмесі бойынша өз пікірін білдіре алады. Астана қаласына осы көрмеге байланысты әлемнің барлық жерлерінен миллионнан астам қонақтар келетіні мәлім.

«Мен барлық қазақстандықтар халықаралық көрмеге өз үлестерін қосып, белсене қатысады деген ойдамын»,-деген болатын Н.Ә. Назарбаев.


Балдәурен балалық шақ пен қоштасып, болашаққа қанат қағатын бұл жыл - сіздер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас жыл ретінде естеріңізде мәңгілік қалары сөзсіз. Бұл жыл сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның тарихынан ойып алар өзіндік орны бар жыл. Биыл республика, облыс, аудан көлемінде қоғамдық маңызы бар бірқатар мерейтойлар аталып өтілуде. Атап айтар болсақ, Бұл жыл –-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл

-«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауын атап өтпеске болмас.

- Ұлы Жеңіске 72-жыл
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 25 жыл



2- жүргізуші: -Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтарымызбен таныстырып өтсек:

1.--------------------------------------------------------------------------------------------------

2.--------------------------------------------------------------------------------------------------

3--------------------------------------------------------------------------------------------------

4.--------------------------------------------------------------------------------------------------




1-жүргізуші:

Білімді шәкірттерін аялаған

Жақсылығын ешкімнен аямаған,

Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың

«Ұстаз» деген аяулы , ардақты адам.

Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол –болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді қамқорлығым деп түсінген мектебіміздің директоры Бисолтан Талғатбек мырзаға құттықтау сөз кезегін береміз.

2- жүргізуші: Әсем әнге кезек берсек. Ән ______________________________________________________қошеметпен қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:

Тек жүректен арналар сөзіміз де,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

Сөз кезегі құрметті қонағымыз___________________________________

беріледі.

Қонақтарымыздың құрметіне бітіруші түлектеріміз «Шұғыла» би тобын қарсы алыңыздар . Қазақ биі

2- жүргізуші:

Біз жасампаз халықтың ұрпағымыз. Сондай-ақ биылғы оқу жылында шәкірттеріміз жетістіктерімізбен қатар Республикалық, қалалық олимпиадалар, жобалардың және әр-түрлі сайыстардың жеңімпаздары мен үздік оқушыларымызды марапаттау рәсімін мектебіміздің директоры Бисолтан Талғатбек мырза мен оқу ісінің орынбасарлары Калемхан Еркежан және Айнакулова Гүлнәз Молдатаевнаға сөз беріледі.

1-жүргізуші:

11 жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Оқушылардың сарасы

Өнерлінің дарасы

Салтанатты жиынымызды жалғастыратын 11 -сынып түлектеріне сөз тізгінін береміз.










II бөлім

1- жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.

2- жүргізуші:

Құрметтейді ұстазды барша халық,

Түлектері көбейсе еңбек жанып.

Шын бақытты адам мақтан тұтар,

Мәртебесі биіктер бағы жанып

Хор « Мектебім» орындайтын мектеп бітіруші түлектер


1- жүргізуші:

Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды
/ 1 сыныптың құттықтаулары /


2-жүргізуші:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ