Материалдар / Сценарий "Тәңірдің сыйы - Тәуелсіздік"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сценарий "Тәңірдің сыйы - Тәуелсіздік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәлімгерлер, сынып жетекшілерге қажет. Материал тәуелсіздік күніне арналған.Тәуелсіздік күніне арналған шағын сценарий. Мерекелік шараларға арналған. 1-11 сыныптар аралығында шараға қатысады. Өз ыңғайларыңызға қарай өзгертіп алуға да болады. Мен өзім тәрбие сағатына қолдандым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2018
1863
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіздік күніне арналған сценарий

«Тәңірдің тәтті сыйы - Тәуелсіздік»









Патриоттық әуендер:Зал мерекеге сай безендірілген, патроттық тақырыпқа арналған баннер, осы тақырыпқа слайд көрсетіледі:Оркестр Фанфар

I-жүр-II-жүр-

I-жүр: Армысыздар ардақты ұстаздар, оқушылар және қадірменді ата-аналар, Құрметті қонақтар!II-жүр: Сіздерді ғасырлар бойғы халқымыздың асыл мұраты- азаматтығымызды әперген айтулы мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен. Бірге: Құттықтаймыз!

Гимн ойнатылады

I-жүр: Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 31 жыл толып отыр.«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

II-жүр: Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жанжарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?

Интерактивті тақтада: М. Шаханов (4 мин)

Музыка

Қайрат Рысқұлбеков туралы көрінісТемір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр. Өлеңін оқиды.Қайрат: Қайнама қазақ қамы үшін,Қарусыз шықтық алаңға.Алыстан әскер алдырыпҚырып салды-ау табанда.

Сөйлесем даусым жетпейді,Кез болдық мынау заманға.Шовинизм еді ғой,Басты себеп жанжкалға.

Осы кезде екі жендет Қайратты сот залына әкеледі.Хатшы: Сот келді, орындарыңыздан тұрыңыздар!Хатшы: Отырыңыздар!Сот үкімді оқиды.Сот: Алдындағы сот нәтижесі бойынша:Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырыныа дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың негізінде Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес соталқасы Үкім етілді.Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып мынандай қылмыстық жазаға тартылсын.Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығының, 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 171-1 бабы бойынша ең жоғарғы өлім жазасына, атуға кесілсін.Апасы:- Жоқ, бұл үкім дұрыс емес. Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.Хатшы:- Тынышталыңыздар. Орындарыңызға отырыңыздар.Сот: Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзің бар ма?Қайрат: Бар.«Ақтық сөз» өлеңін оқиды.Қайрат:«Ақтық сөзің не?»-дегенБүгін қойды сот сұрақ.Айтамын оны халқыма,Жоқ пиғыл менде жасымақ.Күнәдан таза басым бар,Жиырма бесте басым бар.Қасқалдақтай қаным барБозторғайдай жаным бар!Алам десең алыңдар!Қайрат деген атым барҚазақ деген затым бар,Еркек тоқты құрбандықАтам десең атыңдар!!! (2 солдат Қайратты сүйреп алып кетеді)



Хош аман бол артымда,Ағайын, туған-азаматАртымда қалған ата-анам,Ел-жұртым саған аманат!

Сот: Бүгінгі сот жабық.

Екі жендет Қайркатты залдан жетеледі. Осы кезде апасы баласының соңынан жүреді. «Қайрат» анама өлеңінен оқиды.

Анасы жылап баласынан артынан жүгіреді. Қайрат: Мейірімді ақ жүзіне анамның,Көңіл жүдеп, көз жасаурап қараймын.Кешір ана, кешірімшіл едің ғой,Кемістігі көп-ау мына балаңның.Кейін білдім, кеш ұғындым, өкінем,Өкінем де, басымды иіп өтінем.Кешір, ана, кешірімшіл едің ғой.Қолыңнан тым ерте ұзап кетіп ем!!!

I-жүр: Алаңға шығып, өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды.Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Қайрат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді



II-жүрлматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21-ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.

Әбиірбек Тінәлиев «Желтоқсан желі» (кинофильм)

  • Жүргізуші: 1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» жарлығына байланысты Қазақ КСР-нің 65 бабымен Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Түгелбай Тәшенұлы, Қайыргелді Күзембайұлы, Жамбыл Тайжанұлы ақталды.


Жүргізуші: Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.

Ән: Көк тудың желбірегені

Оқушы:Ертеңіңебұрғаныңда бетіңді,Ұлы ерлікке буғанбелің бекінді.Тәуелсіздік хабаршысы – Желтоқсан,Тарихыңның жаңа беті секілді.Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны, Бейуақытта бойға таққан тұмары.Тәуелсіздікүнектерде тұншығып,Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.Таңғажайып атың да дәл табылды,Табылды да , талай жұртқа танылды.Қазақ елі көкке жетті көк туың,Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.Оқушы:Қазақстан дейтін менің бар елім,Жатыр алып жарты дүние әлемін!Бұл даланы
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!