-Қош келдіңіздер! Аяулы
әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші
наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.Бүгінгі №2
«Құлыншақ» ортаңғы тобының «8-наурыз – аналар
күні» атты ертеңгілікке қош
келдіңіздер.Олай болса бүлдіршіндерімізді қошметпен ортаға
шақырайық!
(Музыка ырғағымен балалар кезекпен залға билеп кіреді орындарына отырады)
-Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке?
-Жарайсыңдар, ал мен сендерге жұмбақ жасырамын, жауабын табасыңдар ма?
-Ақ қар еріп
Су көбейіп!
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
Балалары айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\
(Көктем келеді)
-Көктем ,қош келдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашала !
-Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.-дей отыра аналарына арналған тақпақтары қабыл алыныздар!
Әбунаср, Инжу,Қарақат, Көркем, Әбілмансұр,Ырысбек
Әбунасыр: Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
Інжу: Бөбегіңнің сыйлығын
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүз жасап,
Ауырмашы анашым.
Қарақат: Өмір сыйлаған анашым,
Өзіне мен ризамын.
Аяулы менің анашым
Қайда жүрсем де сағынамын.
Аялаған алақаның,
Мандайымнан сипағаның
Мен бақытты баламын.
Өскен соң, бағамын,
Алғысыңды аламын!
Көркем: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Әжем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйықтап қаламын.
Әбілмансұр: Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам
Қасымда жүрсең биікпін
Алыстасаң сағынам
Асылжан: Түн ұйқысын төрт бөліп
Әлпештеген анашым
Ырысбек: Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл - қызың.
-Бүлдіршіндеріміздің әжелеріне арналған «Ақ әжем» хор әнін қабыл алыңыздар!
-Жарайсыңдар, балалар!
Мерекеге арналады бүгін билер ,
Көтерілсін канекей,көңіл күйлер
Алдарыңызға қазір қыздар биі
Қол соғып демеу берер көрермендер
Би: «Кәмпиттер»
Көктем ханшайымы:
- Қандай тамаша би!Рахмет. Балалар аналарымыздың тырнағына маникюр жасап үйренгілерің келе ме?Олай болса аналарымыздың тырнағына маникюр жасау шеберлік сыныбын өткізейік.
Шарты: ортаға екі бала шығады.Суреттегі аналарымыздың қолының тырнақтарына маникюр жасаймыз.
Сіздерден
өскен балалар,
Батырлар
мен даналар.
Құттықтаймыз
мейраммен,
Құрметті
абзал аналар,- дей келе
балаларымыздың сіздерге арналған тақпақтарын
тыңдайық.
Айша, Зейнеп, Кербез
Айша: Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы
Зейнеп: Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.
Кербез: Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.
-Жарайсыңдар, балалар. Ал ендеше ұлдарымыздың 8-наурыз мерекесіне арнайы дайындаған «Джентльмен» биімен қарсы алыңыздар!
Ойын: «Күнбағыс» құрастыру
Шарты: Ортағы 2 бала ойынға шығып, күнбағыс күлтелерін құрастырады.
-Бүлдіршіндеріміздің аналарына арналған «Ақ мамам» хор әнімізді қабыл алыңыздар!
-Бүгінгі мерекеге орай бүлдіршіндеріміздің ерекше биімен орта шақырайық. Вальс биін тамашалайық!
-Балабақшамыздың директоры Жолдасова Қ.А сөз кезегін береміз.
-Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын
Көңілді музыка ырғағымен балалар топқа қайтады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
сценарий тақырыбы : «8-наурыз – аналар күні» ортаңғы топ
сценарий тақырыбы : «8-наурыз – аналар күні» ортаңғы топ
-Қош келдіңіздер! Аяулы
әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші
наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.Бүгінгі №2
«Құлыншақ» ортаңғы тобының «8-наурыз – аналар
күні» атты ертеңгілікке қош
келдіңіздер.Олай болса бүлдіршіндерімізді қошметпен ортаға
шақырайық!
(Музыка ырғағымен балалар кезекпен залға билеп кіреді орындарына отырады)
-Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке?
-Жарайсыңдар, ал мен сендерге жұмбақ жасырамын, жауабын табасыңдар ма?
-Ақ қар еріп
Су көбейіп!
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
Балалары айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\
(Көктем келеді)
-Көктем ,қош келдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашала !
-Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.-дей отыра аналарына арналған тақпақтары қабыл алыныздар!
Әбунаср, Инжу,Қарақат, Көркем, Әбілмансұр,Ырысбек
Әбунасыр: Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
Інжу: Бөбегіңнің сыйлығын
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүз жасап,
Ауырмашы анашым.
Қарақат: Өмір сыйлаған анашым,
Өзіне мен ризамын.
Аяулы менің анашым
Қайда жүрсем де сағынамын.
Аялаған алақаның,
Мандайымнан сипағаның
Мен бақытты баламын.
Өскен соң, бағамын,
Алғысыңды аламын!
Көркем: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Әжем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйықтап қаламын.
Әбілмансұр: Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам
Қасымда жүрсең биікпін
Алыстасаң сағынам
Асылжан: Түн ұйқысын төрт бөліп
Әлпештеген анашым
Ырысбек: Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл - қызың.
-Бүлдіршіндеріміздің әжелеріне арналған «Ақ әжем» хор әнін қабыл алыңыздар!
-Жарайсыңдар, балалар!
Мерекеге арналады бүгін билер ,
Көтерілсін канекей,көңіл күйлер
Алдарыңызға қазір қыздар биі
Қол соғып демеу берер көрермендер
Би: «Кәмпиттер»
Көктем ханшайымы:
- Қандай тамаша би!Рахмет. Балалар аналарымыздың тырнағына маникюр жасап үйренгілерің келе ме?Олай болса аналарымыздың тырнағына маникюр жасау шеберлік сыныбын өткізейік.
Шарты: ортаға екі бала шығады.Суреттегі аналарымыздың қолының тырнақтарына маникюр жасаймыз.
Сіздерден
өскен балалар,
Батырлар
мен даналар.
Құттықтаймыз
мейраммен,
Құрметті
абзал аналар,- дей келе
балаларымыздың сіздерге арналған тақпақтарын
тыңдайық.
Айша, Зейнеп, Кербез
Айша: Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы
Зейнеп: Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.
Кербез: Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.
-Жарайсыңдар, балалар. Ал ендеше ұлдарымыздың 8-наурыз мерекесіне арнайы дайындаған «Джентльмен» биімен қарсы алыңыздар!
Ойын: «Күнбағыс» құрастыру
Шарты: Ортағы 2 бала ойынға шығып, күнбағыс күлтелерін құрастырады.
-Бүлдіршіндеріміздің аналарына арналған «Ақ мамам» хор әнімізді қабыл алыңыздар!
-Бүгінгі мерекеге орай бүлдіршіндеріміздің ерекше биімен орта шақырайық. Вальс биін тамашалайық!
-Балабақшамыздың директоры Жолдасова Қ.А сөз кезегін береміз.
-Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын
Көңілді музыка ырғағымен балалар топқа қайтады.
шағым қалдыра аласыз













