400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сценарий Тәуелсіздігімді жырлаймын

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы:Амиржанова Айнур Бектурқызы

Алматы қаласы Алатау ауданы МКҚК №161 бөбекжай балабақшасы

Мектепалды «Бәйтерек» тобының 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздігімді жырлаймын» ертеңгілігінің сценариі
Мақсаты :
Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті,Қ.Тоқаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

1-Слайд ертеңгілік тақырыбы жазылған
Тәрбиеші сөзі:

Балалар залға Жаса ,Қазақстан әнімен билеп кіреді.Би биткен соң тұрып тұрады
Тәрбиеші сөзі:-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар және қымбатты балалар. Бүгінгі салтанаттты мерекеміз тәуелсіздік күні құтты болсын.Осынау мерекеге орай өткізілетін «Тәуелсіздігімді жырлаймын» атты ертеңгілігімізді бастайық.

(Балалар оындарына отырады)

Туған елге нұр шашып жарық берген

Қуаныш пен мол бақыт алып келген

16 шы желтоқсан қуан болып

Тәуелсіздік еліме алып келген

-Балалар айтыңдаршы біздің еліміз ,отанымыз қалай аталады?

Дұрыс айтасыңдар Қазақстан елі

-Ал Қазақстанның президенті кім?

2-Слайд Қасымжомарт Тоқаев

-Ал Қазақстанның рәміздерін атап беріңдерші?

-Дұрыс айтасың, рәміздерді құрметтеу әр азаматтың парызы

Ал балалар рәміздердің құрметіне өлең шумақтарын айтып берейік

Тақпақтар:

1. Әбілқайыр:
Арқасына күнді алып.

Қыранымыз самғап жүр

Көк туымыз желбіреп.

Жер мен көкті жалғап жүр.
3. Ә.Алихан:
Көк туым күнге еркелеп.

Қырандай көкте қалықта

Шатыққа толып шаңырақ .

Көркейіп елім шарықта
4.Бағлан:
Қатар шапқан қос тұлпар.

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар.

Шарықтаған таза күй

Елтаңбасы елімнің.

Елдігімнің белгісі

5.Ерулан: Қазақстан жері кең байтақ.

Елдігімнің белгісі

Бабамның берген еншісі.

Желбірей бер кең байтақ

Отанымның белгісі


Т:Ал айтыңдаршы біздің тудың авторы кім? 3- слайд

Ал елтаңбаның авторы ше? 4-слайд

Әнұранды әнін жазған кім? 5-слайд

Ал сөзін кім жазды?

-Дұрыс айтасыңдар ал олай болса бәріміз орнымыздын тұрып ,ата-аналарымызды да орнынан көтерейік бариміз оң қолымызды жүрек тұсына қойып әнұранды шырқап берейік.

2.Бағлан

Намысымның шырағыда- ТӘУЕЛСІЗДІК

Сұрқай өмір шырағы да- ТӘУЕЛСІЗДІК

Жігіттіктің өмірі де ------ ТӘУЕЛСІЗДІК

Жаңа күннің шуағы да - ТӘУЕЛСІЗДІК

- Балалар тәуелсіздік дегеніміз не?

-Ал тәуелсіз мемлекет дегеніміз не?

-Қазақстанның басты заңы қалай аталады?

-Қазақстан жерін ерте заманнан бері қоныстанып келе жатқан қандай халық?

-Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын кезеңдерді басынан кешірді, соның бірі көрінісі Мөңке батыр.

(Музыка домбыра) 6-Слайд

Қойылым «Мөңке батыр»

Қазір сіздердің назарларыңызда Әкесімен баласының диалогы

Т: Мінеки балалар аңызды көрдіңдер.Ал енді айтыңздаршы тағы қандай батырларды білесіңдер.

-жарайсыңдар бәрекелді

7-Слайд даланың суреті


Ұлдарымыздың батырлар биін тамашалайық

Би «Сұлтан Бейбарыс»

Т: Балалар еліміздің қандай қалаларын білесіңдер?

-Ал біздің мемлекетіміздің астанасы қай қала?

-Нұрсұлтан қаласы дұрыс айтасыңдар

Астана туралы өлең шумақтарын кім айтады

Аружан:Отанымның төрінде

Сарыарқаның өрінде

Ту ұстаған астанам.

Әсем қалам бас қалам

Айзере: Нұрсұлтан арман қала .

Бағы бір жанған қала

Тұрады ол жас болып.

Еліме болған дана

Ортаға аналарымызды балаларымен шақырып орыс тілінде Здравствуй столица әнін шырқап береді.


Тәрбиеші:Мақтанам Қазақстан Отаныма

Халықтар тату-тәтті тұрып жатқан

Мақтанам Қазақстан Отаныма

Тәуелсіздік лашығын құрып жатқан

Өзінің Отан туралы өлең жолдарын Аяулым қызымыз оқып береді

(музыкалық фон) М.Мақатаев «Отан»

Т: Қыздарымыздың орындауында би

Т: балалар сендермен ойын ойнайық мен сендерге суретін көрсетем ал сендер айтып тұрасыңдар атауын ойын шарты түсініктіме?

Т: Медина қызымыздың орындауында патриоттық ән «»

Т: Балалар тәуелсіздік туралы кім тақпақ айтып береді

Айсұлтан:Тәуелсіздік таңы атты

Елім болды санатты

Биіктерге талпынып.

Қақтық бізде қанатты

Ақниет: Қазақстан замананың заңғарында

Халқыма мекен болған жайлауың да

Алатау ақ самайлы басын иген

Қайратты қарт Қаратау қойнауында

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн – Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке.Қаншама аға-әкпелеріміз қаза тапты

Тақтаға назар аударып ,орнымыздан тұрып желтоқсан құрбандарына 1 минуттық тыныштық жариялайық.


-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегісендер болмақсыңдар.

Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құттыболсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!Балабақшадан балалардың бақытты үні кетпесін,шаттық үні ешқашан кетпесін.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
636
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі