Сценарий: "Тіл- татулық тірегі" мерекелік шара балабақшада

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сценарий: "Тіл- татулық тірегі" мерекелік шара балабақшада

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Тіл -татулық тірегі! Мақсаты: 1. Балаларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету. 2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы бала дүниетанымын, ой өрісін дамыту. мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы:  Тіл -татулық тірегі!
Мақсаты:
1. Балаларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы бала дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, үнтаспа, суреттер.


Амандасу
Қазақстан Республикасының – әнұраны орындалады.


Жүректен жүрекке шеңбері. Тілек айту.



Қазақстан - 2050 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр.

Ата-аналармен әр түрлі шараларды ұйымдастырудағы мақсат міндетіміз балалардың бүгінгі жасаған қадамы,ертеңгі тұлға болып қалыптасуына үлкен әсерін беретінін ұғындыру.Бұл тұрғыда әрбір педагог өз ісіне жауапкершілікпен қарап,ел болашағының саналы азамат болып өсуіне бойымыздағы бар асыл қасиетіміз бен білімімізді арнасақ болғаны.

Елордамыз – Астана қаласы.
Бүгінгі Астана – Қазақстан тарихи жеңістерінің белгісі.

Елбасы Жарлығымен 1997 жылдың 11 шілдесінде
Тіл туралы Заңы бекітілген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болды.

Келген жыл елдің басшылығымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлау жылы деп жарияланды.

Сергіту сәті. Видео ролик арқылы қимыл қозғалыс арқылы жасау.



Тәрбиеші сөзі:
Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.

"Тіл – біздің тұтастығымыз”, "Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы.
Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
Тіл – таусылмайтын байлық.







Тақпақтар

1.Айару :Сүйесің өз тіліңді
Боласың білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді ғылымды
Ардақта тіліңді


2.Мансұр: Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.

3.Айсезім:Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.

Ән: Біз бақытты баламыз

4.Әлімжан: Жанымнан қымбат
Ана тілім маған
Ана сөзден тыңдап
Үлгі өнеге алам



5.Айша:Туған тілім-бабам тілім өз тілім,

Туған тілім –анам тілім-өз тілім,

Туған тілім –далам тілім-өз тілім,

Туған тілім –адам тілім –өз тілім.

Би: Өзбек биі

Ойын «Ұйқасын тап» Мақал-мәтелдер

  1. Бас кеспек болса да, ..... (тіл кеспек жоқ)
    2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
    3. Тілмен байланған ...( тіспен шешілмес).
    4. Тіл тас жарады,... ( тас жармаса бас жарады)
    5. Жақсы сөз... (жарым ырыс)
    6.Тіл - адам ойының ... (айнасы)
    7. Тіл қылыштан... (өткір)
    8.Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)
    10. Тисе терекке, тимесе ... (бұтаққа)
    11. Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)
    12. Бал тамған тілден ... тамар (у)
    13. Көп сөз - ... (бос сөз)
    14. Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)
    15. Жеті жұрттың тілін біл,...(жеті түрлі ілім біл)
    16.Таза сөйлеу – биік ... (мәдениеттілік)







Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын кең ашқан 
Тілегіміз тыныштық 
Ашық болсын кең аспан
Мықты болсын іргеміз бәрімізде біргеміз!


Би: «Қазақ биі» 

Айлин: Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.

Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.

Ана тілі : Өнерлерің үстем болсын балалар! Балалар сендер тілге байланысты мақал-мәтел білесіңдер ме? Қане кім айтады?

Айлин: Сөз асылы – мақал.

Шешеннің тілі артық.

Шебердің қолы артық.

Жақсы сөз – жарым ырыс.

Мансур. Тіл тас жарады.-

Тас жармаса бас жарады.

Жүректен жүрекке шеңбері.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Бізді жақтап отырған
Сіздерге де мың алғыс!

 

Осымен «Ана тілім ардағым» атты мерекелік шарамыз аяқталды.
Көп рахмет!






















42 «Айналайын» МКҚК











Shape1

Тіл- татулық тірегі






(«Жұлдыз» мектепалды тобы)










Тәрбиешілер: Муханова Т.О

Токкожина М.Ж















2023-2024 оқу жылы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2023
12049
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі