Материалдар / Сценарий Тұсау кесу Наурыз мейрамында

Сценарий Тұсау кесу Наурыз мейрамында

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сценарий ұстаздар ,бірлестік пәндер өзара Наурыз мерекесінде көрсетсе болады
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тұсаукесу рәсімі

Музыка медленная / минусовка/

Апасы намазын оқып болып , қол жайып

-О,Аллам,немерем алғашқы қадамдарын жасады. Ұлыстын ұлы күні

Ата-баба салты бойынша тұсаукесу рәсімін өткізіп ,туыс-бауырларымыздын алдында батасын алғымыз келіп тұр. Ниетімізді қабыл ет. Алдағы өмірде қадамы оң,жолы ашық ,түзу болсын Амин.


Шет жақта келіні тұрып Алтынай ; Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.


Келіні Алтынай жақындап апасына:

Келін: -Апа! Сәлем береді

Апасы: тұрады да -А,шырағым,бақытты бол,

Бүгін суды жылы қып дайындап қойыпсын.Айналайын , мандайынды әкел,

/мандайынан сүйеді/ - сен қазанына ет салыпқой да, бауырсағынды пісіре бер.

Мен анау құлыншағымды оятып, көршілерге хабарын айтайын. Кеше туыстарға да чатта тұсаукесу ге шақырдым.

Апа ұйықтап жатқан немересін оятады

Апасы: -Құлыным ,тұрағой, таң атты,әтеш ән салды,Ұлыс ұлы күні Наурыз келді ,жер мен көк ояңды, ал сен сол керемет нәрсені өткізіп қызықтан қаласын.

Немере Касымжомар болады : -ААААпау, кішкене жатайын,қандай тәті үйқы!

Апасы :- Ерте тұрған адамның мақсаты да ерте тұрады.
Ұйықтап жатқан адамның бақыты да бірге ұйықтап жатады.
Ал жаның шаршаса, ұйқы да көмектеспейді. Тұрағой , бір үлкен іс бар

Немересі тұрып ,

-Апау , құлағым сізде,

Апасы:Айналайын , бүгін мейрам күні қарындасының тұсауын кесеміз,жұгіріп артынан жұрсін. Анан дастархан жасап, ет асып жатыр, Ал сен көршілерге,

-Бүгін түскі бірге Мұхит атаның үйіне немересінің тұсаукесуіне шақырып жатыр- деп айтасы

Немересі : Кімді шақырайын апа?

Апасы: Он қанат жақтан жеті үй, сол қанат жақтан жеті үй,

Немересі: Гүлнар апа, Нагима апа,Тлектес апа,Светлана апаларғой

Апасы: Айналайын , жаттап алыпсын ғой,жарығым, ақылым менің

Немересі жүгіріп кетеді;

Алтынай под фонограмму ән айтады апамен дайындық / фоновая музыка / 2 мин/ музыка 2. Кейін

Көршілер келеді пара – пара боп, құдағи келеді қызымен

Құдағи Алмаш апа мен келіні Меруерт те келеді

Сәлемдесіп, жайғасады көрпешеге

Құдағи -Құтты болсын- міне чаттан жақсы хабарды оқып , Ұлыстың ұлы күні немерелерініздің қуанышы құтты болсын деп келдік. Мына келінді де ертіп келдім, көрсін ,үйренсін,мына жастар салт-дәстүрден кәзір алыс болмасын , үмытпасын деп ертіп жүрмін.

Немере : Нағашы апа , сәлем беріп, женгесіне бетін береді.

Светлана : Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікте,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.

Барлықтары алғыс айтады

Светлана :Мынау сіздерге базарлық

Ой бұл қайдан? Рақмет Алла саған береке берсін

Светлана: Алматыға қызыма бардым, дастархан салып жиберіпті ,сол тәттіден ауыз тиіңіздер

Барлығы- Ия, дұрыс базарлық деген жақсы ғой ,жағдайы жақсы ма? рақмет

Немересі ; Апа,апа, байғазы, байғазы, қарашы нағашы апам қандай шапан алып келіпті маған

Апасы: Қандай жарасып тұр, бәрекелді,тұп-тұра екен, байғазы десен міне байғазым саған құлыным деп , береді ....

Немересі қуана алып, қасына жайғасады .

Қалғандары да қосылады .

Тлектес: Бір бала қуанса , он гүл қауашақ ашады деген халқымыз , баланың қуанышына не жетсін

Нагима: Неге байғазы дейсін көрімдік қой бұл?

Апасы : Немерем дұрыс айтты, байғазыны сұрап.Көрімдік пен байғазының мәні әртүрлі- деп айырмашылығын айтады

Нагима- Ия,баланың көңілін бір марқайтып қойды нағашылар ,байғазының кесімді өлшемі жоқ, оның патша көнілі біледі. Менін байғазыға беретінім міне/ мың теңге. Деп балаға береді

Немересі алып рақметің айтады

Апасы: Жер -ананың үстіндегі туған топырағында баламыз аяғымен нық басып жүрсін деп-салт-дәстұрімізді орындамақшы мыз.

Айтпақшы Гүлнар , өткен жылы немеренің тұсауынды немен кестің?

Гүлнар апа: Мен өзім шығыс төңірегінің қызы болғанымен ,еліміздің өзгешелігі бірін жасадым , іші май-сырты май болсын- бай болсын , тоқ болсын немерем -деп , тоқ ішекпен ырымдатып кестім

Қалғандары қосылады :Айпырмау, Ия, естуіміз бар ондай нәрсені, ырымдатып солай кеседі екен халық.

Көрші Нагима : Ия, сөйтсе де , мән-мағынасы да мақсаты салттын бірдей.

Тлектес апа : Ал мен ата-бабалар баяғы кезде көгеріп жұрсін деп ырымдатып өрілген көк шөппен кестік,өйткені ата-бабамыз -көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.- деген екен.Сөйтіп жасадық

Барлығы келіседі .

Апасы ; Біздер ел ішіне көп тараған түрі ала жіппен кесуді жөн көрдік. Ак жіп пен кара жіпті айқастыра кезек алмастыра отырып еседі. Мұны көбінесе «кісінің ала жібін аттамасын, қиянат жасамасын» деген. Ак пен кара түс өмір-тіршіліктің нышаны, тұспалды бейнесі. Бір Құдай

жалғыз, қалғанының бәрі кос-костан. Мысалы, Күн мен түн, көппен аз, биік пен аласа, жаксылык пен жамандык, аштық пен тоқтык... Осылай жалғаса береді.

Апа: Құдағи сіз немен кесесіз тұсауын?

Алмаш құдағи: -Казір барлык жерде тұсауды қайшымен кесіп жүр, бұл дұрыс емес.

Өйткені бір-біріне кереғар, карама-карсы қайшының жүзі секілді баланың алдағы өмірі кайшыланып, кедергілер көп болмасын деп казак кайшымен кесуді жөн көрмейді. Бұл да жай емес, тіршілік тәжірибесінен алынған.

Барлығы : Барлығымызға құлағымызға алтын сырға, білгенге маржан, жастарға сабақ , жақсы болды ғой, біліп жүрейік, рақмет құдағи.

Көрші Айгуль апа:

Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.

Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,

Өткеннен бізге жеткен асылы бар.

Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,

Қазақтың «Тұсау кесер» рәсімін бастайық.

Ел келіседі : Ия дұрыс , жөн айтады

Гүлнар апке :

Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.

Күлгенің де той сенің,

Жүргенің де той сенің.

Қызықтасын халайық,

Тұсау кескен бұл күнің

Есте қалсын, жарқыным.


Келін ақ дорожка жаяды

Немере балалар жүгіріп келеді .

Апа:

Немерем Аружан алғаш аяқ басып, үлкен өмірге із тастамақ. Сол құлынымның тұсауын кесуге -ұстаздан шәкір озар деген халкым Өзімнің оқушыма, аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, кәзіргі кезде елімізге сыйы, ардақты ана, сүйікті директорымыз, Куатова Асель Бериковнага , немеремнің тұсауын кестіремін.

Ал, келін балам, кішкентай Аружанды ортаға әкеліп, Асель ханымга табыс ет, касында тұр .

(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.)

Келін баланы алып келеді:


(АПА қолына ала жіпті алып жатып)

Ала жіппен тұсайын

Аружанның аяғын

Аяқтары талмасын

Айналайын, алтыным.

/аяғын байлайды./

Бата берілуі:

Бүгінгі ашық күн кутты болсын

Ботакан кадамын мыкты болсын

Тілеуі тустардын кабыл болып,

Анасы бауырына жукті болсын.

Құлыншағым үлкен азамат болсын!

Ата-анасына қуаныш болсын

Жақсылармен қатар болсын,

Бай-қуат , сабырлы болсын,

Ата-дәстүр байлығын жалғастырар,

Берік бұтақ болсын.

Наурыздарың құтты болсын!

Ұлыс береке әкелсін

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын

Осы тойды қызықтаған

Баршаңызда той болсын!


Ал Куатова Асель қолына пышақ алып, тұсауын кеседі.)

Барлығымыз мына төрт шұмақты айтып әнге қосыламыз Музыка 3

Қаз-қаз бала, қаз балам.

Қадам бассаң мәз болам.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың.

Алға қарай баса бер,

Асулардан аса бер.

(Аружанды жетектеп жүргізеді.)

Апа :

Ал, балалар, тәй-тәй-лап

Әлдиді алға бастаңдар.

Шошытпаңдар, айқайлап,

Немеремнің жолына мол ғып шашу шашыңдар

( Ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады.)

Апа:

Әкеліңдер ана коржынды ортаға «Ақ түйенің қарыны жарылған күн» бүгін. Бұл жиған-тергенімді бүгін бермегенде қашан беремін.(Апа қонақтарына сый-сыяпатын таратады.)

Флешмоб Ұстазадар музыкага билейді топ боп Музыка 4

Төрт музыка дайын

Оның алдына/ баланың не тандайтының қосуға болар еді Бірақ бұл кейінгі шыққан өздері жасап алған әдет / қоссақ та қоспасақ та болады.



Автор Садуова З.С

Бұл сценариге байғазы,базарлық,тұсаукесу, әр нәрсенің тәрбие мәні ерекшелігін, баланы атау деген ұғымдарды еңгіздім



ЖИ арқылы жасау
19 Наурыз 2025
467
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі