400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

сценарий "Ұлттық теңе - ұлт мақтанышы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру. Оқушыларды рәміздерімізді құрметтеуге, тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы

Тақырыбы: «Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы»
Мақсаты:
1)
Білімділік: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру.
2) Тәрбиелік: Оқушыларды рәміздерімізді құрметтеуге, тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Танымдық сайыс сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, суреттер, нақыл сөздер.
Өткізу барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Мұғалім сөзі:
Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір Қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада, еліміздің қаржы саласында теңгенің маңызы ерекше.

1992 жылы 12 қарашада еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды.

1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналымға енді.

Ескі ақшаны ұлттық теңгеге айырбастау 15 қарашадан басталып, 20 қараша күні аяқталды.

1 теңге 500 сомға бекітілді.

Алғашқы валюта Англияда " Харрисон және оның ұлдары" компаниясында жасалса, алғашқы тиындар Германияда жасалды.

Теңгенің бірінші бетіне қазақ халқының ұлы тұлғаларының бейнелері басылды.

Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді.

1 тапсырма. Сұрақ - бізден, жауап - сізден.
1. Ақша тарихын зерттейтін ғылым. (Қаржы саласы)
2. Ұлттық валюта дегеніміз не? (Теңге)
3. Қазақстан теңгесі қай жерде басылды? (Англияда "Харрисон және оның ұлдары" компаниясында)
4. Алғашқы тиындар қай жерде жасалды? (Германия)
5. Ұлттық валюта - теңге айналымға шыққан мерзім. (1993 жылы 15 қарашада)
6. 1993 жылы 1 теңге неше соммен белгіленді? (500)
7. Ескі ақшаны теңгеге айырбастау жүргізілген мерзім? (15-20 қараша )

2 - тапсырма: Төменде аталған елдердің валюта атауларын жазыңыз.
1. Ресей ------
2. Қытай -------
3. Қырғызстан -----
4. Өзбекстан -----
5. Үндістан -----
6.
Германия -----
7. Египет
-----
8. Англия
------
9. АҚШ
------
10. Түркия
------

3- тапсырма: Мақал - мәтелдегі қалып кеткен орынға төмендегі сөзді жаз.
( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып)
1.
Теңге - тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз
дүние жоқ.
3. Алтын тапсаң
санап ал.
4. Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.
5. Тамшыдан тама берсе -
дария болар.
6.
Шашу - оңай, жинау - қиын.
7. Ақша ашпайтын
құлып жоқ.
8.
Судың да сұрауы бар.
9. Ақшада
көз жоқ.
10. Ар - намысы таза адамның
ақшасы аз болады


Мұғалім: Қорытынды:
Теңге – Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады. Ұлттық валюта - теңге біздің еліміздің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап болған айрықша мəнді оқиғалардың бірі болып табылады. Ұлттық валютаны енгізу елімізде жеке ақша - кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді.











Дайындап, өткізгендер: Төрехан Жанаргүл

Зкенова Г.Ш.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.11.2018
2194
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі