«Бала
сұлтаны»
байқауы
Мақсаты:
Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді,
өнерді, білімді сыртқа шығару. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз
қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен өнерін көрсету, тапқырлық,
сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Өзара мәдениетті сөйлеуге
баулу. Әдептілік пен сұлулыққа
үйрету.
Байқауға қатысатындар: Топ
тәрбиеленушілер.
Байқаудың қонақтары: ата - аналар,
әріптестер, балалар.
Байқау
барысы.
1. Ұйымдастыру
кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады,
қонақтарды орналастыру.
«Бала сұлтаны» байқауының үміткерлері 6 ұл
бала қатысады
ФАНФАРА
Жүргізуші:
Уа, халайық,
халайық,
Бар өнерге
салайық.
Бүгінгі сайыс
төрінде,
Барымызды
салайық.
Салеметсіздер ме? құрметті
ата-аналар,балалар, әріптестер!
Біздің балабақшамызда топ ұлдарын,әкелеріміз бен
ағаларымызды,інілерімізді , балабақшадағы ағайларды 7мамыр- Ұландар
күнімен құттықтап қоюға рұхсат етіңіздер!!!
Анаң күнің жүрегің Ағаң қамқор асқарың
Әкең өмір тірегің Інің мөлдір аспаның
Сен бақытты ұлансың Сен-бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын! Бәрі саған қуансын!
Әжең асыл ардағың Қарындасың- қанатың
Атаң дана қорғаның Ел отаның -жаннатың
Сен бақытты ұлансың Сен бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын! Бәрі саған
қуансын!
Бүгінгі
«Бала сұлтаны» атты сайысымызға қош
келдіңіздер! 7 мамыр мерекесіне орай
балабақшамызда топ ұлдарының арасында өткізгелі отырған «Бала
сұлтаны » сайысын ашық деп
жариялаймыз
Балабақшадағы бақытты бал дәурен баланың ең
бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамызда тәрбиеленіп жүрген
ұлдар мен қыздарымызды заман талабына сай ақылды да, парасатты, ер
жүректі, тәрбиелі, иман жүзді болып өскенін
қалаймыз.
Сондықтанда біз ұл балаларымыздың балабақшада
қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз күә
болайық.
Әділқазы
береді
Өздеріңе
билекті
Өнерде кім
жеңеді
Сол алады
сыйлықты
- деп ең
алдымен
Сіздерді әділ - қазылар
алқасымен таныстырып
өтейін.
Бүгінгі байқауға әділ баға беретін қазылар
алқасымен таныс
болыңыздар.
1.Жартыбаева Айнұр
Толеуқызы
2.Абдрахманова Гульмира
Серікбайқызы
3.Жабықай
Берік
Жүргізуші:
Ал енді қонақтар сайысты біз
бастайық,
Сайыста көңіл менен қол
соғайық.
Ұмытарсыз бүгін Сіздер шаршағанды - дей отыра
сахнаға «Бала сұлтаны» атына лайықпын деп үміт артқан сұлтандарды
шақырайық.
«Жігіттер»әні арқылы жігіттер сахнаға
кіреді.
«Бала сұлтаны» сайысымыз 5кезеңнен
тұрады.
1. «Сәлем – сөздің атасы».
Таныстыру.
2. «Он саусақтан өнер тамған». Балалар
берілген тапсырма бойынша қолдан жалауша
жасайды.
3. «Білімді мыңды жығады». Тапқырлар
сайысы.
4. Мергендер сайысы. Асық
ойыны.
5.Күш сынау (гирь
көтеру)
Жүргізуші:
Сайыс алдында жақсы тілек
білдірейік.
Жүргізуші:
Ақыл - көрік бойларында
жетеді,
Әлі талай сынақтардан
өтеді.
Мына отырған баршыңызды
өзімен
Тез арада таныстырып өтеді - деп,
Сайысымыздың бірінші бөлімі «Сәлем – сөздің атасы» деп
аталады.
Бірінші сайысымыздың қорытындысы бойынша әділ
- қазылар алқасы бағаларыңызды
берсеңіз.....
Жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер
өзіменен,
Туып өскен мекені,
еліменен.
Бәрі әрі ақын, әрі
әнші,
Таныстырып кетті ғой
тегіменен.
Парасатты ер
жігіт,
Ақылына сай
жігіт.
Өнеріңді
өркендет,
Тең келеді қай
жігіт?
Жұрт қарасын қызығып, дей отырып,
сайысымыздың екінші
бөлімі
2
«Он саусақтан өнер
тамған». Балалар берілген тапсырма бойынша қолдан
жалауша жасайды..
3.
«Білімді мыңды
жығады». Тапқырлар
сайысы.
Жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап
бер,
Келді кезек тапқырлықты
танытар
Бұл сыннан өтсең егер
сүйінші
Жүлде сенде, қуана бер күлімде
–
Келді кезек тапқырлықты танытар -
деп
«Білімді мыңды жығады» деп аталатын
сайысымызға кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің
білімдерін тексереміз. Балабақшамыздан балаларымыз не ? үйренді
соған сәйкес сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5
балл.
1.Зейніш Дарханға
сұрақ:
2.Керімханұлы Еркінбекке сұрақ: Өз тобыңның
атын ата?Балбұлақ
3 .Абзол Дамирге сұрақ:Балабақшаның атауы
қалай аталады? «Кәусар» бөбек
жай
4. Ахан Ануарға сұрақ:Төрт мезгілді
ата?Күз,көктем,жаз,қыс
5.Бекен Нұрисламға сұрақ: беске дейін
сана
6.Айбекұлы Алинұрға сұрақ: мына түстерді
ата?
Жүргізуші:
Ал енді, әділ қазылар алқасы, жігіттеріміздің
ұпайын берсеңіздер.
4.
Мергендер
сайысы. Асық
ойыны
Жүргізуші:
Біздің келесі тапсырмамыз жігіттердің
дәлдігін, яғни мергендігін білу үшін «Асық ойын» ойнаймыз.
Мергендер сайысы.
1 м. – дәл тигізсе – 5
ұпай;
(Әділ - қазы алқасы бесінші сайыс бойынша
баға береді)
5. Күш
сынасайық.
Жүргізуші:
Алтыншы сайысымыз бойынша әділ – қазы
алқалары бағаларын
берсе
(Әділ - қазы алқасы бесінші сайыс бойынша
баға береді)
Сөз кезегі әділ қазылар
алқасында.
Қортынды:
Жүргізуші:
Бүгін жігіттеріміз нағыз тамаша өнер
көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы
ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын
дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын!
Келесі кездескенше, күн нұрлы
болсын!