Сценарий,"Жаңа жыл қош келдің"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сценарий,"Жаңа жыл қош келдің"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәлімгер ұстаз дарға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қош келдің , Жаңа жыл!»

Қадірменді қонақтар!

Қадірлі жас достар, біздер бүгін Жаңа жылды қарсылау мақсатымен осы жерге келіп тұрмыз. Енді жаңа жылды мерекелік көтеріңкі көңіл күймен қарсылауға мүмкіндік туғызған. Мынадай сән - салтанатты келіскен Жаңа жылдық шыршаны ұйымдастыруға ұйтқы болған ағаларға

Бар қызықты көрсеткен ұландарға

Жақсылықтар көбейсін жылдан жылға

Еңбегіңіз еленіп табысты боп,

Ортаға Жаңа жылдық кешімізді ашу үшін

сөз алады.


Жүргізуші: Жас достар! Мынау өтіп бара жатқан жылда мол бақытқа жетіп, көп қуанышқа бөлендіңдер ! Жаңаша қуаныш әкелетін Жаңа жыл да жақын. Әне, көңілді уақыт та келіп жетті.

( Марш екпінімен басып, көңілді Уақыт келеді)

Уақыт.(әндетіп).Уақыт деген жүйрікпін:

Тоқтамастан құйғыттым.

Жаңа жылға жақынмын,

Жарандар той, сый күтсін!

Уа,адамдар,аман ба?

Көз салыңдар маған да!

Пайдаланып қалыңдар:

Мен қымбатпын әманда!

Тірліктіге-бақытпын,

Бірлікшілге-шаттықпын!

Еселенген өмірді

Есептеген уақытпын!

(Уақыт жүріп бара жатып микрофон арқылы Жаңа жылмен хабарласады.)

Алло,Алло!Жаңа жыл!

Саған дайын жаңа жыр!

Уақытың-көңілді:

Жалғастырам өмірді!

Ау,Жаңа жыл,жарқыным!

Мен өзіңе жақынмын.

Бар адамға қуаныш

Алып келе жатырмын!

Дауыс.Уа,құдіретті де,құрметті Уақыт амансың ба?Мен-Жаңа жылмын.Мен барғанша жер анада шырша жайнап тұрсын.Барлық адамға бақыт болып келемін.Қымбатты уақыт,Желтоқсанның соңғы күнін салтанатпен өткіз.Өтіп бара жатқан жыл өркені өскен табысты жыл болды.Құрметте оны!Абай бол!Жылдардың арқауы үзілмесін!

Уақыт.Рас айтасың,жақсынығы мол,Жаңа жылым!Ер жүрек елім аман болса,әрбір минутымды бақытты өткіземін.Көк-жасыл көңілді көктем,жадыраған жаз,жемісті Алтын күз бақытты болып өтті.Еңбекшіл елімнің бақытты балалары ол жақсылықтарды өз көздерімен көрді.

Уақыт сахнадан әндетіп өткен соң, табиғат өзгеріп, қорқынышты оқиғаны меңзейтін күй естіледі. Екі көзі от жайнап, қолына балта ұстаған Жезтарнақ шығады. Шыршалы тоғай ән салып тұр.

Дауыс: Тыныштық болып кел, жарқыраған Жаңа жыл! Сен келе жатыр деген хабарды естігенде, ақ ниетті адамзаттың арамза жаулары дүрліге бастады. Әсіресе, жақсылықтың жауы болып келе жатқан Жезтырнақтың жар құлағы жастыққа тимей жүр. Ал Жаңа жылда төрге шығып, қуаныш тойын қуаттап тұратын шыршалар қаннен – қаперсіз тоғайда шаттық жырын жырлап тұр.

Балалар музыка ырғағымен залға кіріп, шыршаның қасына шеңбер жасап тұрады.


Жүргізуші:

Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып

Дастарханды отырмыз саған жайып

Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен

Талай ұлыс, талай ел, талай халық

Келген сайын көңілді өсіресің

Ұлы болсын бастаған осы көшің

Төгіп-шашпай тасытып кетсең екен

Қазақ деген халықтық несібесін!


Жаңа жыл туралы ән айтылып балалар орындарына отырады.Музыка ырғағымен ойланып залға Хан кіреді. Шыршаның алдындағы көрпешеге жайғасып алып:

-Уәзір, Уәзір, Бүлдірген! Қайдасың ?!

Жеті қат жер астына түсіп кетті ме ?!


Уәзір: Мен мұндамын , тақсыр, келдім!

Хан: Ал, айт не бітірдің? Ханшаға бардың ба ?

Уәзір: Бардым

Хан: Сөйлестің бе?

Уәзір: Сөйлестім.

Хан: Не деді?

Уәзір: Ештеңе. Ештеңе істей алмадым. Көнбейді. Жаңа жыл мерекесі керек

дейді

Хан: Ол не тағы ? Қайдан шығарды? Жақсы көрмеймін сондайды! (балаларды енді көргендей соларға қарап) Мынау кімдер? Бұлар неге менің патша сарайымда отыр? Мен неге білмеймін? Тез айтыңдар кімсіңдер?

Бүлдірген: Жаның барында айт! Кім шақырды сендерді?

Жүргізуші: Бүлдірген! Айқайлама! Тыңда алдымен. Біз мұнда мерекеге

келдік, Жаңа жылды қарсы алуға.

Хан: Қандай жаңа жыл! Мен неге білмеймін? Ол не? Не істейді онда?

бала: Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша

Аппақ атамыз.

Билейміз де ойнаймыз,

Балғын ұл-қыздармыз

Жаңа жылдай жайнаймыз

Жарқын жұлдыздар



бала: Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын !


бала: Жаңа жылға арналады жаңа жыр

Жаңа жылда шақырады бар өмір

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой

Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл


бала: Кел, жаңа жыл, жаңа жыл

Қарсы аламыз біз сені

Ақ көңілмен, ақ пейілмен

Баршамыздың төрінде .


Хан: Кәне менде сендермен

Тұрайыншы шеңберге

Көңілді әнді бастайық

Биді билеп тастайық

Уәзір: Қой, тақсыр, демал, жат.

Хан: Жатпаймын, билеймін. Сенде кел, тұр шеңберге! (Бүлдірген

тыржияды) Ханның сөзін тыңдамайсың ба? Тез тұр!

Уәзір тұрады. «Кел, кел Жаңа жыл» әні орындалады. Сөзіне қарай би қимылдары орындалады. Барлық бала орнына отырады.

Хан:Ох, шаршадым (желпеуішпен желпінеді немесе бір құл келіп желпиді.)

- Ал, Бүлдірген, көрсет өнеріңді! Баста мерекені!

Уәзір: Мен дайын әрқашанда! (балаларға қарап)

Кәнеки, барлығың тұрыңдар 1,2

Оңға 1,2. Солға 1,2

Ал енді жүріңдер 1,2:1,2:1,2

Орындарыңа отыр 1,2.

Болды мереке бітті.

Үйлеріңе қайт 1,2

Сау болыңдар (кетпекші болады)

Хан: Тоқта, тоқта! Өйтпе! Бұл әскер емес, балалар. Ал мереке әзір

бітпейді, енді басталады.Барлық патшалықтардан келіп пе тексерші...!

Уәзір: Тексеру!(ұзыннан оралған қағазды ашып оқиды)

1-Сұлулық пен нәзіктік патшалығы

Қыздар: Осындамыз.

2-Батылдар мен өжеттер патшалығы

Батырлар: Осындамыз

3-Күлкі,қуаныш,шаттық патшалығы

Петрушкалар: (қолдарымен әр түрлі қимылдар көрсетіп)Осындамыз!

4-Ең мейірімді,тынбайтындар патшалығы!

Балалар : Келдік,осындамыз.Бәрін атаймын деп шаршадым.Болды

тақсыр,ұйықтаймыз.(көрпеге оранады)

Хан: Әй,Уәзір,сен түкке де түсінбейсің!Ханшасыз болмайды.Ол әдемі,пері сияқты, нәзіктік патшалығының сұлулары кәне өздерінің сиқырларыңмен шақырыңдар Ханшайымды. Шығыс биі. Бидің орындалуында би үйретуші апай орталарында билеп, би аяқталған соң қыздарға қарап:

  • Рахмет. Кішкентай перілер.

  • Мен өте қуаныштымын. ( қыздар иіліп, әрқайсысы өз орнына жайғасқан соң, Ханға келіп) Әке мені неге шақырдыңыз?

Хан: Қызым, сенің және мына балалардың тілегі бойынша мереке болады. Барлық патшалықтардан қонақтар келді! ( Жалмауыз кемпір кіреді)

Жалмауыз кемпір: Қалай түсінеміз мұны? Бәрін шақырған.Көңіл көтермекші бұлар! Мен ше? Мені ұмыттыңдар ма?

Хан: Қап, әттеген-ай! Ең долы кекшіл кемпірді ұмытыппыз ғой. Енді жақсылық күтпе, бәле болады!

Жалмауыз кемпір: Бәле болғанда қандай! Жалмауыз кемпір атым өшсін, осы жерде тұрмай кетейін, көрсетемін сендерге. Ауыздарыңды ашып отыра беріңдер! Мен Ханшаны ұрлап кетіп, ұйықтаймын. Мерекеге жібермеймін.

( Ханшаны ертіп әкетеді)

Хан: (басын ұстап) У-у-х! Қандай бақытсызбын! Әдемі, ақылды қызымнан айырылдым. Онсыз қандай мереке?! Не істесем екен?

Жүргізуші: Алдияр! Налымаңыз сонша. Бұл бір ғажап мереке ғой. Бізге

аяз ата көмектеседі, шақырамыз атамызды!

Уәзір: Қойшы, шақырмаймыз! Мына мақтаған балаларыңыз Аяз ата

туралы дым білмейді да!

Хан: Әй, уәзір, сенің сөзің ұнамай бара жатыр маған! Атыңды Бүлдірген

деп бекер қоймаған –ау?

Жүргізуші: Ештеңе етпейді. Біз қорықпаймыз, қоя бер сұрағыңды,

Уәзір. Солай ма, балалар? (Уәзір қағазын ашып жіберіп)

  1. Аяз ата келе ме, тура сағат жеті де? ( балалардың жауабы)

  2. Жұртқа ол әйгілі ме, мәсі, кебіс кие ме? ( Жоқ пима киеді)

  3. Әй, сол атаңыз келе ме, бізге сыйлық бере ме? ( ия, келеді, сыйлық береді!

  4. Әсем екен шыршамыз

шауып оны аламыз.(шаппақшы болып жақындаса) балалар жоқ дейді.

  1. Әдемілеп тізілген,

Қауын-қарбыз ба ілінген?

Балалар: Жоқ, ойыншықтар!

6. Аяз ата балалар

Қорқа ма екен аяздан?

Балалар: жоқ, қорықпайды.

7. Жағдайы жақсы ма екен,

Қаршақыз бен дос па екен?

Балалар: иә, дос.

Жүргізуші: көрдің бе? Бүлдірген, біздің балалар ақылды, Аяз атамыз да келіп

қалды. Көмектеседі.

Уәзір: Келмейді, керек едіңдер оған

Жүргізуші: Айтыспай – ақ ән орындап, әнмен шақырайық.

Аяз ата туралы ән орындалады. Ән біткен кезде балалар орындарына отырады, Аяз ата кіреді, шыршаны айналып алдына келіп тұрады.

(Басын иіп) Амансыңдар ма, балалар

Сәлеметсіздер ме? Қадірлі қонақтар!

Жаңа жылдарың құтты болсын,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын.

Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын!

Егеменді еліміз көркейе берсін!

Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер!

Ақшақар:

Достар, достар!

Тағы да бір жыл жаңа

Қадам басты, ұрлана да нұрлана

Жүректерде лүпілдейді жас үміт.

Ашылады – шашылады бүр жаңа

Кәне. Достар, көтерейік иықты

Аңсайықшы қыран самғар биікті

Жарқыраған әсем көздер айналам-

Сәлем саған өрендерім сүйікті!

Аяз ата:

Шақырған соң, тез жеттім,

Не болды, айтыңдаршы кәне?

( Балалардың жауабынан соң)

  • дұрыс болмаған екен. Мына ол кемпірді танимын. Кездескем.Бірақ біз

оны жеңеміз. Ханшайымды құтқарамыз.

Уәзір: Жеңе алмайсыңдар. Жалмауыз кемпірді жеңу оңай емес.

Аяз ата: Мынау кім өзі?

Ұнамайды маған сөзі!

Хан: Бұл менің уәзірім ғой

Бірақ пайдасы жоқ болды!

Уәзір: Солай ма ? Пайдам жоқ қой ? Басыма да , аяғыма да тыныштық жоқ. Саған қызмет етпеймін енді, Жалмауыз кемпірге барамын, ол мені ренжітпейді. Мен кетсем бір өзің қаласың ? (кетеді).

Хан: Қайран басым-ай, Уәзір сатып кетті ме, қандай масқара ұлт –ай.

Жүргізуші: Тақсыр, Уайымдамаңыз !Қараңызшы қанша конақтар келді. «Батырлар мен өжеттер» патшалығының батырларын шақырайық.

Аяз ата: Әй, батырлар келіңдер, ержүрек батыр екендеріңді көрсетіңдер. Батырлар биі. Би біткен соң Аяз ата:

Пай. Пай шіркін, қандай жігіттер ! Нағыз батыр ғой өздері !

Хан: Осындай жігіттер тұрғанда ешқандай Жалмауыз кемпір қорқынышты емес. Енді жеңеміз.

Жалмауыз кемпір жетіп келіп:

- Кім ол мені жеңетін ? Ылғи еститінім осы ( Уәзірге қарап) Сол ақымақ ханды тастап маған кеткенің дұрыс болды. Өкінбейсің. Ал енді менің әскерім шық! (Қарақшылар шығады, батырлар да шығады, қарақшылар биі). Би аяғында Жалмауыз кемпір:

- Батырсымақтар ! Жатыңдар тыныш, қолдарыңды көтер ! Қаруды таста!

Батырлар мен қарақшылар алысады. Батырлар қарақшыларды құлатады. Аяз ата: Жарайсыңдар ! Кешірім сұраңдар.

Хан: Біз жеңдік ! Әкел қызымды !

Жалмауыз кемпір: Кә- ә-ә- зір! Армандай бер, берем саған , мен оның сұлулығын алып аламын, «Қандай әдемі Жалмауыз кемпір» -дейді бәрі мені көріп.

Хан: Қандай, әдемі, әдемі! Ақылың жоқ сенің бір түйір!

Жалмауыз кемпір: Өзімен ақылды ешкімді көргем жоқ әлі !

Аяз ата : Ал егер көрсең, бересің бе Ханшаны ?

Жалмауыз кемпір: Берем. Бірақ мен өзім тексеремін ақылы көп пе, аз ба ?

Хан: Жақсы, ең ақылды, ең мейірімділер патшалығының тұрғындары ,

Ару қыздар, құтқарыңдар қызымды. (ару қыздардың өнерлері)

Уәзір: Әй, кемпір, ұтылып қалдық! Мыналар бәріне дұрыс жауап қайтарды, қызды беретін болдық !

Жалмауыз кемпір: Ешқашан! Мен қазір оларға одан да қиын тапсырма берем!

Жүргізуші: Жоқ! Жетер енді,Балалар енді сендерді ертегілер еліне саяхат жасатады

Жалмауыз кемпір: Ал, көрсетсің.

Ханша: Рахмет, достарым. Құтқарыңдар мені.

Хан: Қызым!Алтыным ! (құшақтайды) қуанып:

Жүзімізде күлкі ойнап

Естіледі әніміз

Жаңа жылды қарсы алып

Би билейміз бәріміз.

(Жалпы би немесе хоровод орындалады.)

Аяз ата: Ал енді ойын ойнаймыз. Шеңберде ойын «Кімнің дауысы», ойын біткен кезде

Аяз ата: шаршадым демалайын.

Жүргізуші: отырыңыз.Ата, күлкі патшалығынан келген көңілді петрушкалар биін тамашалайық.

Қаршақыз ортаға шығып:

Ауламызда ұшып жүрген

Ақ мамық қар себелеп

Ұлпа қарларды шақырдым

Бізге билеп берсін деп.

Ұлпа қарлар биі.

Би біткен кезде Аяз ата: Салқындап қалдым ғой, рахмет кішкентай ұлпа қарларым. Сол кезде Жалмауыз кемпірді сүйреп оның немере қыздары келеді. (жылтырақ пакеттердің әр түрін киген 5-6 қыз кіреді) Жалмауыз кемпір де өзгерген , әдеміленген, жұмсақ үнмен:

- Сендермен көңіл көтеруге бола ма ?

Хан: Сен тағы не ойлап келдің ?

Жалмауыз кемпір: Жоқ, жоқ! Мен енді жақсы боламын, өзгердім. Мына немерелерім мерекеге барайық деп қоймаған соң алып келдім.

Аяз ата: немерелеріңіз үшін рахмет берейік, кіріңдер онда!Жалмауыз кемпір қыздарымен шыршаның жанына келіп тұрады.

Жалмауыз кемпір: шаршаттыңдар ғой. Мақұл не ойнаймыз?Тығылмақ ойнадық па ?

Қыздары: Ойнадық.

Жалмауыз кемпір: « Соқыр теке» ойнадық па ?

Қыздары : Ойнадық.

Жалмауыз кемпір: Онда не керек сендерге ?

Қыздары : Әже билейік!

Жалмауыз кемпір: Аямайсыңдар мені! Музыка жылдам болмасын !

Жалмауыз кемпір мен қыздары хореографиялық би билейді. Би біткен кезде Жалмауыз кемпір құлайды. Қыздары жайлап қасына барып бір-біріне : Өліп қалды ма ?- дейді.

Жалмауыз кемпір отырып: Ия, саған өлмеймін. Атып тұрып: фокус көрсетем: (сыпырғысымен қолын көтеріп әр түрлі сиқырлы қимылдар жасап)

Тары бары растабары

Елка шырша каламбей

Шуры –муры, шары-вары

Самба –ламба, милки вэй деп, қыздарын қуады. Олар шыршаны айнал қашады. Аяз ата алдынан шығып : Тағы ма ?

Жалмауыз кемпір: Қорықпа шал, мен ойын ойнауға орын дайындап жатырмын. (сыпырып қояды) Кім ойнайды ? Келіңдер.

Ойын

Шарты:

6 баладан 2 команда құрылып, бірі қызыл, бірі көк сыпырғымен шыршаны айналып жүгіреді. Бірінші келгендер жеңімпаз атанып, сыйлық алады. мереке соңында сиқыры сөздер арқылы шыршаның астындағы үлкен қап табылады.

Аяз ата: Мереке тамаша өтті, рахмет сендерге балалар . Енді сыйлығымызды алайық.

Жүргізуші: . Олай болса, бізге--------- өзінің ғажайып сыйлықтарын әкелді. Уақыт: Қош келдің, Жаңа жылым,

Көп болар жаңалығың

Саған жыл бақ сый еттім.

Жаңа нұр күттім, досым,

Жаңа жыл құтты болсын !


Жаңа Жыл: Туғызам айды бүгін

Әр күнім айбынды күн

Күлімдеп нұр шығады

Күншілдік тұншығады

Әкелдім бейбіт күнді

Ешбір жан болмас мұңды


Аяз ата: Қадамың құтты болсын

Денсаулығың мықты болсын !


Жүргізуші:


Жас достар, қазір ғана табалдырығымызды аттаған Жаңа жылдың болуы берік болсын. Бұл жылы да елімізде тыныштық болып ырыс –құтымыз азаймасын! Енді әдемі әнімізді , бұралған биімізді, күмбірлеген күйімізді Жаңа жылға шашу ретінде шашайық.


Қымбатты қонақтар!


Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін.

Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.01.2019
648
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі