жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сценарийлер "Анашым мерекеңмен"
Мақсаты:
Жүргізуші: Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі -8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана қуанышы,әйел қуанышы-әр үйдің,отбасының,Отанның мерейі. Дендеріңізге саулық,отбасынызға бірлік-береке,кенен табыс,қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып,мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймыз.
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік болып жұлдызыңыз,
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға,
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!
Би: «Пять февральских роз».
Жүргізуші: Бірде періштелер бұлттарда отырып болашақ аналарын таңдап отырыпты.
1-періште:
Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын ақ мамам!
2-періште:
Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!
3-періште:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
4-періште:
Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ анам.
Менің анам сүйкімді,
Бәріненде жақсы адам.
5-періште:
Ана әнмен тербетеді,
Күйге бөлеп жаныңды.
Көңіліңді сергітеді,
Балбыратып тәніңді.
6-періште:
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың,
Аман сау бол ақ мамам!
Ән: «Ана».
Айша :
Мамочке моей родной
Хочется мне пожелать
Чаще дома быть со мной,
Чтоб одной мне не скучать.
Чтобы мы читали книжки,
Сшили шапочку для мишки.
Рядом с мамой мне светло,
И уютно, и тепло!
Арман : Я капризничать не стану,
Огорчать не буду маму.
Если аппетита нет,
Всё равно доем обед.
По порядку разложу
Я на полке книжки,
На диване рассажу
Тигра, зайку, мишку.
Потрудиться мне не лень,
Ведь сегодня мамин день!
Ән: «Ана».
Залға газет тілшісі кіреді. Қолында фотоаппарат, сөмке,блокнот, қарындашы бар.
Тілші : Сәлеметсіздер ме! Мен тура келдім бе? Бұл балабақшама? Аналарға арналған ертеңгілік пе?
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе!Ия, дұрыс келдіңіз,бұл балабақшадағы аналарға арналған ертеңгілік.
Тілші : Мен «Аналар құпиясы» атты газеттің тілшісімін. Арнайы аналар мерекесіне арналған басылымға ең жақсы ананы тауып,фотоға түсіріп әкелсін деп жіберді. Бұл залда ондай аналар барма?(залға қарап,аналарға назар аударады). Ия,ия! Көріп тұрмын,бұнда қызықты,тартымды аналар бар екен(фотоаппаратқа түсіреді). Бірақ,сіздердің қайыссыңыз ең жақсы екенсіздер? Мүмкін маған балалар айтып жіберер? Балалар,кімнің анасы ең жақсы?
Балалар: Менің!
Жүргізуші: Құрметті тілші! Бізде барлық аналар әлемдегі ең әдемі,аяулы жандар!
Тілші: Бірақ маған тек біреуін ғана таңдап алу керек. Мен ең жақсы анаға сайыс жариялауды ұсынамын. Келісесіңдер ме?
Жүргізуші: Жақсы,байқап көрейік! Ал балалар болса бізге көмектеседі.
Тілші: Алдымен мен сендердің аналарыңды сынап көрейін фотомодель бола алама екен,фотода қалай көрінер екен?
Жүргізуші: ендеше мынадай сайыс өткізейік: «Менің анам-фотомодель»!
Бұл сайысқа үстел үстінде әртүрлі әшекейлер,банттар,орамалдар, шляпалар, мойынорағыштар қойылады. Үстелдің айналасына орындықтар қойылады.
Жүргізуші: Міне,әртүрлі әшекейлер мен киімдер. Балалар өз аналарын киіндіріп, әдемілеп, безендіріп модельдерді дайындайды,аналар өз бейнелерін көрсетіп шығады.
Фотомодельдер шеруі өтеді.
Тілші: Тамаша,тамаша! Өте әдемі аналар! Қандай керемет!
1-бала:
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
2-бала:
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
3-бала:
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Ән: «Жан ана».
Жүргізуші: Бүгін біздің залда балалардың аналары ғана емес әжелері де бар. Бұл әжелеріміздің де мерекесі емеспе. Әжеде ана ғой-анаңның,әкеңнің анасы.
Құрметті әжелер өз немерелеріңіздер құттықтау сөздерін қабыл алыңыздар.
1-бала:
Әже деген көп шығар
Әжемдейі жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
2-бала:
Айналайын дегені, жанға рақат
береді
Көңіліңді табады, әнді қалай салады.
3-бала:
Менің әжем, бұл әжем
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем
Ән: «Әже».
Тілші: (әжелерді фотоға түсіреді): Сіздердің әжелеріңіз өте әдемі екен және жас екен. Әжелер тоқыма тоқығанды ұнатады емеспе. Мен әжелерге сайыс өткізуді ұсынамын «Жіпті қайта орау» деп аталады. Ал жеңімпазға естелік ретінде фото сурет беремін.
Әжелер жылдам жарыса жіпті жинайды,немерелері көмектеседі.
Жүргізуші: Келесі құттықтау біздің балалардан қабыл алыңыздар!
Би: «Кірпілер».
Тілші: Ия,балалар билей біледі екен,ал аналары билейме әлде жоқпа? Ең биші ананы таңдап көрерміз?
Би: «Ұлдар мен аналары».
Жүргізуші: аналарымыздың қалай билейді екендерін көрдік,ал енді аналар музыкалық аспабта қалай ойнайды екен? Тамашалап көрейік. Тапсырма болса мынадай: бала анасына жылдам белдемшені кигізіп,баянға дейін жүгірулері керек,кім бірінші болса сол ана баянда ойнайды,жеңілген ана билейді.
Сайыс: «Көңілді киіну».
Тілші: Ой,мені қатты шатастырып жібердіңдер! Аналарың биді де жақсы билейді екен. Кімді газет бетіне таңдап алсам екен?
Жүргізуші: ендеше сіз ойлана тұрыңыз ал,біздің балалар аналарын әжелерін және балабақша жұмыскелерін тағы бір рет мерекелерімен құттықтай отырып би билеп берсін.
Би: «Пупсик»
Тілші: Мен таптым! Тағы бір сайыс өткізейік! Ең спортты ананы іздеп көрейік,ең жылдам,ең шапшаң кім женсе сол ана жеңімпаз атанады.
Жүргізуші: Жарайды! Ал тапсырма мынадай: екі командаға бөлінеміз, сыпырғышпен шарды белгіге дейін сыпырып,кері қарай сырып келу керек, келесі ойыншыға сырыпғышты тапсырады. Қай команда бірінші болып тапсырманы орындаса сол команда жеңімпаз болады.
Тілші: Бұл жерде де барлық аналар тырысып жатыр. Кімді таңдасам екен? Балалар мүмкін сендер көмектесесіңдер,кімнің анасы ең жақсы?
Балалар: Менің!!!
Жүргізуші: Құрметті біздің тілші! Бұл сұрақта бір мәмлеге келе алмайтын сияқтымыз,өйткені әр балаға өз анасы ең жақсы,әдемі,сұлу,солай емеспе балалар?
Тілші: Ендеше мен барлық аналарды бірге фотоға түсіріп газет бетіне шығарайын. Ал,ендеше ең жақсы аналар,назар аударыңыздар! (фотоаппаратты дайындайды). Күлімсірейміз! Дайын! Біздің газетіміздің мұқабасында өздеріңізге арналған мақалаланы тағаттана күтіңіздер!
Қош сау болыңыздар!
Жүргізуші: Бүгінгі мекереміз соңына келіп жетті,бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да бір мәрте құттықтай отырып,дендеріңізге саулық шаңырақтарыңызға шаттық,ырыс-құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып,күндеріңіз нұрға толсын!
1-бала:
Анам менің аялаған,
Құшағынан сая табам.
Қанша жақсы болса –дағы,
Сендей ана қайда маған.
2-бала:
Ана –біздің күніміз,
Ана –біздің гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Жүргізуші: Балалардың өз қолдарымен
дайындаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар! Назарларыңызға
рақмет!
Ата-анамен ойын: Айтса айта берсін.
1.8-наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?
2.Жарыңыздың осы мерекеге сыйлаған ең алғаш сыйлығы есіңізде ме?
3.8-наурыз мерекесі қайдан шықты?
4.8-наурыз мерекесі біздің елімізде қай жылдан бастап өтіліп келе жатыр?
5.8-наурыз мерекеде өз анаңызға қандай сыйлық жасар едіңіз?
1-періште:
Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын ақ мамам!
2-періште:
Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!
3-періште:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
4-періште:
Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ анам.
Менің анам сүйкімді,
Бәріненде жақсы адам.
5-періште:
Ана әнмен тербетеді,
Күйге бөлеп жаныңды.
Көңіліңді сергітеді,
Балбыратып тәніңді.
6-періште:
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың,
Аман сау бол ақ мамам!
Айша :
Мамочке моей родной
Хочется мне пожелать
Чаще дома быть со мной,
Чтоб одной мне не скучать.
Чтобы мы читали книжки,
Сшили шапочку для мишки.
Рядом с мамой мне светло,
И уютно, и тепло!
Арман : Я капризничать не стану,
Огорчать не буду маму.
Если аппетита нет,
Всё равно доем обед.
По порядку разложу
Я на полке книжки,
На диване рассажу
Тигра, зайку, мишку.
Потрудиться мне не лень,
Ведь сегодня мамин день!
1-бала:
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
2-бала:
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
3-бала:
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
1-бала:
Әже деген көп шығар
Әжемдейі жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
2-бала:
Айналайын дегені, жанға рақат
береді
Көңіліңді табады, әнді қалай салады.
3-бала:
Менің әжем, бұл әжем
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем
1-бала:
Анам менің аялаған,
Құшағынан сая табам.
Қанша жақсы болса –дағы,
Сендей ана қайда маған.
2-бала:
Ана –біздің күніміз,
Ана –біздің гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
№6 «Қуаныш» тобы
Қанат Абай
№6 «Қуаныш» тобы
Санақ Еркебулан

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген