Материалдар / Сценарий"Туған өлке"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сценарий"Туған өлке"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану пәндерінің апталығының ашылу салтанаты туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1391
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Туған өлке» апталығының ашылу салтанаты

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Туған өлке» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер! Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән аптылықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар Жаратылыстану пәндерін тек сабақта ғана пайдаланып қоймай , өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс- шаралар өткіземіз. Сол іс-шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту.

1 - жүргізуші: Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жар салайық!

Бүгінгі кеш төрінде,

жаратылыстану елінде,

орыс, қазақ тілінде,

Тақпақ айтып жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып…

Шабыттанып, шалқысып,

Көңілді ән салысып.

қызықты кеш жасайық.

Ат салысып аянбай,

Бар өнерге басайық.


2 – жүргізуші: Бүгін біз биология, химия, география,тарих елдеріне саяхат жасаймыз. Алғашқы ат басын тірейтін еліміз – биология елі

1 – жүргізуші: Ендеше кезекті бізді қоршаған тірі табиғаттың қыр – сырын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін меңгертетін биология ғылымы жөнінде айтары бар жас өрендерге берейік


1 - оқушы: Табиғатың құпиясы тұңғиық,

Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,

Білген сайын сырын оның жүреміз

Жүректерге өшпес жалын нұр құйып

Табиғаттың қадірлеп қасиетін

Әділдікке әрқашан бас иетін

Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп

Халқың айтқан орынды өсиетін






2 – жүргізуші: Келесі саяхат жасар еліміз Химия болмақ.


1 – жүргізуші: ендеше химия қандай ғылым екенін оқушылардан естиік


Қадыр Мырзалиев «Менделеев кестесі»

Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын,

Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.

Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,

Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.

Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,

Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.

Анау емес, мынау емес – Титан болу сырың ба?

О, жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?

Темірдей деп мақтаушы едік,

Темірдің де кезі өткен

Кезі өтпесе, тұрар ма еді 26 - шы кезекте.

Былқ етпейтін сабырлы да, салмақтысы болғасын,

Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.

Ал орынын сұрама сен,

Айтуға оны ұялам.

Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан

Элементтер ішінде де қатты сірә қақтығыс,

Шылапшындық мысыңнан да тұр кейіндеу ақ күміс.

Күміс дейміз

Күмістің де өмір емес өмірі –

Екінші емес,

Үшінші емес –

Қырық жетінші нөмірі.

Қалай саған ұнай ма бұл?

Ұнаса егер, ал тыңда:

Жүлделі орын тимей қалған платина,

Алтынға!

Жетпіс сегіз,

Жетпіс тоғыз –

Екеуінің кезегі

Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.

Тас - талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,

Платина сұп - сұр болып, қаны шыққан бетінен

Құрметті тор тимесе егер шын асылда барма айып?

Өз орынын күте - күте кеткен алтын сарғайып.








3-оқушы.

Химияда болады көп ертегі,
Салт – дәстүрмен келе жатқан ертелі.
Химия – біздің жас кеме ғой,
Болашаққа бағытталған желкені.
Күшейтеміз химияның сапасын!
Берер бізге болашақ ақ батасын.
Ғылымдардың негізгі бір саласы
Химиямыз мәңгі – бақи жасасын!
2 – жүргізуші: саяхатымызды одан әрі жалғастырамыз. Келесі ел - география елі

1 – жүргізуші: География ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін «география» деп атаған екен. Және, ұзақ уақыт бойы география жаңа жерлерді ашып сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді.


2 – жүргізуші: ХІХ ғасырдың басында бүкіл Жер шарында ашылмаған жер қалмаған екен. Осыған орай географияның міндеті де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі денелер мен құбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай, олардың себебін түсіндіретін ғылымға айналды.

Ал қазір география білгірлеріне сөз берейік.


1 - оқушы: Қазақстанда 16 - дан астам ірі қала бар. Солтүстікте – Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар, ал Шығыста – Өскемен, Семей қалалары орналасқан.

2 - оқушы: Оңтүстікте – Қызылорда, Талдықорған, Түркістан, Тараз, Шымкент, Алматы, ал Батыста – Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалалары бар.

3 - оқушы: Солтүстік және Шығыстағы қалаларды орман - тоғай қоршаған. Ең әдемі жері – Бурабай көлі.

4 - оқушы: Қазақстанның орталығындағы Қарағанды, Жезқазған, Астана қалалары Сарыарқа даласында орналасқан.

5 - оқушы: Батыстағы қалалар Нарынқұмда, Каспий теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің бойында тұр.

6 - оқушы: Оңтүстіктегі қалалар Арал теңізі мен Сырдария, Шу, Іле өзендері мен Алакөл, Балқаш көлдері жанында орналасқан.

7 - оқушы: Шығыстағы қалалар Ертіс өзенінің бойында орналасқан.

8 - оқушы: Қазақстанның батысында Мұғалжар, шығысында Тарбағатай, оңтүстікте Қаратау, Алатау таулары бар.

9 - оқушы: Қазақстанның қай қаласына барсаң да қонақжайлы, берекелі қазақ халқы сені құшақ жайып қарсы алады.

1 - жүргізуші: Осымен биология, химия, география,тарих ғылымдарының апталығының ашылу салтанаты да тәмәм болды. Біз сендермен қоштаспаймыз.


2 - жүргізуші: Бұл басы ғана, достар! Көретін қызықтар әлі алда! Апталықта бәрі бар - ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік! Сіздерді апта соңында марапаттар күтіп тұр!


Жұргізуші; Осымен жаратылыстану пәндері апталығын ашық деп жариялаймыз.

Ән: Жаса Қазақстан

Орындайтын 6 а сынып оқушысы Смағул Рамазан



Назар салып тыңдағындарыңызға көп көп рахмет!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!