«Scratch бағдарламалау ортасы арқылы оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту» бағдарламасының маңыздылығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Scratch бағдарламалау ортасы арқылы оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту» бағдарламасының маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада Scratch бағдарламалау ортасының оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамытудағы рөлі қарастырылған. Автор оқушылардың алгоритмдік ойлау қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін және ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған авторлық бағдарламаны ұсынады. Scratch платформасының оқыту үдерісіндегі тиімділігі апробация нәтижелері арқылы дәлелденген. Бағдарлама пәнаралық байланысқа негізделіп, балалардың ақпараттық технологиялар әлемінде табысты жұмыс істеуіне жағдай жасайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Қонаев қаласы

«Ахмет Жұбанов атындағы №5 орта мектеп» КММ

Информатика пәні мұғалімі

Низанова Анар Орынбасаровна


«Scratch бағдарламалау ортасы арқылы оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту» бағдарламасының маңыздылығы

Қазіргі ақпараттық білім беру ортасы оқыту сапасын арттыру мақсатында компьютерлік бағдарламалау құралдарын қолдануға ерекше қызығушылық танытып отыр. Бұл жағдай мемлекет, қоғам және білім беру жүйесінің оқу үдерісін цифрландыру талаптарына сәйкес, бағдарламалық құралдарды қолдану мен талдаудың өзектілігін көрсетеді.

Уақыт талабына сай болу үшін бағдарламалау негіздерін бастауыш сыныптардан бастап үйрету басталған. Себебі, 6-8 жастағы балалардың ойлау қабілеттері белсенді дамитын кезеңінде оларға жаңа білім беру оңайырақ. Бұл жастағы балаларды бағдарламалаудың негіздерімен таныстыру олардың болашақта осы дағдыларды игеруге деген қабілеттерін арттырады. Керісінше, уақыт өте келе жаңа білімді қабылдау қабілеті төмендейді, ал бағдарламалауды ерте меңгеру болашақта олардың ақпараттық технологиялар әлемінде еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Мектептерде бағдарламалауды оқыту мәселесіне жүйелі көзқарастың жетіспеушілігі маңызды проблема болып отыр. Қазіргі таңда мектептерде бағдарламалау тілінің құрылымдары мен жеке тапсырмаларды шешуге арналған құралдары ғана оқытылады. Оның өзінде бағдарламауға әр сынып бойынша білім беру стандартының тек бір бөлімі арналған. Бұл мәселе оқушылардың бағдарламалауға деген қызығушылығының төмендеуіне әкеледі. Бағдарламалауға табиғи бейімі бар балалар бұл дағдыларды өз бетімен меңгеруі мүмкін, ал қалғандары оны «тек таңдаулыларға арналған қиын және іш пыстырарлық пән» деп қабылдауы мүмкін. Алайда, бағдарламалау тек IT саласына ғана емес, кез келген салада қолдануға болатын маңызды дағдыларды қалыптастырады.

Бағдарламалау сабақтарында балалар ең алдымен ақпаратпен жұмыс істеуді, оны талдауды, басқаруды және жіктеуді үйренеді. Бұл дағдылар қазіргі күннің басты талаптарының бірі болып отырған «ақпараттық ортада» өте маңызды. Scratch сияқты бағдарламалау орталарын қолдану балаларға компьютердің жұмыс принциптері мен оның мүмкіндіктерін түсінуге көмектеседі. Барлық балалар болашақта бағдарламашы болмаса да, бағдарламалау сабақтарында алған білімдері мен дағдылары оларға өмірдің әр саласында пайдалы болады. Компьютерлер біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болғандықтан, бұл дағдылардың маңыздылығы тек арта түседі.

Қазақстанның білім беру жүйесі цифрлық трансформация жағдайында оқушылардың IT-құзыреттерін қалыптастыруға басымдық береді. Мемлекет ұсынған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы цифрлық дағдыларды дамытуға арналған тиімді құралдарды қолдануды талап етеді. Scratch бағдарламалау ортасы – осы мақсатқа жетудің қарапайым әрі қолжетімді құралы. Бұл платформа оқушыларға алгоритмдік ойлауды, мәселелерді шешу қабілетін және шығармашылық дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар, Scratch визуалды бағдарламалау тілінің қазақ және орыс тілдерінде қолжетімділігі ауылдық жерлердегі және ресурстары шектеулі мектептерде сапалы білім беру мүмкіндігін арттырады.

Осы мәселенің ғылым мен тәжірибе үшін маңыздылығын ескере отырып, авторлық бағдарламаның тақырыбын «Scratch бағдарламалау ортасы арқылы оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту» деп таңдадым.

Рухани жаңғыру – ұлттық сананың түрлі тармақтарын қиыннан-қиыстырып, бір арнаға тоғыстыру деген сөз. Бүгінгі цифрлы дамудың арқасында мәдениеттер тоғысып, ұлттық дүниетаным ұғымы әлсіреген тұста ұлттық мұраларымызды есептеуіш техника саласымен сабақтастырып, ұлттық дүниетанымға негізделген бағдарламалар құрастыру– біздің басты мақсатымыз. Осыған орай, мен бағдарламамда цифрлық өнім арқылы ұлттық мұраларымызды баланың бойына сіңіру, қазақы болмысты қалыптастыру-бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі деп түсіне, еліміздің ұлттық құндылықтарымызбен байланыстыруды жөн көрдім.

Бағдарламамның басты мақсаты – тек бағдарламалау негіздерін үйрету ғана емес, баланың шығармашылық әлеуетін дамыту. Сонымен қатар, ол ұлттық құндылықтарды Scratch арқылы насихаттауға бағытталған.

Менің бағдарламам – тек бастауыш сынып оқушылары үшін ғана емес, ата-аналар үшін де үлкен мүмкіндік. Бұл – балаларымыздың цифрлық сауаттылығын дамытудағы алғашқы қадамы. Scratch-та алған білімдері арқылы олар болашақта Python, Java сияқты күрделі бағдарламалау тілдерін меңгере алады.

Бүгінгі таңда цифрлық сауаттылық – жай тренд емес, ол өмір сүру дағдысына айналды. Егер балаларымыз технологиялармен ерте жастан дос болса, болашақта ол цифрлық әлемнің көшбасшысы бола алады.

Неге Scratch дей сіздер ма?

Себебі Scratch – балаларға арналған бағдарламалау тілі ғана емес, ол – үлкен мүмкіндік. Бұл платформа арқылы оқушыларымыз:

  • Өзінің алғашқы ойындарын жасап, анимация құрастыра алады.

  • Алгоритмдік және логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

  • Бағдарламалау әлемімен оңай әрі жеңіл танысады.

Scratch-та қиын синтаксис жоқ. Барлық командалар визуалды түрде ұсынылады, бұл бастауыш сынып оқушылары үшін өте ыңғайлы. Балалар өз жобаларын құру барысында шығармашылық әлеуетін көрсетіп, өз идеяларын жүзеге асырады. Бұл тек бағдарламалау емес, баланың еркін ойлауына жасалған қадам.

Бағдарлама үш негізгі бағытқа негізделген:

  1. Цифрлық сауаттылықты дамыту: Оқушылар Scratch платформасы арқылы бағдарламалаудың негізгі принциптерін меңгереді. Олар алгоритмдер құру, логикалық байланыстарды талдау және қарапайым тапсырмаларды шешуді үйренеді.

  2. Ұлттық құндылықтарды насихаттау: Бағдарламада оқушылар Scratch көмегімен қазақтың ұлттық ойындарын, ертегілерін және ою-өрнектерін визуализациялайды.

  3. Шығармашылық қабілеттерді дамыту: Оқушылар интерактивті ойындар, анимациялар және мультфильмдер жасап, өз идеяларын жүзеге асырады.

Бағдарламаның тағы бір маңызды ерекшелігі – оның пәнаралық байланысы. Scratch жобалары математика, қазақ тілі, әдебиет және бейнелеу өнері пәндерімен тығыз интеграцияланған. Мысалы, оқушылар математикалық есептерді визуализациялап, әдеби ертегілерді интерактивті форматта ұсына алады.

Бағдарламам қала және облыс мектептерінен апробациядан өтіп, апробация барысында өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Апробацияның позитивті нәтижелері төмендегідей болды:

  • Қызығушылықты арттыру: Scratch ортасы балаларға визуалды түрде программалау жасау мүмкіндігін ұсынады, бұл оларды қызықтырып, оқуға деген мотивациясын арттырады. Оқушылар бағдарламаның көмегімен түрлі ойындар мен анимациялар жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыра алды.

  • Цифрлық сауаттылықты дамыту: Scratch арқылы оқушылар тек программалау тілін ғана емес, сонымен қатар цифрлық ортада жұмыс істеу дағдыларын да меңгерді. Олар ақпаратты өңдеудің негізгі принциптерін түсініп, цифрлық құралдарды тиімді қолдануға үйренді.

  • Топтық жұмыс дағдылары: Бағдарламаның апробациясы барысында оқушылар арасында топтық жұмыс жасау мүмкіндігі пайда болды. Бұл олардың коммуникация, ынтымақтастық және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға ықпал етті.

  • Логикалық ойлау мен проблемаларды шешу қабілеттерін дамыту: Scratch бағдарламасын пайдалану балалардың логикалық ойлауын, алгоритмдерді құру және проблемаларды шешу дағдыларын жетілдіруге көмектесті. Бұл дағдылар оларды тек информатика сабағында ғана емес, жалпы оқу процесінде де пайдалы болады.

  • Бағдарламаға бейімделу: Оқушылардың көпшілігі Scratch бағдарламасына тез бейімделіп, өздігінен жұмыс істеуге дағдыланды. Бұл оларды информатика сабағында белсенді және тиімді қатысуға ынталандырды.

Scratch бағдарламалау ортасы арқылы оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту» авторлық бағдарламасы бойынша білім деңгейінің нәтижесін талдауда оқушылардың білім де6гейлері 70%-ға дейін арта түскені анықталды. Scratch бағдарламалау ортасындағы дағдылар мен алгоритмдік ойлау қабілеттері айтарлықтай жақсарды. Бұл бағдарламаның тиімділігін дәлелдейді және оның білім беру процесінде қолдануға лайық екенін көрсетеді.

Қорытындылай келе, авторлық бағдарламам оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамытуға үлкен үлес қосып, оларды заманауи ақпараттық технологияларды меңгеруге бағыттайтын тиімді құрал ретінде анықталды. Бұл бағдарлама алдағы уақытта да кеңінен қолданылып, оқу процесінде маңызды рөл атқаратынына сенім білдіремін.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2024
282
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі