жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Scratch программалау ортасы” тақырыбындағы үйірме сабағы
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылы
К.Қасымов атындағы шағын орталықты орта мектебі
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
«Scratch программалау ортасы”
тақырыбындағы үйірме сабағы
5-сынып
Мухамбетова Гульмира Абдыгалиевна
2018-2019 оқу жылы
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылы К.Қасымов атындағы шағын орталықты орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Мухамбетова Гульмира Абдыгалиевнаның «Scratch программалау ортасы”
тақырыбындағы үйірме сабағына
Пікір
Ұсынылып отырған авторлық бағдарлама жан-жақты білімділігімен қатар, компьютерлік сауаттылығы дамыған, шығармашылықпен айналысатын, халық даналығын бойына сіңірген оқушылар ғана өз елінің еңсесін тіктеп, мәртебесін көтермек деген мақсатпен жасақталған. Бұл құралда компьютерлік сауаттылықтың кеңеюі оқыту мен үйрету әдістемелерін жақсарту, оқытудың жаңа технологияларын қолдануы қарастырылады.
Бұл қолданбалы курс арқылы Scratch программалау ортасында әр түрлі қызықты жобалар, бағдарламалар жаза отырып, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, компьютерлік сауаттылықтары артатыны сөзсіз. Scratch программалау ортасында оқушылар визуалды нысанға өз беттерінше шығармашылық жобалар жасай отырып, программалаудың алғашқы сатыларын меңгереді.
Авторлық бағдарламаның бірінші бөлімі - теориялық бөлім, екінші бөлімі - практикалық бөлім. Үшінші бөлімінде қазақ ертегілері кейіпкерлерін қолданып, жоба жұмыстарын жасау жоспарланған.
Ұсынылып отырылған әдістемелік құралда Scratch программалау ортасын оқушыларға тереңдете оқыта отырып, қазақ ертегілерінен жобалар жасап, ұлттық құндылықтарды дәріптеу баса назарға алынған. Әдістемелік құрал – ұстаздың жылдар бойы жинақтаған іс-тәжірибенің қорытындысы.
Мойынқұм ауданы әкімдігінің
білім бөлімінің информатика
пәнінің әдіскері:
____________________________________
Көшербаева Қаламқас Доғдырханқызы
«Scratch программалау ортасы” тақырыбындағы үйірме сабағы 5-сыныпқа арналған таңдау пәндері негізінде жасалып, орта буын сынып оқушыларының курс материалдарын тереңдете оқытуға шарықтауына мүмкіндік береді. Курста әр оқушының белгілі тақырыптардан өз бетінше жұмыс жасауына мән беріледі. «Scratch программалау ортасы” тақырыбындағы үйірме сабағы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, «оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептерге» арналып жасалған. «Scratch программалау ортасы” тақырыбындағы үйірме сабағы оқыту қазақ тілінде жүргізілетін білім беру мекемелерінің информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған.
«Scratch программалау ортасы”
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
5-сынып
Түсінік хат
Ақпараттық қоғам жағдайында информатика пәнінің рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қатынасын үйлесімді етеді. Қолданбалы бағдарламаның негізгі міндеттері оқушылардың ақпаратты тарату және қолдану, оқушыларды дүниежүзілік ақпараттану әлемі жөнінде түсінік алуға, компьютерлік технологиялардың жаңалықтарын өзінің білімі саласында жүйелі түрде өзін-өзі дамыту ретінде қолдану болып табылады. Бұл ұсынылып отырған бағдарлама арқылы 5-сынып оқушылары АКТ құралдарын өздерінің оқу әрекетінде, кейінірек бағдарлы бағытта саналы, әрі тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыра алады.
Scratch – бұл кодты жазу процесін жеңілдететін бағдарламалаудың визуальді тілі. Оны әр алуан көңілді және қызықты бағдарламалар жазу үшін қолдануға болады. Scratch – бұл бағдарламалау бастамасының өте жақсы әдісі. Scratch программалау ортасында оқушылар визуалды нысанға өз беттерінше шығармашылық жобалар жасай отырып, программалаудың алғашқы сатыларын меңгереді.
5-сынып оқушыларына Scratch программасын оқытуды енгізу - оқушыларды программалау мен ақпараттық технологияларға баулудың негізі болып табылады. Scratch программалау ортасы 5-6-сынып оқушылары үшін қызықты бағдарлама екені сөзсіз. Аталған бағдарламалау ортасында әрбір бала өзінің шығармашылық қабілетін көрсете алады. Себебі Scratch программалау ортасында түрлі мультфильмдер, ойындар, анимациялық ашықхаттар, тұсаукесерлерді дайындауға болады. Сонымен қатар алуан түрлі суреттер салып, өз кейіпкерлеріне графикалық өңдеу жұмыстарын жүргізіп, дыбыстық сүйемелдеу арқылы қызықты оқиғалар мен ертегілер құрастыра алады. Осының барлығын оқушылар аталған бағдарламаның мультимедиялық мүмкіндіктерін қолдана отырып, жүзеге асырады. Бұл бағдарламалау ортасында өз кейіпкерлерін қозғалысқа келтіріп, сурет салып, түрлі дыбыстармен жұмыс жасап, өз ойындарын да жасай алады.
Scratch – мультимедиялық жүйе. Тілдің операторларының көп бөлігі анимациялық және бейне эффектілер құруға, дыбыс пен графикамен жұмыс жасауға бағытталған. Оқушылар өздеріне ұнайтын кейіпкерлермен түрлі ойын орталарын құра отырып, мультимедиялық ақпаратпен жұмыс жасауға машықтанады. Нәтижесінде алгоритмдерді құрастырудың принциптерімен танысып, программа құру жолдарын меңгереді.
Scratch – оқушыларға сонымен қатар модельдеуді үйретудің таптырмас құралы болып табылады.
Scratch технологиясын қолдана отырып, оқушылар:
программалауды меңгереді;
шығармашылық қабілеттерін дамиды;
ойындар құрастырып, әр түрлі анимациялық ертегілер жасай отырып, интерактивтілік үрдіске қатыса алады;
шағын жобалар жасай алады;
ақпараттық қоғамда белсенділік таныта алады;
компьютерлік сауаттылығы артады.
Оқушылар Scratch-те программаны жаза отырып, технологиялық ғасырда бәсекеге қабілетті ортаға бейімделген тұлға болып қалыптаса алады.
Үйірме бағдарламасының тақырыптық жоспарының мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Scratch программалау ортасында түрлі жобалар, ойындар жасап үйрену.
ІІІ. Scratch программалау ортасында қазақ ертегілері кейіпкерлерін қолданып, жоба жұмыстарын жасау.
Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, оқу жылына 34 сағат
Үйірменің мақсаты:
Оқушылардың бойында заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін арттырып, жобамен жұмыс барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу. Scratch программалау ортасында программалау сценариін жасау және оны жүзеге асыру, программалаудың негізін меңгерту, қазақ ертегілері кейіпкерлерін қолдана отырып, әр түрлі жобалар әзірлеуді үйрету.
Үйірменің міндеттері:
ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, сабақта, болашақта тиімді қолдану біліктерін дамыту;
Scratch программалау ортасындағы программалау кезеңінде нысандар анимациясы мен оқиғаларды құруды меңгерту;
Ойын ортасындағы программалау сценариін жасау және жүзеге асыруды дамыту;
Қазақ ертегілері кейіпкерлерін қолдана отырып, әр түрлі жобалар әзірлеуді үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
ақпараттық ойлау мәдениеті қалыптасады;
программалауды меңгереді;
шығармашылық қабілеттері дамиды;
шағын жобалар жасай алады;
ақпараттық қоғамда белсенділік таныта алады;
компьютерлік сауаттылығы артады.
Әдістемелік нұсқаулар
Сабақтың әр кезеңінде білім алушыларды ынталандыратын және бақылайтын оқытудың неғұрлым тиімді әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау, білім алушылардың өздігінен білім алуға талпынуын, танымдық белсенділігін қамтамасыз ететін, сабақ барысында топтық, жұптық және жеке жұмыс істеудің үйлесімді түрлі формаларын таңдау - үйірме мазмұнының негізгі әдістемелік ұстанымы болып табылады.
Теориялық материалдарды өткеннен кейін жаңа ұғымды бекіту үшін практикалық тапсырмаларға басымдық беріледі және электрондық түрде орындауларына мүмкіндік берілу қажет. Сабақ барысында ұзақтығы 5-10 минут болатын бақылау жұмыстарын алып отыру ұсынылады. Сондай-ақ тесттік тапсырмалар да оқушылардың білімін тексеруге мүмкіндік береді.
Үйірмені ұйымдастыру формасы:
лекция
шығармашылық - ізденіс жұмыстары
топтық-жұптық жұмыстарды орындау
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау:
компьютердегі практикалық жұмыстар
тесттік тапсырма
бақылау жұмысы немесе өзіндік жұмыс
ақпараттық диктанттар
5-сыныпқа арналған үйірме жұмысының
тақырыптық – күнтізбелік жоспары
«Scratch программалау ортасы”
№ |
Мазмұны |
Сағ. саны |
Күні |
Ескерту |
І бөлім. Scratch программалау ортасымен танысу ( 12 сағ.)
|
||||
1 |
Scratch программалау ортасының терезе элементтері |
1 |
||
2 |
Scratch программалау ортасының ерекшеліктері, «сахна», «скрипт», «спрайт» түсініктері |
1 |
||
3 |
Спрайтты таңдау және оны құру |
1 |
||
4 |
Scratch программалау ортасындағы блоктар. Қозғалыс блогы |
1 |
||
5 |
Түр блогы |
1 |
||
6 |
Дыбыс блогы |
1 |
||
7 |
Қылқалам блогы |
1 |
||
8 |
Мәліметтер блогы |
|||
9 |
Оқиғалар блогы |
1 |
||
10 |
Басқару блогы |
1 |
||
11 |
Сенсорлар блогы |
1 |
||
12 |
Операторлар блогы |
1 |
||
IІ бөлім. Scratch программалау ортасында жоба әзірлеу ( 10 сағат)
|
||||
13 |
Анимациялық графиканы құру |
1 |
||
14 |
Ойын программалау ортасында нысандар мен оқиғалардың анимациясын құру |
1 |
||
15 |
Жобаға дыбыс әсерлерін қосу. |
1 |
||
16 |
Ойын программалау ортасында диалог құру. |
1 |
||
17 |
Сызықтық, тармақталған, циклдік командаларды ойын программалау ортасында қолдану |
1 |
||
18 |
Жаңа нысан және костюм құру |
1 |
||
19 |
Нысан құру және костюм ауыстыру |
1 |
||
20 |
Жобаны баспаға дайындау |
1 |
||
21 |
Практикум. Жобалық жұмыс |
1 |
||
22 |
Практикум. Жобалық жұмыс |
1 |
||
IІІ бөлім. Scratch программалау ортасында компьютерлік ойындар жасау ( 8 сағат) |
||||
23 |
Ойынның идеясын анықтау |
1 |
||
24 |
Ойынның сценариін әзірлеу |
1 |
||
25 |
Сахна мен кейіпкерлерді бейнелеу |
1 |
||
26 |
Сценарийді жүзеге асыру |
1 |
||
27 |
Ойынды дыбыспен сүйемелдеу |
1 |
||
28 |
Ойынның бастапқы бетін құру |
1 |
||
29 |
Практикум. Компьютерлік ойындарды құру |
1 |
||
30 |
Практикум. Компьютерлік ойындарды құру |
1 |
||
IV бөлім. Scratch программалау ортасында қазақ ертегілері кейіпкерлерін қолданып, жоба жұмыстарын жасау ( 4 сағат)
|
||||
31 |
Практикум. « Қазақ ертегілері кейіпкерлерін қолданып, жоба жұмыстарын жасау» |
1 |
||
32 |
Практикум. « Қазақ ертегілері кейіпкерлерін қолданып, жоба жұмыстарын жасау» |
1 |
||
33 |
Практикум. « Қазақ ертегілері кейіпкерлерін қолданып, жоба жұмыстарын жасау» |
1 |
||
34 |
Жобаны қорғау. Қорытынды |
1 |
||
Барлығы |
34 |
|||
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мұғалімдер үшін:
Белова Г.В. Программирование в среде ЛОГО. Первые шаги. – М.: Солон, 2007
Великович Л., Цветкова М. Программирование для начинающих. – М.: Бином, 2007
Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. – М. Академия. – 2006.
Патаракин Е.П. Учимся готовить в среде Скретч - Версия 2.0
Оқушылар үшін:
«Информатика» оқулығы, 5-сынып. Г.А.Көпеева, Ү.М.Ділманова. Астана, «Арман-ПВ» баспасы, 2017 жыл
«Информатика» оқулығы, 6-сынып. С.Т.Мұхамбетжанова, А.С.Тен, Ө. Қыдырбек. Алматы, «Атамұра» баспасы, 2018 жыл
Интернет-ресурстар:
1. http://scratch.mit.edu/pages/source - программаны жасаушылардың сайты
2. http://scratch.mit.edu/ - программаның ресми сайты
3.http://scratch.ucoz.net/ Scratch деген не?
4. infos.kz, zerde.kz.
шағым қалдыра аласыз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген