400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ш"дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ш дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Осы кезге дейінгі өтілген әріптерді қайталау. Ш дыбысы және әрпімен таныстыру, түсіндіру.«Ш» дыбысын таныту. Құрамында жаңа дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға үйрету. Ш дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.
2. Тәрбиелік: Ұжымдық жұмысқа үйрету, әдептілік пен ұқыптылыққа баулу.
3. Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қалта, кеспе әріп, кеспе буындар, суреттер, дидактикалық материалдар, «Ойын - саяхат» схемасы, суретті таблица, жұмбақтар мен жаңылтпаштар.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, қайталату.
Сабақтың мазмұны
Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейіндерін аудару.
Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Үй тапсырмасын қайталау: Осы уақытқа дейінгі өтілген әріптерді естеріне түсіру.
Ұйымдастырылған оқу - іс әрекеті.
Шаттық шеңбері.
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы күн!
Қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін.
Бір - бірімізге күннің жылуын үрейік.
Өткен ұйымдастырылған оқу - іс әрекетіне ой - қозғау.
Балалар біздер алдымен өткен әріпті еске түсірейік
Біз алдынғы оқу іс әрекетімізде қандай дыбыс және әріппен таныстық.
Балалар У у дыбыс мен әрпін өткеніміз туралы айтады.
У әрпі бар сөздер ойлау.

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Миға шабуыл арқылы, жаңа оқу - іс әрекетіне көшу.
Жұмбақ шешу:
Үрлеп алып ойнауға болады,
Жинап алып, байлауға болады. (Шар)
Балаларға шар сөзін бірнеше рет қайталату арқылы жаңа дыбыспен таныстыру.
- Шар сөзінің басында қандай дыбыс естілуде?
- Ш дыбысы естіліп тұрғанын балалар айтады.
- Ш дыбысы қалай айтылуда?
- Кедергіге ұшырап, қысқа айтылып тұр.
- Ш дыбысы қандай дыбыс болады және оны қандай текшемен белгілейміз?
- Ш дыбысы дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгілейміз.
Ш дыбысы кездесетін сөздер ойлата, айтқызу.
- Шар, шана, ағаш, көше. т. б.
- Ш әрпін ауада жазу, Таспа түрінде «Ш ш» әрпін жазғызу.

Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық
Сызба үлгісіне қарап, сөйлем құрау, оны талдау жұмыстары ұйымдастырылады.
Көгершін, шаян. қайшы. шегіртке.
Дыбыстық, буындық талдау орындау.
Жаңа сабақты қорытындылау. Балалар, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?
- Балалар жабайы аңдарды деп, жауап береді.
Балалар осы аңдар сендерден көмек сұрап келіп отыр. Көмектесеміз бе?
- Ия.
«Тиіннің тапсырмасы» Сергіту жаттығуын жасату;
Бір, екі, үш. Бір, екі, үш
Бұлшықетте күш.
Мен ұшамын кептерше
Еңкейемін жерге қолым жеткенше.
«Жолбарыстыңтапсырмасы»
- Балалар, жолбарыс бізге «Алтын сандықша» беріп жіберіпті. Сандықтың ішінде не бар екенін табу үшін сендер жұмбақтар шешулерің керек. Жұмбақ шешкілерің келеме?
- Онда мұқият тыңдаңдар:
Тікен - тікен тік пісте,
Қысы - жазы бір түсте. (Шырша)

2. Жас кезінде қара орман,
Қартайған соң ағарған.(Шаш)

3. Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.(Шаңғы)

4. Жазда тынығады
Қыста зымырайды.(Шана)
Басталарын баянда! «Күн мен түн» Ш - дыбысы бар сөздерді тапқызу.
Сөздерді буынға бөлу; Шыр - ша, шаш, шаң - ғы, ша - на, шор - тан, ша - ян, ша - ға - ла.
Сендер бізге көмек бердіңдер, сендерге алғыстарымыз шекшіз.
Сендерге алғыс ретінде, мына жаңылтпашты бірлесе жаттасақ қалай қарайсындар.
Балалар келіседі.
- Шаңқ - шаңқ етіп шағала,
Шабақ ілер жағада.

Сабақты қорытындылау: 1. Бүгін қандай дыбыс және әріппен таныстық?
2. Қандай аңдарға көмек бердік?
3. Сендерге тапсырмалар орындаған ұнады ма?.
Белсенділік танытқан балаларды бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі