400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

Материал туралы қысқаша түсінік
себеп салдар салалас туралы сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы

Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты

Оқушылар себеп- салдар салаластың жалғаулықты, жалғаулықсыз түрін меңгереді.

Күтілетін нәтижесі

1.Себеп –салдар салаласты сөйлем ішінен таба алады.

2.Себеп мәнді салаласпен салдар мәнді салаласты ажырата алады.

Қолданатын әдіс-тәсілдер

««Бір қадам артқа»», талдау, көрнекілік, топтық салыстыру, тестік, ой толғау,. «Серпілген сауал», «Ойды жалға...» әдісі, жаттығумен жұмыс.



Сабағыңыздың кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Кіріспе

Психологиялық дайындық


Оқушылармен амандасып,түгендейді,назарын тақтаға аудартады. Бүгінгі сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын түсіндіреді.

Оқушылар амандасып, құралдарын шығарады. Назарын мұғалімге аударады.

2.Топқа бөлу. 2 мин




Үй тапсырмасы

««Бір қадам артқа»» 5 мин

1-топ. Салалас

2 топ.Сабақтас

3-топ Аралас


1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не, оның неше түрі бар?

Салалас құрмалас дегеніміз не?

Оның мағыналық түрлері?

Ыңғайлас салалас дегеніміз не?

Жалғаулықтарын атаңыз?

Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы қандай?

Оқушылар топқа бөлінеді.



Тақтаға назар аударады. Сұрақтарға белсенділікпен жауап беруге әрекеттенеді


3.Негізгі бөлім.

Жаңа сабақ 10 мин
































4. Ой толғау. 6 мин

«Ойды жалға...» әдісі.





















5. «Талдау –табыс кілті» . 15 мин

Жаттығумен жұмыс




Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп-салдар салалас дейміз.

Себеп-салдар салалас жалғаулықты, жалғаулықсыз болып екіге бөлінеді.

Тақтада: 1. Жалғаулықсыз с-с.с.

Мыс: Ағайынға деген сәлемдемеңді беріп жібер, олар тойға келе алмайды. (себебі, өйткені, неге десеңіз)

Бұл араның жері үнемі дымқос болып жатады, шөбі еш уақытта тақырланып қалмайды. (сондықтан, сол себепті)


2. Жалғаулықты с-с.с. себебі, өйткені, неге десеңіз, сол себепті, сондықтан жалғаулықтары арқылы жасалады.

Мыс: Ертең жұмыс қылатын күн еді, сондықтан жұмысшылар әдеттегіден кешке ертерек жатты.

Сырыңды досыңа айтпа, өйткені оның да сыр айтар адамы болады.

Себеп мәнді құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара былай орналасады:

1. Себеп мәнді жай сөйлем сол себепті, сондықтан салдар мәнді жай сөйлем (үтір қойылады)

2. Салдар мәнді жай сөйлем себебі, өйткені, неге десеңіз себеп мәнді жай сөйлем (қос нүкте қойылады) Мыс:

1.Бұл егін дәнін қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді.2.Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді: бұл егін дәнін қолымнан мен септім ғой.








«Ойды жалға...» әдісі.

Бұл кезең оқушылардың есту, көру, ұғу дағдыларын ауызша тексеріп бекітуге негізделеді.

Бірінші жай сөйлемі беріледі де, оқушы ойды жалғап, сөйлемді аяқтайды.Ауызша талдау жасайды.

А)Әр адам туған Отанын көркейтуге міндетті, өйткені .........................(ол – сенің киелі қара шаңырағың, шуақ сыйлар жайлы мекенің.)

Ә)Өз туған тіліңді білу –парыз, себебі ................ (ол –анаң мен атаңның қасиетті мұрасы, аманаты.)

Б) Күнде тер төгіп оқыған білім ғана тиянақты, сондықтан ...................... ( білімді дер кезінде алудан кеш қалма!)

В)Үлкен адамдар туған жердің тарихы мен әдебиетін жетік біледі, сол себепті ....................( оларды көп тыңда, үйрен.)

Г)Үйдегі қарт ата-әжеңді құрметте, себебі.............................( олар – үйдің ырысы мен қазынасы.)

Ғ)Туған жеріңді, туған аулыңды, туған отбасыңды, білім берген ұстаздарыңды әрқашан есіңе ұста, өйткені.................... ( сенің адам болуың, азамат болуың –солардың арқасы.) Әр топ өз ойын білдіреді.



100-жаттығу. Сөйлемдердің баяндауыштарын тауып, тиянақты, тиянақсыз екенін анықтаңдар. Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің қалай орналасқанын ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз. (себеп, сондықтан салдар)

102-жаттығу. Жай сөйлемдерден себеп-салдар салалас құраңдар. Оларды жалғаулықты, жалғаулықсыз етіп жасаңдар, тыныс белгілерін дұрыс қойыңдар.

Қаленді жауапқа тартады деген ой оның басына келген емес, өйткені айыпты тек Нұрым екеуміз деп түсінді. Жалғаулықсыз: Қаленді жауапқа тартады деген ой оның басына келген емес: айыпты тек Нұрым екеуміз деп түсінді.





Тыңдайды,есте сақтайды,жазады.


Тақтаға келтірілген мысалдарды дәптерлеріне жазып алады.
































Ауызша орындалатын тапсырма болғандықтан балалар қолдарын көтеріп жауап береді.Сөйлемді өз ойларымен толықтырады.

















Оқушылар 101-жаттығуды тақтаға, 103- жаттығуды орындарынан отырып орындайды. Бірінші аяқтаған оқушы орнынан тұрып оқиды.

6. Қорытынды. 5мин

«Серпілген сауал».

Тест





























Үй тапсырмасы 2мин



Бағалау












1-топ.1)Ержан қаламымды қиылып сұрап алды, сондықтан естігенімді қарындашпен түсіруге мәжбүр болдым. Салалас қалай орналасқан? А) себеп-салдар; Б) салдар-себеп.

2)Бұл шаруа Керімге тапсырылды... ол жер жағдайын жақсы біледі. Салалас қалай орналасқан және қандай шылау қоюға болады? А) себеп-салдар, шылауы - сондықтан, сол себепті; Б) салдар-себеп, шылауы – өйткені, неге десеңіз

2-топ.3)Бұл шаруа Керімге тапсырылды... ол жер жағдайын жақсы біледі. Қандай тыныс белгісін қоюға болады? А) үтір; Б) қос нүкте.

4)Ол жер жағдайын жақсы біледі... бұл шаруа Керімге тапсырылды. Қандай тыныс белгісін қоюға болады? А) үтір; Б) қос нүкте.

4-топ.5)Қай шылау қолданылады? Себеп мәнді жай сөйлем.....салдар мәнді жай сөйлем. а)сол себепті, сондықтан; б) себебі, өйткені, неге десеңіз



6)Қай шылау қолданылады? Салдар мәнді жай сөйлем........себеп мәнді жай сөйлем. а)сол себепті, сондықтан; б) себебі, өйткені, неге десеңіз

103-жаттығу.

Сабаққа қатысуларына байланысты бағалайды. Сұрақтарға жауап берген оқушылар, белсенді қатысқан оқушылар өте жақсы деген баға алады.








Слайдта берілген тест сұрақтарына жауап береді. Қатемен жұмыс жасайды.





















Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Оқушылар бағаларымен танысады.

Күнделіктеріне қойдырады.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
4324
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі