400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шебер - сынып «Студент,ұстаз және ата-ана үштігі - тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы»

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Студент,ұстаз және ата-ана үштігі- тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы»

Мақсаты: Білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудаға  ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу, педагог пен ата-ана арасындағы  қарым –қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін  бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау, отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешу мәселелерін жүйелеу.

Міндеті:Ұлы білімге ата-аналарды, білім алушыларды, педагогикалық ұжымды тарту, білім алушылардың жеке писихикалық дамуында болатын кейбір қолайсыздықтың алдын алу; ата-аналарға, білім алушыларға кейбір мәселелерді шешуде көмек көрсету

Жүргізілу барысы:

            Армысыздар, құрметті жиынға қатысушы ата-аналар,топ жетекшілері,әріптестер!

Бүгінгі жоспарымыз Алматы ауе жайына ұшақпен қону.Бортымызда 23 б топ білім алушылары,ата-аналар,топ кураторлары,бітіруші түлектеріміз бар.(ұшақтың әуеге көрерілгені,ұшақ басқарушының сілтемесі,борттағы әуе серіктері сөздері видиодан көрсетіледі )

           Бүгінгі бортағы қонақтарға сөз берелік. Ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан- жақты қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері колледжді де, ата- ананы да әрқашан толғандырып келеді. Өздеріңіз білетіндей біздің  өмір сүріп отырған қоғамымыз -нарықтық экономика. Еліміз үнемі даму үстінде. Өркениеті елдігімізді шығаратын білім мен ғылым, сондықтан мемлекет бізден елдігімізге сай білім беруді талап ететін болса, біз білім алушыларымыздың мемлекеттік бағдарламаға сай білім алуды талап етеміз. Қандай да бір жетістікке қол жетізу үшін біздер ата-ана- ұстаз-білім алушы болып бірлесе жұмыс істеуіміз қажет         

Әрбір жиналысты өткізер алдында әрбір білім алушының ата- анасымен кездескен дұрыс. Ата- аналармен жұмыс жүргізудің негізі – алдын ала жоспарлау, алға мақсат қою, оны қалайда орындау.

1.     білім алушының ата- анасымен, жанұя жағдайымен толық танысу үшін арнайы үйлеріне бару.

2.     Білім алушылармен бірігіп жиналыс ашу; ата- аналар комитетінің есебін тыңдау, бағыт беру.

3.     Ата- аналарға педагогикалық тақырыптардағы әңгіме, баяндамалар оқып, түрлі басылымдардан, әдебиеттерден қажетті ұсыныстар мен пікірлер оқуды тапсыру.

4.     Белсенді ата- аналарды басашылыққа алу, үлгі- өнеге ету.

Осындай түрлі жұмыстар жүргізу – менің әр күнгі төл ісім болып саналады. Үйіне барып байланыс жасаған кезде сол білім алушының мінез- құлқын, бейімділігін, топпен қарым-қатынасын, қоғамдық жүктемені орындауын айта келіп, сол жанұяға тән қажетті нәрселерді ескеріп отырамын. Мұндай байланыс куратордың жұмысына жеңілдік келтіреді, тезірек орындалуына себебін тигізеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастартәрбиесі- басты мақсат.Ұстаз бір елдің болашағы үшін жасайтын киелі мамандық иесі. Оның парасатты жүріс –тұрысы, сөйлеу мәдениеті, ішкі жан дүниесі, киім киісі- бәрі баланың назарынан тыс қалмайды» деген.



Тәрбие жұмысының моделі – оқыту процесі сияқты тәрбие де екі нақты процесс:

  1. Тәрбиеші

  2. Тәрбиеленуші

Біздің қазіргі тәрбие жұмысында бір жағы басым. Мысалы, тәрбие

жоспарын куратор білім алушыларсызсыз өзі жасайды. Сондай-ақ тәрбие сағатын өзі дайындауы керек. Ал шындығында бұған білім алушылар да қатысуы керек. Қазіргі жариялық, бүкпесіз көптің көмегімен, пікірімен санасу деп отырған жоқ па.


Тәрбие жұмысының моделі


Тәрбиеші - Тәрбиеленуші


Іс-әрекет


Ұжымдық әрекет Жеке бастың дамуы


Тәрбиеші тәрбиеленушіге, тәрбиеленуші тәрбиешіге әсер ету болған жағдайда екі жақты процесс іске асады. Ортақ әрекет болуы керек. Тәрбие іс-әрекет болғандықтан білім алушы мен оқытушы ортақ істі шеше білу керек. Сөйтіп, нәтижеде бүкіл білім алушылар ұйымы, ата-аналар тобы ұжым болып шеше алмаса, олардың жұмысын ноль деуге болады. Ал ұжым бірлескен әрекетте қалыптасып жетекшісі жоқ болса да өздері атқара береді. Мұндай жағдайда жеке бастың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Егер осы дәрежеге жетсек тәрбие жұмысының мақсатына жеткеніміз.



Тәрбие жұмысының басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, ғылыми көзқарасы, жоғары мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігі бар, елін сүйетін ұлтжанды, толерантты студенттерді дайындау.

Тәрбие жұмысының басым бағыттары 

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие 

3. Ұлттық тәрбие 

4. Отбасы тәрбиесі

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие 

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты


«Ащы пияз» қазіргі заман аңызы

     Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ, менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың тәттілік – компьютерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды.     Менің олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті.            Күрделі жасөспірімдік кезең басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдер. Менің жасаған ашылуым: менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін.

 Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті.

   Анам кіріп келіп:

- Неге жылап тұрсың? – деді.

- Білесің бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар , -дедім

- Демек, оны аз суарған шығар деді анам да, Мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады.


Отбасы заңы  = 1 + 2 + 3 + 4

1 заң-әке мен ананың балаға қоятын талаптарының бірдей болуы

2 заң- бала үшін мақтаудың маңыздылығы

3 заң- отбасы мүшелерінің әрқайсысының еңбекке араласуы

4 заң- ересектер мен балалар арасында материалдық және моральдық игіліктерді теңдей бөлу.


Қайда менің студенттік күндерім, 
Жалындаған жастық шағым, күн керім. 
Дауылдатып, думандатып жүретін, 
Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім. 
Қайда сол бір асыл жанды достарым? 
Аңқылдаған жарқылдаған от жалын. 
Еске аламыз жүрегімде от жанып,- деп ақын ағамыз жырлап кеткен студенттік өмірді аңсап жүрген бітіруші түлектерде ортамызда.Сөз кезегі сіздерде


«Бұл керемет қой!» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Бір қатысушы ортаға шығып «Өмір мені … үйретті!» сөзін жалғастырады. Ал қалған қатысушылар қолдың үлкен саусағын көтеріп «Бұл керемет қой!» деп айтады.

Қорытынды:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 мамыр
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі