«Шебер қолдар» сайысы
Мақсаты: Оқушылардың білімі мен жан жақты ойлау қабілеті мен ой ұшқырлығын сынау. Технология пәні бойынша алған білімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, жан жақты дамыған азамат тәрбиелеу, Құрал-жабдықтар: бояу түрлері, қарандаштар,плакат, А3 формат, желім, түрлі түсті қағаз, жіп, бенто торт,шоколад,конфети Жүргізуші (1) Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар көркем еңбек және бейнелеу өнері пәні бойынша өткізгелі отырған «ШЕБЕР ҚОЛДАР» атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: (2)
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жым отыру жарасама?
Туыс, дос, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талапқа.
Қолыңды бекерге бос, соға берме,
Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме,
Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй,
Сонда ортақ боласың бар жеңіске.
Жүргізуші (1)
Бүгінгі сайысымызға оқушылардың ішіндегі алғырлары , білімділері мен суретші мен қол шеберлері келіп отыр, ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
Алдарыңызда түстерге байланысты топтарымызды қарсы алыңыздар:
1 топ «Қызыл» түстер (8 және 6 сынып қыздары : Аружан,Назерке,Зере,Еркеназ)
2 топ «Сары» түстер ( 8 және 6 сынып қыздары : Зейнаб, Ұлпан,Томирис, Іңкәр )
3 топ «Көк» 9 және (6 сынып қыздары: Айнел,Назерке,Саяжан,Айзере )
Жүргізуші: (2) Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз, біздің күнделікті іс әрекеттеріміз білімге, оқуға, үйренуге бағытталған, бірақ менің ойымша бұл қасиеттерге қоса адамға шапшандық, тапқырлық та өте қажет. Сонымен жарысымыздың бірінші бөлімін бастамас бұрын сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық
-
«Кім жылдам»
-
«Суретшінің көзімен»
-
«Тәтті суреттер»
-
«Қалдықтардан композиция құрастыру»
Жүргізуші (1)
Ал енді «Кім жылдам» сайысын бастайық. Бұл сайыс ең білімділер мен зеректілер додасы болып табылады, сондықтан да мұқият болуға тырысыңдар. «Кім жылдам» жарысының шарты; бір минут аралығында 10 сұрақ қойылады. Әр бір дұрыс жауап 1 ұпайға ие болады.
Бірінші болып «Кім жылдам» сайысын «Қызылдар» тобы бастайды .
-
1. Қалыңдықтың бас киімі?
-
(Сәукеле).
-
2. Винегрет салатына қосылатын негізгі көкөніс?
-
(Қызылша)
-
3. Тігін машинасының неше түрі бар?
-
(Үш, қол, аяқ, тоқ машинасы)
-
4. Үлкен көлемді мүсін көше және алаңдарда орналастырылады, алыс қашықтықтан тамашаланады?
-
(Монументтік)
-
5. Тігін машинасының ең алғашқы жобасын кім ұсынды?
-
(Леонардо да Винчи)
-
6. Инені қатты матаға кіргізү үшін не қажет?
-
(Оймақ)
-
7. Көкөністерден жасалған тағам?
-
(Салаттар)
-
8. Өрнек элементтерінің үйлесімді реттілікпен орналасуы?
-
(Мотив)
-
9. Суретші өз портретін салуды қалай атаймыз ?
-
(автопортрет)
-
10. Пуантилизм дегеніміз...?
-
/нүктелермен сурет салу/
Екінші болып «Сарылар» тобына кезек береміз
-
1. Егде жастағы әйелдің бас киімі?
-
(Кимешек)
-
2. Жануарларды бейнелейтін жанр қалай аталады?
-
/Анималистік жанр/
-
3. Кітаптағы мәтінді толықтырып, түсіндіріп,әшекейлеп тұратын суреттер?
-
/Иллюстрация/
-
4. Бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз үй төсеніші?
-
/Текемет/
-
5. Тұрмыстық заттарды сәндеу өнер түрі?
-
/Дизайн/
-
6. Көлем мен пішіннен тұратын бейнелеу өнерінің түрі?
-
/Мүсін/
-
7. Портрет композициясына қарай...?
-
/Кеуделік,белдік,бойлық/
-
8. Бояу араластыратын тақтайша,қағаз?
-
/палитра/
-
9. Суретті бояумен салатын бейнелtу өнерінің түрі?
-
/Кескіндеме/
-
10. Құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері?
-
/Сәулет өнері/
Үшінші болып «Көк» түстілер тобына кезек береміз
-
1. Бейнелеу өнерінің жансыз, қозғалмайтын заттар бейнелейтін түрі?
-
/Натюрморт/
-
2. Суық түстер қатарын айт?
-
/Көк, көгілдір және осы түстердің барлық реңктері/
-
3. Парақтаған кезде қозғалыс иллюзиясын тудыратын суреттер жиынтығынан тұратын кішкентай кітап?
-
/Флипбук/
-
4. Тұрмысқа қажетті бұйымдарды жасау және әшекейлеу өнер түрі?
-
/Сәндік қолданбалы өнер/
-
5. Бірнеше адамның суреті бейнеленген портрет?
-
/Топтық портрет/
-
6. Үш негізгі түсті ата?
-
/Қызыл, сары, көк/
-
7. Қысқа сызық,график-суретшінің басты әсерлегіш құралдарының бірі?
-
/Штрих/
-
8. Суда езілетін қою бояу?
-
/Гуашь/
-
9. Адам бейнесін бейнелейтін жанр?
-
/Портрет/
-
10. Көк түс пен сарыны түсті араластырғанда қандай түс шығады?
-
(Жасыл ) Жүргізуші: (2)
Осымен «Кім жылдам» жарысы да бітті, сайыскерлеріміздің жалпы жинаған ұпай санын білу үшін әділ қазыларға сөз берейік.Қай топ қанша сұраққа дұрыс жауап берген екен .
Жүргізуші: (1) 2ші кезеңге де келіп жеттік. «Суретшінің көзімен» Бұл кезеңде үш топқа әр түрлі түспен боялған, шимақталған бір қарағанда түсініксіз сурет беріледі. Осы берілген бояу суреттерінен әдемі композиция яғни аяқталған бейне шығуы тиіс. Қатысушы топтарға 5 мин уақыт беріледі. Әділ қазы алқалары әдемі шыққан суреттерге әділ бағасын береді деген ойдамыз.Ендеше топтар жұмыстарына бастай берсін.Ал,көрермендер назарына ән-шашу алдарыңызда 8 ә сынып оқушысы Жұмабай Арланның орындауында «Балқия» әнін қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: (2) Үшінші кезеңмен таныс болайық «Тәтті суреттер» Шебердің саусағы алтын. Өнерлінің қолы алтын дей отыра әр топтың алдында «бенто торттар» қойылған және торттың бетін безендіруге арналған әр-түрлі кондитерлік заттар бар. Осы кондитерлік заттарды пайдалана отырып «бенто торттардың» бетіне портрет жанрында яғни дәстүрден тыс сурет салу техникасымен жұмыс орындаймыз. Үш топ жұмыстарын бастай берсін, сәттілік тілеп қояйық ал, біз сіздермен биші қыздарымыздың орындауындағы биді тамашалаймыз. Алдарыңызда 8 «Ә» сынып қыздары «Қазақ биі»
Жүргізуші: (1) Келесі соңғы сайысымыз «Экологиялық жоба» бұл сайыста әр топ алдыларында берілген тұрмыстық қалдықтардан композиция құрастырып қорғайды. Ал енді соңғы жарысымызды тамашалай отыра назарларыңызға әсем әуенмен 8»Ә» сынып оқушысы Маратұлы Аманжолдың орындауында «Мен қазақтың ұлымын».
Жүргізуші: (1) «Қалдықтардан композиция құрастыру» кезеңі бойынша сайыскерлерімізге сөз кезеңін береміз.
Жүргізуші: (2) Сонымен бүгінгі көркем еңбек пәні бойынша ұйымдастырылған «Шебер қолдар» сайыс сабағымызда соңына келіп жетті. Сайысқа қатысушы торптарымыздың қорытынды бағаларын білу үшін әділ-қазылар алқасына сөз береміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Шебер қолдар сайыс" сабағы

шағым қалдыра аласыз