Авторы:Ясунова
Зульфира Масмахуновна
Алматы
қаласы Алатау ауданы №150 жалпы білім
беретін мектебі биология пән мұғалімі
«Шебер
қолдар - 2020» сайысының бағдарламасы
Сайыстың
мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың
білімін, жан-жақты ойлау қабілеттері
мен ой ұшқырлығын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды
шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды
кәсіби біліктілікке, өз бетімен
еңбектенуге, алғырлыққа, тапқырлыққа
және жан-жақты дамыған азамат болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:..Безендірілген
зал, көрнекіліктер, сайысқа арналған
қажетті материалдар мен құрал-саймандар.
Сайыстың
шарттары:
І
кезең «Таныстыру».Қол
өнер (топтың аты,
ұраны, жұмысты таныстыру»
ІІ
кезең «Шебер
қолдар» (бұйым жасау)
«Шебер
қолдар » сайысының бағдарламасы
«Кәсіп
болмай нәсіп болмас.»
Төле
би
-Уа
халайық, халайық!
Бәріңе
жар салайық.
Бүгінгі
кеш төрінде
Технологтар елінде
Технологтар тілінде
Көңілді
кеш жасайық.
Ат
салысып аянбай
Бар
өнерге басайық.
Армысыздар
құрметті ұстаздар мен оқушылар және
бүгінгі кешке қатысушы сайыскерлер!
Бүгін
«Алатау
Ауданы №150 жбб мектептің ұйымдастыруымен «Шебер
қолдар» сайысын
өткізгелі отырмыз. «Өнерлінің өрісі
кең» демекші, бүгінгі білім, шеберлік
және өнер сайысын бастауға рұқсат
етіңіздер!
Шақырамыз
келіңдер жарысуға,
Білімменен
шеберлікпен алысуға.
Бар
өнерді салайық ортамызға,
Қанеки,
кім шығады сайысуға.
Бүгінгі
сайысымызда 4-
сынып оқушылары білімдерін, шеберліктерін
және өнерлерін ортаға салайын деп отыр.
Олай болса сайыскерлерді сахна төріне
шақырамыз.
№26,№41,№82,№114,№149,№150,№151,№152,№154,№156,№169,№171,№179,№180,№181,
№14,
№182,№184,№196,№201
Жол
сілтеген биікке ұстаздарым
Ішімізден
шығар әлі талай дарын.
Әділдікті
ең алға мақсат еткен,
Таныстырайын
әділқазы алқаларын, - демекші сайыскерлердің
өнерлерін, білімдеріне және шеберліктеріне
баға беруші әділқазылар мүшелерін
таныстырып өтейін.
Мүшелері:
Буркитбаева
Гулмира Жолдасбаевна «Алатау ауданы,
Білім бөлімінің тәрбие бөлімінің
кураторы»
Калиева
Зухрахан Қасымжановна «Арт-фаварит»
академиялық сүрет студиясының жетекшісі
Турганбаева
Батес Хадыровна «Креативная кукла»
үйірмесінің жетекшісі
Старожилова
Людмила Евгеньевна «Кружок Радуга
бисера» үйірмесінің жетекшісі
1
кезен. «Таныстыру».Қол өнер (топтың
аты, ұраны, жұмысты таныстыру 3 минут)
«Көрмеге қойылатын 2 қол өнерге байланысты
мәліметтерді қоса айтады».(Экологияға
байланысты қол өнер болуы керек.)
Өнер
қуып сайыскерлер өтер деймін
Бір
басына өнері жетсе деймін,
Бәске
түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып
өздерін өтсе деймін, - деп кезекті
сайыскерлеріміздің өздерін таныстыруына
береміз. «Таныстыру».Қол
өнер (топтың
аты, ұраны, жұмысты таныстыру 3 минут)
«Көрмеге қойылатын 2 қол өнерге байланысты
мәліметтерді қоса айтады».(Экологияға
байланысты қол өнер болуы керек.)
ІІ
кезең «Шебер
қолдар» (бұйым жасау)
Бұл
бөлімде әр сайыскер өздерінің шеберліктерін
көрсетеді.
1заттан
өз туындысын сахнада жасайды. 5 -7 мин.
Оқушылар
жасаған заттын дұрыс орындай алуы,
көпшілікке түсіндіре білуі.
«Марапаттау»
(Қорытындылау)
Құрметті
ұстаздар мен оқушылар!
Мінеки,
біздің бүгінгі өнер, білім және шеберлік
сайысымызда өз мәресіне жетті. Енді осы
кештің көркін келтірген сайыскерлерді
ортаға шақырамыз. Бүгінгі сайысымызды
қорытындылап, жеңімпазды анықтауға
әділқазылар алқасына сөз береміз.Жеңімпаз
анықталып, білімімен, өнерімен,
шеберлігімен көзге түскен сайыскерлер
марапатталынады.
Бүгінгі
«шебер
қолдар»
сайысына қатысқан барлық оқушыларға
көпшілік қауым атынан шын жүректен
құттықтай отырып, биіктен көріне
берулеріне тілек білдіреміз!