"Шебер қыздар" сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шебер қыздар" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
муғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

25 орта мектебі ММ







Shape1

Сыныптан тыс

іс- шара











Пәні: Көркем еңбек

Сабақтың тақырыбы:



Shape2





Сыныбы: 5 сыныптар

Өткізген: Адлетхан Есенгул













Астана қаласы 2018ж





Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттерге бағыт- бағдар бере отырып, олардың бойында қарапайымдылық, әсемділік, өнерге деген қызығушылық, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт- дәстүрімізді ары қарай жалғастыруға және қыздарымыздың бойына сыпайылық,инабаттылықты ұялата отырып, әдемі мен әдепті болуға баулу.

Көрнекілігі:

Слайд, сахна шармен, гүлдермен безендіріледі.

Төмендегі номинациялар бойынша өнер көрсетеді:

1. Таныстыру

2. Өз өнерін көрсету

3. «Кім жылдам» (сұрақ-жауап әдісі)

4. Салат жасау

5.Сән үлгісі

1-Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар!

Бүгінгі «Жас шеберлер!» " атты қыздар сайысына

қош келдіңіздер!

2- жүргізуші: Осы байқау 5-ші сынып қыздары арасында өткізіледі. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

  1. Жүргізуші: Ду қол шапалақтап отырып, аруларымызды сахнаға шақырайық!

5 «ә» сынып қыздарын қарсы алыңыздар!

2- Жүргізуші: 5 «ғ» сынып қыздарын ортаға шақырамыз!

1- Жүргізуші: 5 «д» сынып қыздарын қарсы алыңыздар!



2- Жүргізуші: Аруларымызға әділ баға қоятын әділ қазы мүшелерімен таныс болайық.

1- Жүргізуші:

1.Ғылым ісі жөніндегі директордың орынбасары: Бердикулова Айжан Бориевна

2- Жүргізуші:

Тәлімгер: Сейілхан Бейімбет Есімханұлы.

«Музыка» пәнінің мұғалімі: Әбдіқазы Толғанай Жақсылыққызы



1- Жүргізуші: Әділ-қазылар алқасымен танысып болдық .

Ал енді аруларымыздың қай реттік нөмермен өнер көрсететінін анықтап алайық. Әр топтан бір қыздан келіңіздер.

2- Жүргізуші:

Қыздар сіздер мына кезеңдер бойынша өнер көрсетесіздер.

Бірінші: Топты Таныстыру

Екіншіші: Өз өнерлерін көрсету

Үшіншісі: «Кім жылдам» (сұрақ-жауап әдісі)

Төртінші: Салат жасау

Бесіншісі: «Сән үлгілері»

1-Жүргізуші: 1. Ендеше алғаш өздерін таныстыратын 5 « » сыныбын қарсы алыңыздар!(қыздар өздерін таныстырып шығады)

  1. 5 « » сыныбын қарсы алыңыздар!

  2. 5 « » сыныбын қарсы алыңыздар!



1-Жүргізуші: Ал аруларымызбен таныс болдық, сайысымыздың 2-ші кезеңіне өтейік.





2- Жүргізуші:

Аруларымыздың өнерлерін тамашалайық яғни бұл бөлім шарты: арулар кез-келген би, ән,актерлық шеберлік т.б өнерлерін көрсете алады.

  1. Ендеше алғаш болып өнер көрсететін 5 « » сыныбын қарсы алыңыздар!

  2. 5 « » сыныбын қарсы алыңыздар!

  3. 5 « » сыныбын қарсы алыңыздар!



1 -Жүргізуші: ( рахмет сіздерге асыл арулар)

Әне-міне деп 2-ші бөлімінде өткіздік.

2- Жүргізуші:

Кезек 3 бөлімде. (Қыздарымызды шақырайық.әр топқа 5 сұрақтан беріледі) әр топқа жеке жеке сұрақ беріледі, бірсұраққа 1 балдан қойылады.

1 топ 5 « » сыныбы

1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)

2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам қалай аталады? (құрт)

3. табиғи талшықтар неден алынады? (өсімдіктен , жануарлардан)

4. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)

5. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)

ІІ – топ 5 « » сыныбы

1. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)

2. Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? (3 сағ)

3. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)

4. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)

5. Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)



ІІІ – 5 « » сыныбы

1. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал қалай аталады ?. (салфетка)

2. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)

3. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)

4. Құрақтың қандай түрлерін білесің? (жұлдыз, ботагөз, тырна қатар, шаршы, шахмат)

5. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)

Барлығы жауап берген соң: рахмет қыздар.

1- Жүргізуші:

Аруларымызды салат жасауға шақырамыз .

2–Жүргізуші

Салаттарыңызды әділ-қазылар алғасы алдына қойсаңыздар. Әділ қазы алқалары өз бағаларын береді.

1 –Жүргізуші

5 бөлім бойынша киім -сән үлгісі. Қыздарымызды киініп шығуға шығарып салайық.

2- Жүргізуші: (Қыздар киініп болғанша, жанкүйерлерді сахнаға шақырамыз. (көрермендермен ойын өткізу)

1 –Жүргізуші

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы ай менен таласатын.

Өнеріне сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасатын

дей келе сайысымыздың 5 бөлімі киім үлгісін көрсетуді ұсынамыз.

Арулар өздері бірінен соң бірі шығады. Жүргізушілер айтып шақырып тұрады аруларды.

2- Жүргізуші:

Ал аруларымыздың баріне көп-көп рахмет.

1-Жүргізуші:

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты

Би билеп, ал біреуі, ән салыпты.

Бүгінгі жас шеберлер байқауында,

Арулар аянбай -ақ жан салыпты.

Әділ қазылар алқасы 1 қорытындыға келгенше ортаға мектебіміздің әнші қызы, Елубаева Аружанды «ана» әнімен қарсы алайық.

1-Жүргізуші: Барлық қатысушы « Жас шеберлерімізді» сахнаға шақырамыз! (қыздар сахнаға шығады)

Сөз әділқазылар алқасына беріледі.

(Әділқазы алқасы ортаға шығып өз пікірлерін білдіріп, аруларға жинаған ұпайларына сай атақтары мен мақтау қағаздарын береді).

2-Жүргізуші

Барша ару қыздарымызды алдағы келе жатқан 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймыз.  

1-2 жүргізушілер бірге айтады.

Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.11.2018
1495
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі