«Қатынас» білім
беру саласы
Қазақ тілі
ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің
технологиялық картасы
№27
балабақшаның ІІ кіші «Белочка»тобы
Күні:
18.12.2012ж.
Тақырыбы:
«Санап
үйренейік».
Мақсаты: Негізгі
түстердің атауларымен таныстыру. 1-ден
3-ке дейін санауға үйрету. «І» дыбысының
айтылу ерекшелігін үйрету. Балаларды
жаңа сөздермен таныстыру, қазақ тілінде
сөздерді дұрыс ж/е анық айтуға үйрету.
Көрнекіліктер:қуыршақ,
мазмұнды суреттер, доп, қобдиша.
Әдіс-
тәсілдер:
Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Билингвальды
компонент: бір - один, екі - два, үш - три.
Әрекеттердің
кезеңдері
|
Қазақ тілі
мұғалімінің әрекеті
|
Балалардың іс-
әрекеті
|
Ұйымдасты
рушылық-
оятушылық
|
Ұйымдастыру
сәті. Сәлеметсіңдер
ме достарым.
Балалар бізге бүгін қуыршақ Айгүл
келді. Ол маған санап үйренгісі
келетінін айтты. Бүгін біз Айгүлді
ғана емес, өзіміз де санап, үйренеміз.
|
Балалар
сәлемдеседі.
Қуыршақ
Айгүлге қуанады. Өздерінің де санап
үйренгісі келетіндерін айтады.
|
Ұйымдасты
рушылық-
ізденушілік
|
Айгүл
өзімен бірге қобдиша ала келіпті,
ішінде сурет бар екен. Балалар біз
осы суреттегі бейнеленген заттарды
санайық.
Ойын
«Жаңғырық». Мақсаты. Балалар сөзді
дұрыс қайталап айтуға үйрету. Шарты:
балалар суретті көрсетіп, дұрыс
атаулары керек.
Сергіту
сәті
Доп,
доп, доп,
Сенен
жүйрік жоқ.
Бір,екі,үш.
Жинап
алдық күш.
Ойын
«Кім жылдам». Балалар мына сандардың
артында аңдар тығылып отыр. Сендер
сандарды дұрыс атасаңдар, олар шығады.
|
Қобдишаға таң
қалып, қуанады.
Суретті
тамашалайды. Қазақша санайды.
Балалар
жаңа сөзді 3-4 рет хормен, жекелей
қайталату.
Балалар
ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Балалар
қимыл - қозғалыс сәтін орындайды.
Балалар
сандарды дұрыс, анық айтуға тырысады.
Хормен, жекелей қайталайды.
|
Рефлекстік-
түзету
|
Қорытындылау.
Не үйрендік?
Балалар
бүгін сендер қуыршақ Айгүлге санауды
үйреттіңдер, ол сендерге алғыс айтып,
мынадай әдемі жұлдызшалар береді.
Рахмет,
балалар! Сау болыңдар!.
|
Балалар қорытындылап
өздері не білгендерін айтады.
Балалар
сыйлыққа қуанады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу
керек:
қазақша сан атауларын айта білу.
Болу
керек:
сөздердің мағынасын түсіне білу, қойылған
сұраққа дұрыс жауап беру.
Үйрену
керек:
қойылған сұраққа дұрыс жауап беру.