400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ШЕБЕР СЫНЫП

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешіліерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



ЦИКЛОГРАММА

Бір аптаға (10-14 ақпан 2020ж.)

Ортақ тақырып: «Менің айналамды не қоршап тұр?»


Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі


Бейсенбі


Жұма



Балаларды қабылдау

Ата-ананы тыңдау.

Таңертеңгі гимнастика (5 мин)

08-45



Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.

Жаттығулар кешені

Ойындар

(Үстел үсті ойындары, саусақ ойындары)



«Кел, танысайық!»үстел үсті ойындары,саусақ ойындары.

«Үйге арналған жиһаздар» құрылысшы ойыны

«Гараж»

«Отбасы» суреттер қарау.Өз аты-жөнін,мекен жайын атау

«Балақай» саусақ ойыны. Өз достары туралы әңгімелету

Үстел үсті ойындары «Үй жина» пазлдармен.Отбасы туралы әңгімелету

МДҰ кестесі бойынша ҰОҚ


10.02

1.Дене шынықтыру

Тақырыбы: Біз – жас баскетбол-шылармыз Бөлім:Денсаулық әне дене бітімі

Бөлімше:

Денсаулықты нығайту Мақсаты:

0.1.2.1. Организмнің төзімділігі мен жат-тыққандығын жетілдіру үшін түрлі жүкте-мелерді біртіндеп үдетумен дене жаттығу-ларын орындау

Тапсырмалар қадамы:

Баскетбол добы басқа доптардан несімен ерекшеленеді? Коммуникация:

«Мойын айналасында». Допты бір қолдан екінші қолға өткізе отырып, мойын айналасымен екі бағытқа кезек доп айналдыру. «Дене айналасында».  Допты бір қолдан екінші қолға өткізе отырып, дененің айналасымен екі бағытқа кезек доп айналдыру.

Баскетбол: 5 метр қашықтыққа алға жылжи отырып, оң және сол қолмен кезек-кезек допты жерге соғу. Допты себетке лақтыру. Нұсқау: екі қолдап жоғарыдан лақтыру, көп жағынан алғанда лақтырудың кеудеден екі қолмен жасалатын түріне ұқсас, бастапқы қалыпта доп маңдайдан жоғары ұсталады, ал бүгілген қол шынтақтары бет деңгейіне дейін көтеріліп алға қарай бағытталады. Допты нысанаға көздеген кезде аяқ та бір уақытта бүгіледі. Саусақтарды ашып, допты лақтыруға дайындалады. Балалар допты лақтыру кезінде тұрыстарын өзгертпей, шынтақтарын екі жаққа созбай және ұшып бара жатқан допқа қарап тұрулары қажет. Бір  орнында  қос  аяқты  серпе  отырып 30 см биік заттың үстіне қарғып шығу – жерге екі аяқтап түсу. Секіретін жолаққа келіп қолды сермей отырып, бар күшпен қос аяқты серпуге тырысады. Жерге түскенде аяқты тізеден сәл бүгіп, қолды алға қарай жазады. Қорытынды: «Өзін бағалау маршы» Балалар бір-бірінің артына тұрып дөңгелене жүреді және аяқтарын жерге бар күшпен нық басады. Педагог: «Мен аяғымның астындағы жерді сезіп тұрмын. Ол тығыз, мықты. Мен өзіме сенімді қадам басып келемін» деп анық айтады. Балаларға әрбір қадам аттаған сайын: «Хо-хо-хо!» деп10–15 секунд айтқызады. Содан кейін «Мен-мен-мен» деп алақанымен кеудесін соғады.

2.Аппликация

Бөлім: Аппликация бағыттары Бөлімше:

Тақырыбы: . Желкенді кеме

Мақсаты:

0.1.2.1. Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру.. Ұйымдастыру кезеңі

А) Балалармен сәлемдеседі

Педагог оқушыларды түгендейді

Ширату жаттығулары Педагог балалардың назарын оқу қызметіне тарту мақсатында балалармен «Отбасым – берекем!» қимылды ойынын ойнатады.Барлық балалар шеңбер жасап тұрады.Педагогтің белгісімен жаңа жыл туралы тақпақ айтады..

Коммуникативтік

. Педагог өлең жолдарын оқып береді. Балалар мұқият тыңдап, естеріне сақтайды.Балаларға жаңа жыл туралы айтып береді. сурет бойынша әңгіме құрайды.

Коммуникация Жұптық жұмыс Шырша ның ойыншықтарын жұбымен санайды.

тұралы əңгімелеседі.

Командалық жұмыс

Шырша суретін жапсыру арқылы желімдейді..

Сергіту сəті

Бала үні: Балаларға ой тастайды.

Кері байланыс

Балалар өздерінің түсінгендерін түсті қағазға белгілер арқылы жеткізеді

3.Орыс тілі

Тема: 1.Мир насекомых Цели: 0.1.1.1 Произносить и различать звуки в словах и фразах.

0.1.2.1 внимательно слушать речь и правильно реагировать на нее (использование мимики и жестов,выполнение действий).


4. Өзін – өзі тану



11.02

1.Сөйлеуді дамыту

Бөлім:Тыңдалым және айтылым

Бөлімше: Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру Тақырыбы: Мөлдір бұлақ

Оқу мақсаты:0.1.1.1 сөздерді дұрыс айтады фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

ҰОҚ мақсаты:-Сөздерді дұрыс дыбыстайды. Көліктің барлық

түрлерін біледі Күтілетін нәтиже: Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру. Барлық дыбыстарды айтады, екпінді дұрыс қолдана отырып, сөз тіркестерін анық және нақты айтады. Қолданылатын әдіс тәсілдер: «Ыстық орындық» әдісі Ширату жаттығуы:

Жұмбақ:

Балалар, қараңдаршы, біздің табиғатымыз қандай

әдемі. Өзімізді әдемі де сұлу табиғатқа теңеп, шаттық

шеңберін жасайық.

- Мен таумын. Бәрінен де биікпін.

- Мен гүлмін. Жұпар иісім бар.

- Мен Күнмін. Жарқырап жылу берем! - деп балалар

шаттық шеңберін жасайды.

Сабақтың тақырыбы:

Мөлдір бұлақ

Оқу мақсаты: 0.1.1.1. Сөздерді дұрыс айтады фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

Сыни ойлау: Мөлдір бұлақтар туралы не білеміз? Сергіту жаттығуы:«Видеоролик үш ат»

Жұптық жұмыс: Су анасы – бұлақ, сөз анасы – құлақ.

-жұбымен бірге мақалдың мағынасын

талқылайды. 1-топ Суретші нені ұмытты?Толықтырып салу. «Сөзді жалғастыр» ойыны.

Мен қармақпен балық ... .

Теңіз жағасынан шағаланы ... .

Бұлақ сылдырлап ... .

Жылқылар су ... .

Жаңбыр жауып, өзен суы ... .

Аққулар жағаға жақын ... .

Балалар суға ... .

2-топ Жаңылтпашты жаңылмай айтайық:

Бұл балық,

Ақ балық.

Ақ балық,

Қылтаны көп балық.

3-топ Суреттегі тізбекті есіңе сақта. Дәптерді жауып, шатастырмай айтып беріңдерші.

Коммуникация: «Тура мағынасын айт».

-балаларға ауыспалы мағынадағы сөздер

айтады, балалар тура мағынасын айтуға тырысады.

Мысалы: Жылы сөз - жылы күн;

Алтын бала - алтын сырға;

Қара шаңырақ, қара ниет – қара шалбар;

Ақ жол, ақ ниет - ақ орамал;

Жұмыстың аяғы - жүретін аяқ;

Бұлақтың көзі - адамның көзі;

Суық хабар - суық жел.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

Суреттен суда мекен ететіндерді атау.

Оларды судың суретімен қосу.

Бала үні:

Саралау: Балалардың даму деңгейіне байланысты түрлі сұрақтар қоюды пайдаланамын.

Көлікті кім жүргізеді?

Бақылау: Балалардың даму деңгейіне қарап сұрақтар қоямын

Креативтілік: Педагог балаларға қоғамдық көлікте ережелерді сақтау туралы әңгімелейді

– Қоғамдық көлікке ешкімді итермей, асықпай

кіруді үйрен. Көліктің ішін ластама, орындықты сызба. Жолақысын уақытымен төле.

Үлкен кісілерге орын бер.

Бақылау: Қоғамдық көлікте балалардың ережелерін бақылаймын.

«Ыстық орындық» әдісі Сұрақтар:

Бақылау: Берілген суреттерге қарап балалардың даму деңгейіне байланысты қойылған сұрақтарға қаншалықты жауап беретінін бақылаймын. Бала үні: Кері байланыс ?

Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап

қорыту.Балалардан балық суретін түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары

қарындашпен;Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –жасыл қарындашпен.

2.Қарапайым математика ұғымдары

Бөлім: Кеңістікті бағдарлау

Бөлімше: Заттардың кеңістікте орналасуы

Тақырыбы: Достарыммен ойнаймын. Заттардың қасиеттері.

Мақсаты:

0.1.1.2. Кеңістікте бағдарлану: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында

Күнделікті шаралар Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын

Сейсенбінің сәті сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз кілең бестік болсын!

Педагог балалардың ортасын қуанышқа толтырып алады. Ширату жаттығуы:

  • Оқушылар біз нешеге дейін санап үйрендік?

  • 6 санымен.

  • Ия, олай болса 1 ден – ға дейін тура және кері санаңдар.

  • 1,2,3,4,5,6. 6,5,4,3,2,1

04.1.3 көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу Педагог  азық-түлік бейнеленген суреттерді көрсетеді

Блаалар қане, азық –түлік түрлерін атап жіберіңдер? Тапсырма қадамдары

Сыни ойлау Балалар логикалық есептер шығарады.

1.Табақта 5 алма 
Алды біреуін Алима 4. Қонжық екеу

Табаны нешеу. ( 8)

-Өте жақсы балалар, енді мен сендерге үш түрлі жұлдызшалар таратамын. Кім қай түсті алды сол оқушы парта да сәйкес

4 К Командалық жұмыс

1 топ 4 санының құрамына есеп ойлап шығарады

2 топ 4 санын құрастырады

3 топ 4 санынына жұмбақ ойлап шығарады.

4 К Бала үні баланың қабілетіне қарай тапсыра беріледі.

Қабілетті балаға төмендегі есеп берілді. 1. Саған анаң 4 пияз ашып бер деп ұсынды, сосын тағы да 5-ін ашып бер деп айтты. Сен қанша пияз аштың? Барлығы нешеу 9 (.4+5 =9)

2.Орташа оқитын балаға 4 таңбасын бастырыа дұрыс жазу ұсынылады.

Коммуникация

«7 санының қасиетін тап»

Бірдей нәтиже шығару мақсатында пікір бөліседі

Бақылау . Көрнекілік арқылы балалардыің іс –әрекетін бақылау

Кері байланыс « Жапырақ түрінде» арқылы бағалауды ұсынады.  Рефлексия.Тәрбиеші қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын  Балалар үштілде қоштасады: Сау болыныз! Досвидания! Gudbai!

3.Сурет салу

Тақырыбы: Менің сүйікті қалам/ ауылым (ұжымдық жұмыс)

Бөлім: 1. Сурет салу негіздері

0.1.5.1. Заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін, пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын бейнелеу.

шабул»

Сұқ саусақтармен жаңбыр тамшыларын жасайды.

Педагог: Отан туралы не білесің?

Педагог: Ту деген не?

Педагог: Мысық жануарға жата ма?

Бала үні Қазақстан туралы не білемін.

Коммуникация:

Жануарлар туралы такпак ойлап шығару

Креативтілік: Кімнің туы ерекше?

Тапсырма: Жұмыс дәптерлеріне балаларсүйікті жануарын суреттейді.

Бақылау: балалардың жұмысын бақылау

Түстерді араластырып,басқа түсті пайда етеді ,қолданады.

«Көрме ұйымдастыру»

Балалар өздерінің ерекше суреттерін алып шығып шеңбер құрып тұрады да ,ортаға кезек-кезек шығып, көрмені тамашалап ерекше болған жұмысты таңдайды.

4.Дене шынықтыру

Бөлім: 2.1. Қозғалыс

Бөлімше:

Денсаулықты нығайту Тақырыбы Баскетбол ой-наймыз

Мақсаты:

0.2.1.2. Жүру мен жүгірудің негізгі түр-лерін орындау, оларды алмастыру, қара-пайым дене жаттығуларымен алмастыру

12.02

1.Сауат ашу

Бөлім:

Оқылым

Бөлімше: Оқу түрлерін қолдану

Тақырыбы: Жыл мезгілдері.

Мақсаты:

0.1.2.1 Сөйлемнің мағынасын түсіну

0.1.2.2. Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару. КҮНДЕЛІКТІ ШАРАЛАР

Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен сәлемдесу. Оқу құралдарын түгелдеу

ШИРАТУ ЖАТТЫҒУЫ

Ширату жаттығуы: Армысың асыл күнАрмысың асыл жерАрмысың көк аспан Армысың жан досым Жылуыма жылу қосМіне менің қолым Психологиялық дайындық

- Балалар жыл мезгілі нешеге бөлінеді?

- Атап беріңдерші?Қыс.Күз.Көктем.Жаз.

Топқа бөлу: “Жыл мезгілдері” Қызығушылығын ояту

Ал, балалар, ойнайық.

Ойнайықта ойлайық

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық

1– топ Қабат – қабат қаттамаАқылың болса аттама

2 – топ Үсті толған түрпіОның аты.......

3– топ Ақ сандығым ашылдыІшінен жібек шашылды

4– топ Өз атын өзі шақырады

Сөйтіп күнді батырады.

Жаңа оқу іс әрекеті“

Жыл мезгілдері.

К дыбысы мен әрпі” кірпі. күн. кітап. көкек.

Суретпен жұмыс.Буынға бөлу, к дыбысының орнын ажырату.

Оқулықпен жұмыс.Сұраққа жауап болатын суретті сызықпен көрсет.

Сөзге дыбыстық талдау жасау.

Жазғы даланы неге ұқсаттым?

Гүл неге қонды?Шәуілдеген не?

“Сөз ойла” К дыбысы бар сөздерді айту,кісі аттарын айтқызу

Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайықБір отырып, бір тұрып,Бір тынығып алайық

Дәптермен жұмыс

К дыбысының әріп таңбасын жазу К дыбысы қандай дыбыс?

Кдыбысы қандай сөздердекездеседі?

Оқу іс әрекетін қорытындылау

Балалар біздер бүгін қандай дыбыспен таныстық?

Қандай текшемен белгілейміз?


Ойын: «дыбысына сөз құра».

Саралаудың нәтижесі

-Дыбыс дегеніміз не? (құлағымыз не естиді сол дыбыстеп аталады, дыбыс әріптердін жиындығы).

-Әріп дегеніміз не? (дыбыстардың таңбасы)

-Дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге).

Бала үні

Кері байланыс

Балалар өздерінің түсінгендерін түсті қағазға белгілер арқылы жеткізеді

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.Қай тапсырманы орындау қызықты болды?

Рефлексивтік бағалау. Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды

2.Жаратылыстану

Тақырыбы: Әр жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Мақсаты:

0.2.2.2 Маусымдық өзгерістердің тірі табиғатқа тигізер ықпалын анықтау Бөлім: Тірі табиғат

Бөлімше: Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері

Күнделікті шаралар Ұйымдастыру кезеңі А) Балалармен сәлемдеседі Педагог оқушыларды түгендейді

Ширату жаттығулары:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып, дөңгеленіп тұрайық.Бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді жылы сөздер арқылы білдірейік.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз неше айдан тұрады?

-топтағы табиғат бұрышына назар аударсақ.


Ыдыс түбіне ұсақ тасты, сонан соң құм, сонан соң топырақты салу керек;

• ыдыстың ортасын шұңқырлау етіп, оған гүлді

Бақылау Ыдыс түбіне ұсақ тасты, сонан соң құм, сонан соң топырақты салу керек; ыдыстың ортасын шұңқырлау етіп, оған гүлді отырғызу;

-аздап су құю қажет.

Бөлме өсімдіктерінің атауларын атай алу. Олардың құрылысын түсіндіру.

Бөлме өсімдігінің адамға тигізер пай- дасын сипаттау. Өсімдіктердің өсуіне нелер әсер ететіндігін және қалай әсер ететіндігін дәлелдеуге тапсырма беріледі. Қорытынды жасату: бөлме өсімдіктері бізге пайда әкеледі. Олар әдемі болу үшін, оларды күтіп-баптау қажет. Кері байланыс «Желкенді кеме» Рефлекция 3.Музыка

Бөлім: Музыкалық сауаттылық

Бөлімше: Ән айту

Тақырыбы: Туған жерім-тұғырым

Мақсаты:

0.1.1.5 Қарқынды (жылдам, баяу), динамиканы (қатты, ақырын), регистрді (жоғары – «құс», орташа – «қоян», төмен – «аю»)

Күнделікті шаралар Ұйымдастыру кезеңі: балалармен сәлемдесу, түгендеу,құрал-жабдықтарды түгендеу.Дұрыс әсерлікөңіл күй орнату.Көңілді әуенмен оқу қызметін бастаймыз.Ширату жаттығуы: -Өткенде қандай ән айттық?-Қандай музыка тыңдадық?Музыканы тыңдату:Тамшылар» (муз.мен сөзі Л.Мұқашева).Балалардаң әннің не жайында екенін сұрау.Әуен қалай орындалды,жұмыс қандай екпінде,қандай көңіл күйде?Балалардың пікірін тыңдау.-Неліктен бұл әуенді жауын тамшылар деп айтылады?-Тамшы қайдан пайда болады? Бала үні:Балалар өз ойларын айтады. Кері байланыс:«Күн мен жаңбыр» ойыны арқылы оқу қызметін қорытындылау.Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса,төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.Қателіктер аз болса,ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады

Көркем әдебиет

Бөлім: Тыңдалған материалдардың мазмұнын түсіну

Бөлімше: Көркем шығарманың мазмұнын түсіну

4.Көркем әдебиет

Тақырыбы: Дос болайық бәріміз

Мақсаты: 01.2.1 шағын өлеңдері, шағын фольклор жанрмен мәнерлеп жатқа айту

Күнделікті шаралар Ұйымдастыру кезеңі Балалармен сәлемдеседіПедагог оқушыларды түгендейді Ширату жаттығуы Жануарлар туралы не білесіңдер?Қандай ертегілерді білесіңдер? Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін оқып береді. Коммуникативті Ертегі не туралы? Бала үні Отан туралы тақпақ ойлап айту

Коммуникативтік тудың суретін салу

Кері байланыс. «Желкенді кеме»


13.02

Сауат ашу

Тақырыбы:

К дыбысы мен əрпі

Мақсаты:

0.1.2.1. Сөйлемді ажыратып, оның мағынасын

түсіну, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу.

Бөлім:

Тыңдалым және айтылым

Бөлімше: Тыңдалған материалдардың мазмұнын түсіну

Күнделікті шаралар

Ұйымдастыру кезеңі

А) Балалармен сәлемдеседі

Педагог оқушыларды түгендейді

Ширату жаттығулары Педагог балалардың назарын оқу қызметіне тарту мақсатында балалармен «Отбасым – берекем!» қимылды ойынын ойнатады.Барлық балалар шеңбер жасап тұрады.Педагогтің белгісімен отбасы мүшелерін айтып, бір қолымен екінші қолының саусақтарын бір-бірлеп жұмады. Егер саусақтары жетпей қалса, артқа қарай адымдап, қалған отбасыларын атайды. Көп адымдаған балаға «Үлкен отбасы» деген атақ беріледі. Ол бала қалған балаларды бақылаушы болады..

Тапсырмалар қадамдары

.1-тапсырма. Педагог: Балалар жұмбақтың жауабында аталған отбас естіле ме?Қайталап айтайықшы!

2-тапсырма. Педагог өлең жолдарын оқып береді. Балалар мұқият тыңдап, естеріне сақтайды.Балаларға педагог үлкендерді сыйлау, олардың тілін алу, үлкендердің жолын кеспеу туралы əңгімелеп береді.– У – бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс.

Коммуникативтік Отбасы мүшелерінің есімдерінен У дыбысын ізде.Суретте берілген отбасы мүшелері туралы əңгімелейді. Педагогтің көмегімен отбасы мүшелерінің аттарымен атайды.Отбасы мүшелерінің атауларының сызбасына қарап буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.Отбасы мүшелерінің үлкенін, кішісін анықтайды. Балалар өз отбасылары туралы əңгіме құрады.

Коммуникация Жұптық жұмыс «Тау» сөзін қайталап, дыбыстық талдау жасады. Күз бейнеленген суретке қарап отырып, балалар күз мезгілі тұралы əңгімелеседі.

Командалық жұмыс

1 топ Педагог У əрпінің баспа түрін көрсетеді.

2- топ Педагог балаларға У дыбысын жасау үшін таяқшаларды қолдануға болатынын айтады.

Сергіту сəті

Шеңбер болып тұрамыз, Керегені құрамыз, Уықтарды көтеріп, Шаңыраққа тірейміз.Жоғары біздің шаңырақ, Күн сəулесін шашады.Киіз үйде жиналып,Отбасымыз бақытты!
Өлең жолдарын қимылмен қайталайды. Бала үні: Балаларға ой тастайды.Балалар У дыбысының бейнесіне қарап отырып, өздеріне қанша таяқша керек екенін, жəне қалай жасауға болатыны туралы пікірлеседі.У əрпінің баспа түрін ауада жазып, сосын жұмыс дəптеріне баспа түрін жазады.

Кері байланыс

Балалар өздерінің түсінгендерін түсті қағазға белгілер арқылы жеткізеді


Қауіпсіздік

Тақырыбы: Көшедегі қауіпсіздік

Мақсаты:

0.3.2.1. «Жаяу жүргіншілер», бағдаршам белгілерін түсіну..

Бөлімі: 1.2. Қауіпсіздік және еңбек мәдениеті.

Күтілетін нәтиже:Қалдықтармен жұмыс жасай біледі.

Күнделікті шаралар:

Ұйымдастыру кезеңі Балалармен сәлемдеседі Педагог оқушыларды түгендейді

Ширату жаттығуы:

Ынтымақты отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? Өз отбасың туралы әңгімелеп бер? Отбасыңдағы адамдардың мамандықтары қандай? «Отбасы туралы көркем шығарма оқу» (Командалық жұмыс Бірлесіп көйлек құрастырады.«Көмектес!» қимыл ойыны Балалар дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Таңдап алынған екі бала шеңберден шығып, қашады: бірі қашып, екіншісі қуады. Қашқан бала шеңберде тұрған кез келген баланың артына тұрады да, оған «Көмектес!» деп айтады. Өзінен көмек сұраған бала шеңберден жүгіріп шығуы тиіс. Ол да қашып жүріп шеңбердегі баланың бірінің артына тұрып көмек сұрай алады. Егер бала біреудің артына тұрып үлгермесе, ұсталып қалады. Ойынды қайталағанда басқа екі бала таңдалады. Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалайды. 3. Денсаулық әліппесі/Вариативка

4.Музыка

Тақырыбы: Тақырыбы: Туған жерім-тұғырым

Мақсаты:

0.1.1.5 Қарқынды (жылдам, баяу), динамиканы (қатты, ақырын), регистрді (жоғары – «құс», орташа – «қоян», төмен – «аю»)


14.02

1.Вариативті сағат

«Логика әлемі»

Тақырыбы: Төлдерді ата.

Мақсаты:Оқушыларға грамматикалық білім, білік, дағдыларын игерту;

Шығармашылық қабілеттерін арттыру;

Зейінін, еске сақтау, байкағыштык, киялдау, танымдық іс-эрекетгерімен өздігінен білім алуға, ізденуге. Күнделікті шаралар

Ұйымдастыру кезеңі

А) Балалармен сәлемдеседі

Педагог оқушыларды түгендейді

Ширату жаттығулары


2.Мүсіндеу

Бөлім:. Еңбек гигиенасы талаптарын және құралдармен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау Бөлімше: 1.2.Сюжеттік мүсіндеу

Тақырыбы: Ауылым менің жайлауда

Мақсаты: 0.2.1.3 Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру мүсіндеу Күтілетін нәтиже:табақты безендіру ерекшеліктерін табады

: Күнделікті шаралар

Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз, Жайнай түсті даламыз, Қайырлы таң, балалар!

Ширату жаттығуы: Ою-өрнек дегеніміз не? – Шеңбердегі ою-өрнек элементтері қалай орналасады? Сыни ойлау: Балалардың өмірден көрген-түйгенін анықтау:

Тапсырмалар қадамы:

– Күн сайын дастарқанның басында сенімен біргекімдер жиналады?– Отбасы мүшелерін атап көрсет.– Табақтағы өрнектер қалай аталады? (Ою-өрнек)– Табақтағы ені әртүрлі жолақтардан, басқа даүйлесімді элементтерден көмкеріп жасалған ою- Бал үні: .қазақ ою-өрнегінің түрлерін мұқият қарап шығып,олардың атауын атап беруге және сипаттап беругешақырады.

Жұптық жұмыс: . Ермексаздан жасалған дайын бұйым үстіне ермексазданжасалған ұсақ бөлшектерін (оюды) жапсырыпәшекейлеу дегенді қалай түсінесің Коммуникативтік:

Тапсырманы үлгі бойынша жасайды. 1. Алдымен ермексаздан жайпақ ыдыс жасап аламыз.Бұл – табақ.2. Бір үзік ермексазды ширатамыз.3. Оны кескішпен ұсақ дөңгелектерге бөліп, сопақша,ромб, үшбұрыш немесе шаршы пішіндер жасаймыз.Содан ою құрастырамыз.

. Кері байланыс «Жүрекшелер сөйлейді»

Жасыл жүрекше: түсіндім. Қызыл орташа

Сары: педагогтың көмегі керек

. Бағалау

3.Ағылшын тілі

Lesson 1. All about me

  • 0.L3begin to recognize with the considerable support simple greetings.

0.S6 exchange short simple greetings.

0.S1 begin to make basic personal statements

сүйеніп ән салу.

4.Дене шынықтыру/қауіпсіздік м/қ негіздері

Серуен:


09-55

Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.

Аулаға ұшып келетін құстарды бақылау.

Мақсаты: құстарды тануға,дене бөліктерін атауға үйрету;құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Ересектің көмегімен қарапайым еңбек тапсырмалары (мысалы, гүлдерді суару)

Мақсаты :қарапайым тапсырмаларды орындауға үйрету.

Қимылды ойындар «Мені қуып жет», «Күннің көзі мен жаңбыр» (2-3рет қайталау);

Мақсаты:Бір-біріне қақтығысып қалмай жүгіруге үйрету.

Дербес ойын әрекеті, серуенге алып шыққан материалдармен ойындар

Мақсаты: қызығушылықтары бойынша ойындарды таңдауды қамтамасыз ету және құрдастарымен қарым-қатынасты қалыптастыру.

Балалардың үйге қайтуы


Ата-аналарға кеңес:

«Үйде ойын бұрышын ұйымдастыру».

Психологтің кеңесі: мысалы:«Егер ата-аналар дүкеннен баланың ұнатқан ойыншығын сатып әпермеген жағдайда, өзін қалай ұстау қажет.

Балалар отбасында өздері не істей алатындары туралы әңгімелесу.

Кеңес:

«Бала өміріндегі ойыншықтың маңызы».

Жобаны таныстыру.

«Менің отбасым тақырыбына көрме ұйымдастыру.




Дербес ойын әрекеті


Қуыршақ театры. «Менің отбасым» тақырыбындағы сюжеттік суреттер қарау

Сюжеттік рольді ойындар

«Құрылысшы», «Шаштараз

«Қуыршақты шомылдырамыз» ойын жаттығулары,Ірі құрастырғыштармен ойын

Ойын «Кіммнің заттары»

Заттарды атау

Пазлдар.мозайка,бояғыштармен бояу.

Ойыншықтармен ойнау,қуыршақ театрында ойнау

Баланың жеке жұмыс парағы бойынша жеке жұмыстар



Балалармен жеке әңгімелесу; Мақсаты:баланы қарапайым сұрақтарға нақты,толық жауап беруге үйрету

«Әжең туралы әңгімеле»

Мақсаты: баланың сөздік қорын молайту.

«Ғажайып қалта» ойыны

Мақсаты:ойыншықтарды атай отырып сөздік қорын молайту

«Жыл мезгілдері туралы әңгімелету.

Мақсаты:қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету,жыл мезгілдерін білу.

Д.о.«Көңіл күй және жүріс» балаларға шаттық көңіл күй сыйлау.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
443
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі