Күні: 14.11.2023
Тақырыбы: «Ғажайып пішіндер»
Мақсаты: заттарды зерттеу барысында олардың пішінін, көлемін көзбен өлшеу, қолмен ұстау арқылы көрнекі бейнелік ойлауды ,еске сақтауды,қиялдауды ,сөйлеуді,қолдың моторикасын дамыту. Сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру,ұжыммен жұмыс істей білуге үйрету.
Әдіс – тәсілдер: Саяхаттау,сұрақ-жауап, сергіту сәті, шығармашылық т.б. қорытынды.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой,
Ал, қанекей бәріміз,
«Сәлем» дейік үлкенге.
--Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Тәрбиеші: - Балалар бүгінгі көңіл-күйлерің қандай?
Балалар: - Тамаша, тамаша, тамаша (қолдарын көрсетіп көрсетеді).
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, жақсы. Бүгін бізде ерекше оқу қызметі. Себебі, бізге қонақтар келіпті.
Жұмбақ жасыру:
Бұлттар төніп,жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: - Күз мезгілінде болады.
Тәрбиеші: - Жақсы балалар. Дұрыс айтасыңдар.
Тәрбиеші: - Балалар бүгінгі тақырыбымыз «Ғажайып пішіндер». Біз сендермен геометриялық пішіндер туралы білімдерімізді еске түсірейікші. Сендер қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
Балалар : - үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш,шеңбер.
Тәрбиеші: -Ал, енді балалар барлығымыз менің қолымдығы кілемшеге қарайықшы , бұл кілемшені Айжан қуыршақ беріп жіберді. Осы кілемшені әдемілеп, мына берілген геометриялық пішіндерді орналастыру керекпіз. Айжан қуыршаққа көмектесеміз бе?
Балалар: - Иа, біз Айжан қуыршаққа көмектесеміз.
(балалар Айжан қуыршаққа кілемше құрастыруға көмектесуге кіріседі)
Дидақтикалық ойыны: «Құрастыр»
Шарты: Геометриялық пішіндерді сәйкестендіріп орналастыру.
Тәрбиеші: - Балалар қараңдаршы біз шаршы, ұшбұрыш,домалақты орналастырдық. Алайда, мынау орын бос тұр. Кілемшені толық құрастыруда қандай геометриялық пішін қойылмаған екен ?
Балалар: - тіктөртбұрыш пішіні қойылмаған. Біз оны геометриялық пішіндер арасынан таба алмадық.
(Барлығы іздейді таба алмайды, қайдан табуға болатынын ойланады)
Медина:- Мен білемін, тіктөртбұрышты ғажайып пішіндер елінен таба аламыз.
Тәрбиеші: -Балалар, Медина дұрыс айтқан сияқты. Олай болса бәріміз ғажайып пішіндер еліне бару керекпіз. Ол жаққа қалай барсақ болады екен? (ойланады)
Айкөркем: - Мынау менің қолымда сиқырлы шляпа. Бұл шляпаны сіз кисеңіз, бәріміз ғажайып пішіндер елінде боламыз.
(тәрбиеші шляпаны киеді,барлығы шеңбер жасайды, айналады, сиқырлы әуен ғажайып пішіндер еліне келеді.)
Тәрбиеші: - Міне, ғажайып пішіндер еліне келдік. Қараңдаршы геометриялық пішіндер ілінген және пішіндерге ұқсайтын заттарда көп екен.
Ғажайып пішіндер елінен хат.
Тәрбиеші хат тауып алады. Хатта тіктөртбұрыш пішінді табу үшін тапсырмалар берілген. Балалар тапсырмаларды орындауға кіріседі.
Тәрбиеші: - Балаларға тапсырмаларды орындау үшін,
сендерге геометриялық пішіндер таратылады (домалақ,шаршы,ұшбұрыш). Осы пішіндер бойынша адасқан пішіндерді орнына қойып, топқа бөлініп, ары қарай тапсырмаларымызды орындаймыз.
І-тапсырма:
Қ\ойын: «Адасқан пішіндер»
Шарты: әуен қойылып, балалар қолдарындағы пішіндерге сәйкес жердегі пішіндерді басып өтіп орнына орналастыру керек.
Тәрбиеші:- Балалар тіктөртбұрышты кездестірдік пе?
Балалар: - Тіктөртбұрышты кездестірмедік. Мұнда, шаршы, шеңбер, ұшбұрыш пішіндері болды.
Тәрбиеші : - Дұрыс айтасыңдар балалар, енді біз топқа бөліндік, әр топ өз алдыларыңа берілген тапсырмаларды орындаймыз.
«Тәй-тәй » технологиясы арқылы 3-топқа бөлініп тапсырмаларды орындау :
І топ тапсырмасы:
«Нейропсихологиялық жаттығулар»
Шарты: Балалардың алдыларына түрлі – түстерменен бейнелер берілген,осы бейнелерді таяқшалардың көмегімен түстеріне сәйкес орындау керек.
ІІ топ тапсырмасы:
Шығармашылық жұмыс: «Қиял сәті»
Шарты: Балалар бояғышты әртүрлі пішіндегі губкаға батыра отырып, өз қиялдарымен әртүрлі (шаршы,тіктөртбұрыш,шеңбер,ұшбұрыш) геометриялық пішіндерден машина, үй т.б құрастырып, не құрастырғанын айтады.
ІІІ топ тапсырмасы:
Шығармашылық жұмыс: «Құрастыр»
Шарты: Балалар ға үлгі бойынша сурет беріледі, балалар сол суретке қарап, геометриялық пішіндерден сурет бойынша құрастырады.
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, тапсырмаларды орындадық. Балалар алайда пішіндер арасынан тіктөртбұрыш кездестірдіңдер ме?
Балалар: - Тіктөртбұрыш кездестірмедік. Мұнда, шаршы, шеңбер, ұшбұрыш,тіктөртбұрыш пішіндері болды.
Ғажайып пішіндер елінен хат.
Тәрбиеші хат тауып алады. Хатта балаларға қорапшмен сыйлық жібергенін айтады. Балалар қорапшаны тауып тәрбиешіге әкеледі.
Тәрбиеші:- Ал, балалар бұл қорапшада не сыйлық екенін білгіміз келіп тұрған сияқты. Қане, ашып көрейін.
(сиқырлы әуенмен қорапша ашылады, ішінен тіктөртбұрыш пішінді табады, балалар қуанады)
Тәрбиеші:- Балалар, міне, біз іздеген тіктөртбұрышты таптық. Енді, балабақшамызға оралып, Айжан қуыршақтың кілемшесін аяқтап,Айжан қуыршақты қуантатын болдық.
(барлығы балабақшаға оралады, Айжан қуыршақтың кілемшесін аяқтап тапсырманы орындайды,тәрбиеші Айжан қуыршаққа тапсыратынын айтады)
Қортынды:
«Монтессорий технологиясының «Қол орамал»
элементін пайдалану»
Тәрбиеші балаларға қол орамал таратып, қол орамалдан пішіндер құрастыртады, сұрақ-жауап жүргізеді. Белсенді балаларды мақтап, мадақтайды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шебер сынып

шағым қалдыра аласыз