400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шебер сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу сауаттылығымен жұмыс істеу кезінде мұғалімдер қандай қателіктер жібереді?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер!

Өздеріңізбен 261 орта мектеп қара шаңырағында жүздескеніме қуаныштымын.

Бүгінгі өздеріңізге арналған шебер сыныпқа қош келдіңіздер. Есімім Сандуғаш Бабабекқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Шебер сыныбымызды бастамас бұрын сіздердің көңіл күйлеріңізді көтеру мақсатында бір ойын ойнағым келіп тұр. Мен сіздер туралы 10 фанкт білеммін. Қызық па?!

1. Сіздер қазір осыны оқып отырсыздар.

2.Осы да факт па деп ойлап отырғандарыңыз да анық.

4.Сіздер 3-пунктті қалдырып кеткенімді байқамадыңыздар.

5.Соны жаңа ғана тексердіңіздер.

6. Сіздер жымидыңыздар.

7.Әрі қарай оқуды жалғастырып жатырсыздар.

9. Тағы бір тармақты тастап кеткенімді байқамадыңыздар.

10. Дәл қазір тексеріп жатырсыздар.

11. Сіздерге бұл ұнап тұр.

12. Барлығы 10 факт болу керек еді , соған мән бермедіңіздер.

Бұл-12.

Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр.

Бүгінгі шебер сыныпта өздеріңізге қазақтың осы бір әдемі салты бойынша шашу шашқым келім тұр. Шашуда жазылған ұсынылған заттар арқылы топтарға отырсаңыздар болады.

І топ: Оқу

ІІ топ: Білім

ІІІ топ: Дағды

«Керсінше ойлау» әдісі

Әріптестер, керсінше ойлап көрдіңіздер ме? Яғни ағысқа қарсы. Кез-келген істі немесе ойға алған шаруаңызды. Бір сәтке керсінше ойлап көрелікші. Біраз нәрсенің сол кезде шешімі табылар ма еді?

Мысалы бүгін сіз сабақ өтуіңіз керек, бірақ керсінше ойланып сабақ өтпесеңіз не болуы мүмкін. (Мұғалімдер өз ойларын айтады) Енді барлығымыз осы оқу сауаттылығы пәні бойынша оқушыларымыздың білім деңгейін жақсартқымыз келеді делік. Бірақ керсінше мақсат қойып өзімізді оқушы санап оқу сауаттылығы мәтінін оқыған кезде қандай қателіктер жіберуіміз мүмкін? Қағаз бетіне тізбектеп жазып көрелік. Халықаралық зерттеулерде берілген оқу сауаттылығының ҰБТ-де оқушыларымыз тапсырып жүрген оқу сауаттылығынан айтарлықтай айырмашылығы бар. Оқушылар халықаралық зертеулерде ұсынылған оқу сауаттылығын талдағанда қандай қателікктер жіберуі мүмкін. Жазайық. Барлық қателіктерді түгел жазыңыздар. (Оқиды)

Жақсы, жарайсыздар. Енді осы жазғандарымыз арқылы ойланып көрейік, мүмкін бұл қателіктерді біз жіберетін шығармыз?! Қалай ойлайсыздар?

Олай болса, Оқу дегеніміз – «жансыз әріптерден тірі мағына шығару» - деп К.Д.Ушинский айтпақшы, бүгінгі біздің шебер сыныбымыздың тақырыбы

Оқу сауаттылығымен жұмыс істеу кезінде мұғалімдер қандай қателіктер жібереді?

Мақсаты: Білім беру деңгейінде оқу сауаттылығын дамыту, қатысушылардың кәсіби құзіреттілігін жетілдіру.


Жаңа өздеріңіз ұсынған қателіктерді ғалымдардың зерттеулерімен салыстырып көрейік.

Презентация


Барлығымызда оқу сауаттылығы пәні не үшін оқылады, мақсаты қандай жалпы түсінік бар.Тапсырма орындап көрелік. Бір тақырып аясында үш топқа үш тапсырма бергім келіп отыр.

І топ «Тренд Талдау»

ІІ топ «ТӨК»

ІІІ топ «2S» әдісі


І топ

Алынған ақпарат бойынша тақырыптың өзектілігі мен ертеңгі қажеттілігін анықтаңыз.

«Тренд талдау» әдісі

Тақырыптың бүгінгі өзектілігі

Тақырыптың ертеңгі қажеттілігі қандай






ІІ топ

Тақырып бойынша кестені тотырады



«ТӨК» әдісі

Тақырыптың мақсаты

Өзектілігі

Күтілетін нәтиже







ІІІ топ

Себептерді және олардың салдарын жазыңыз.

«2S» әдісі

Себеп

Салдар



Топтар жұмыстарын қорғайды.


Топтағы қорғалған жұмыстарға қосарларыңыз бар ма? Ойларыңызды айтсаңыздар болады.

Әріптестер шебер сыныптың басында сіздер керсінше ойлау әдісі арқылы қателіктер жібердік, енді соны түзету үшін «Сheklist» әдісі арқылы оң жағынан, сол жазылған қателіктерді жою үшін не істеу керек тізіп жазайық.

«Қателіктен қорқудың өзі қателік» . Сондықтан Тәжірибе де қателіктен жаралған, Даналар да кері ағыстан нәр алған»- деп бүгінгі жұмысымызды қорытындылаймыз. Чеклистке жазғандарымыз жүзеге асқан сайын келесі қадамдарға жол ашылатынын көреміз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.02.2026
11
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі