жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шебер-сынып "Латын әліпбиі"
Бекітемін: 11.03.2020.
Шебер –сынып
Тақырыбы:
«Латын
әліпбиі : жаңғыру жазудан басталады
Latyn álipbıi: jańǵyrý jazýdan
bastalady»
Мақсаты: - латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру , қоғамдық пікір қалыптастыру
Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын ,жаңа қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу
Ресурстар : интербелсенді тақта, күн мен кітап бейнеленген плакат, бағалау парақтары , латын әліпбиі
Жұмыс барысы:
Кіріспе бөлімі: Мұғалім: 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды.
1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады.
Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.
Біздің қазіргі кирилл әліпбиіндегі қазақ тіліміз - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.
Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен.
ІІ Негізгі бөлімі:
Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды.
Латын әліпбиіне көшу
Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың соңына
дейін латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің
жобасын әзірлеуді ұсынып, үкіметке
қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің
нақты кестесін жасауды тапсырды. Ал
2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін
мамандарды және орта мектептерге
арналған оқулықтарды дайындауға
кірісуіміз қажет. Осылайша алдағы 2
жылда ұйымдастыру және әдістемелік
жұмыстар жүргізіледі.
Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;
қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;
осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тіл саласының білікті мамандарының бірі филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбектің пікірі:
«Латын әліпбиіне көшудің қиыншылығы қазіргі біздің қолданып жүрген әліпбиіміз қазақтың төл әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені, бізге өзге тілден енген дыбыстар араласып кетсе онда кедергілер туындайтынын, латын әліпбиіне төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында көшуін және қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек екенін, ол реформа үш мәселені дыбыс, әліпби және емле ережені бірдей қамтиды» – деп айтты.
Еліміздің
латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін
жасалған маңызды қадамдардың бірі.
Ұлы
Дала елінің тарихына көз жүгіртсек,
бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі
– тіл, үшіншісі – мемлекет және оның
тарихы болуы керектігі айқындалады.
Ел ағаларының пікірлері тыңдалады
Latyn álipbıine kóshý – qazaq halqynyń alǵa jyljýyna, jańa zaman talabyna saı ósip-órkendeýine, bolashaqta elimizdiń jan-jaqty damýyna úlken úles qosyp, jemisi men jeńisin ákeleri sózsiz.
Biz latyn álipbıine kóshe otyryp, órkenıetti elderdiń qataryna qosylyp, tilimizdegi dybystyq júıelerdi naq anyqtap, qazaq tiliniń jazylýy men dybystalý kezinde sózder qoldanysyndaǵy artyq kirme sózderden arylamyz.
Latyn álipbıine kóshý - ultymyzdyń sanasyn buǵaýdan bosatady, túrki jáne jahandyq álemimen yqpaldasýǵa, qazaq halqy erteden qoldanǵan álipbıimizge qaıta oralyp, ulttyq sanamyzdyń qaıta jańǵyrýyna jol ashady.
Латын
әліпбиімен танысу
жаттығу
орындалады
таныстыру
Жұптық жұмыс
«Сен де латынша жазып көр!» деген тапсырмамен мына өлең шумақты латын қарпімен жаз
Достығымыз достар арылмасын,
Пейіліміз кеңейсін тарылмасын,
Жиі-жиі бас қосып сыр шертіссек
Жүрегіміз қалайша жарылмасын
Dostyǵymyz dostar arylmasyn,
Peıilimiz keńeısin tarylmasyn,
Jıi-jıi bas qosyp syr shertissek
Júregimiz qalaısha jarylmasyn
шетелдіктер
латынша қалай оқиды ???????/Абайдың өлеңдері
оқылады/
Латынша оқып көрейік
Shildeniń aptap ystyq kúnderiniń biri bolatyn. Ala jazdaı Kegen aýylynyń qara sıraq balalaryna tynym joq. Kezekpen qoı baǵý, shóp shabý, tańerteń maldy óriske qosyp, keshke kútip alý, qoıdyń júnin qyrqý, qysqa otyn daýyndaý sekildi jylda qaıtalanatyn tirlikke olardyń eti ábden úırengen.
Менің педагогикалық ұстанымым
«El esinde bir jyl qalǵyn kelse-as ber, on jyl qalǵyń kelse-aǵash otyrǵyz, al máńgi qalǵyń kelse-bala tárbıele» deıdi halyq danalyǵy. Men úshin eń qasterli de, qasıetti mamandyq ol - ustazdyq.
Топтық жұмыс
Мақал құрастыру -----күннің нұрына ретімен орналастыру керек
Әңгіме құрастыру ----кітапшаға орналастыру керек
ДҰРЫСЫ : Азған елдің баласы бірін-бірі жамандар,
qaqpan quryp aldyna qulatýǵa amaldar.Ozǵan eldiń balasy birin-biri "batyr" der,
қойны-қоншы құйылып, толып тұрған ақыл дерАйрылған болсаң еліңнен,
qýatyń keter belińnen.
Arqa súıer eliń bolsyn,
Аунап жатар жерің болсын.
Ómirde iz qaldyrý балалықтан басталады.
Ақылды — ойлап, түйгенін айтады,
Aqylsyz — shala-pula bilgenin aıtady.
Aqyldyǵa sóz aıtsań, az oılanyp biledi.
Ақылсызға сөз айтсаң, тындайды да күледі.
Rýhanı jańǵyrý
Elbasynyń «Rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy – tarıhı qujat. Bul qujatta latyn álipbıine kóshý týraly naqty mindet qoıyldy. Jańa álipbı – jańǵyrýdyń qaınary. Álipbı arqyly ulttyq sana kúsheıedi. Álemde bolyp jatqan jańalyqtar osy jazý arqyly qabyldanady. Sondaı-aq bul álipbı qazaq tiliniń tól tabıǵatyn saqtaýǵa múmkindik beredi.
El bolashaǵy jas urpaqtyń qolynda. Latyn qarpine kóshý olardyń bilim jáne ǵylym jolyndaǵy izdenisterine jol ashady. Bul – Qazaqstan úshin damyǵan otyz eldiń qataryna qosylý baǵytyndaǵy ıgi qadam. Rýhanı jańǵyrý – qazaq eliniń jarqyn bolashaǵy.
БАҒАЛАУ : СІЗ ҚАНДАЙ ҰСТАЗСЫЗ? / мұғалім өзі таңдаған ашықхатта ұстазға тән қасиеттер жасырынған/
ІІІ Қорытынды бөлімі: Қазіргі таңда Елбасы Н.Ә. Назарбаев латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын. Себебі: , біріншіден,латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық –тіл ауыспай ,таңбаның ауысуы . екіншіден ,қарапайым тілмен жеткізсем ,сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз. Көптеген ғалымдардың пікірін ескеретін болсам, латын әліпбиіне көшу соншалықты қиындық тудырмайды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» ,
«Көз- қорқақ ,қол –батыр», -деп дана халқымыз айтқандай ,екі қолды сыбанып ,нақты нық қадаммен алға басайық!
Латын әліпбиіне көшу — тіліміз үшін жасалған игі қадам!
қазақша-латынша
ән айту
латынша
ән айту
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті
Б.К.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия
Шебер –сынып
Тақырыбы:
«Латын
әліпбиі : жаңғыру жазудан басталады
Latyn álipbıi: jańǵyrý jazýdan
bastalady»
Орындаған: Имбетова А
2020 жыл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген