400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Шебер сынып:"Сан есімді қайталау" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл шебер сыныптың мақсаты жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беріп жатқан барша Қазақстандықтарға әдістемелік көмек көрсету.6-сынып оқушыларын да жаңаша оқыту бағдарламасына дайындау болып табылады.Бұл шебер сыныпта оқушылардың қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдер қамтылған.Осындай тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойланта отырып, жаңа заманға бейімдеу болып табылады деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақтың жоспары

Сабақ:Қазақ тілі

Мектеп:№40

Сабақ №38

Күні: 07.12.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Утегулова А.Н.

Сынып: 6

Қатысқандар саны: 27

Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы:

Сан есімді қайталау

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Сан есімнен өткенді қайталай отырып,сан есімнің өзіне тән белгілерін есте сақтату,тақырып аясында жаттығу жұмыстарын сауатты жаза біледі, өз ойын еркін, анық, толық жеткізе алады,жаттығу жаза отырып сауаттылықтары артады, ойлау, сөйлеу дағдылары қалыптасады,киелі сандардың мән-мағынасын біледі,ана тілін құрметтей, сүйе білуге тәрбиеленеді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Сан есімнің не екенін біледі,мағыналық түрлерін ажырата алады.Өз ойларын еркін жеткізе алады,тақырып аясында жаттығуды сауатты жаза біледі, орфография мен орфоэпиялық заңдылықтарды сақтай біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:тақырып бойынша сөйлем құрай , жаза алады.





Кейбір оқушылар :Өз ойларын тез, жылдам, терең, өмірмен түрлі мысалдар келтіре отырып байланыстыра алады.

Тілдік мақсат








Оқушылар:тақырып бойынша мәтінді тыңдай біледі,оқи алады,сұхбаттаса алады, грамматикалық және орфографиялық нормаларды сақтайды.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сыныптағы диалог\ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:тақырып бойынша диалог құрастыра біледі.

Талқылауға арналған тармақтар:Киелі сандар туралы


Жазылым бойынша ұсыныстар:орфографиялық , орфоэпиялық заңдылықтарды ескереді

Күтілетін нәтиже

Сан есімнің мағыналық түрлерін біледі,талдау жасай алады.Сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы ынтымақтастықта жұмыс істей алады.Топтық жұмыс арқылы өзіндік пікірі, көзқарасы қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

әдебиет, матем, өзін-өзітанумен,өмірмен байланыс

Сабақтың түрі

жарыс сабақ

Әдіс –тәсілдер

сұрақ-жауап, диалогтік оқыту, топпен,жеке,жұппен жұмыс, «Кубизм», «1 тезис, 3дәлел», «Венн диаграммасы»

Алдыңғы оқу





Уақыт 40мин

Сабақтағы іс-әрекет

Ресурс


Басталуы




2минут









3минут















2минут





Ортасы




2минут











4минут












7минут













3минут



3минут




5минут



3минут


2 минут







3минут








1минут



Аяқталуы



2минут

1 минут



1минут



3минут

1.Ұйымдастыру кезеңі:-сәлемдесу,-түгендеу, оқуға жағымды ахуал туғызу(Топ басшылары бір-біріне сәттілік тілейді)

Жоспары:

1.Сыныпты 6топқа бөлу

2.Қызығушылықты ояту

3.Критерий құрастыру.Мақсатымен таныстыру.

1-топ:«Есептік сан есім» тобы

2-топ:«Реттік сан есім» тобы

3-топ:«Жинақтық сан есім» тобы

4-топ:«Топтау сан есім» тобы

5-топ: «Болжалдық сан есім» тобы

6-топ: «Бөлшектік сан есім» тобы

Білу:Қызығушылықтарын ояту. «Сандар сөйлейді» ойыны.Елбасының үш тұғырлы тіл жобасын іске асыру мақсатында берілген мақал-мәтелдерден сан есімдерді тауып үш тілде айту.(Әр топтың команда капитандары шығады)

1....атасын білмеген жетесіз.( жеті-семь-сэвен)

2.Қызды ....үйден тыю.(қырық-сорок-фоти)

3.....ала болса ауыздағы кетеді,....түгел болса төбедегі келеді. (алтау-шесть-сикс,төртеу-четыре-фо)

4.Білекті...жығар, білімді....жығар. (бірді-один-уан,мың-тысяча-уан тюсанд)

5....рет өлшеп, ....рет кес. (жеті-семь-сэвен,бір-один-уан)

6.Білгенің бір ...,білмегенің....( тоғыз-девять-найн, девяносто девять-найнти найн)

Түсіну.Қайталау -оқу анасы,

Мақалдың бір данасы.

Өткенді еске түсірсең,

Ешкімнің жоқ таласы,-демекші, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Сан есімді қайталау»(Сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстырып, критерий құрастыру)

Критерий:

1.Сан есімнен алған білімді жүйелеу.Ол үшін тақырыпты ашатындай жаттығу жұмыстарын орындау.

2.Берілген уақытты тиімді пайдалану.

3.Топ ережесін сақтау.

Қайталауға арналған сұрақтар «Сен маған-мен саған» әдісі бойынша

(Әр топ бір-біріне сұрақ қойып жауап алады)

1.Сан есім деген не?

2.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?Оларды атаңдар.

3.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?Оларды атаңдар.

4.Есептік сан есім деген не?

5.Реттік сан есім деген не? Ол қалай жасалады?

6.Жинақтық сан есім деген не? Ол қалай жасалады?

7.Топтау сан есім деген не?Ол қалай жасалады?

8.Болжалдық сан есім деген не?

9.Бөлшектік сан есім деген не?Ерекшеліктері неде?

Қолдану:Жаттығу жұмыстарын орындату. Топ мүшелеріне жеке жұмыс.

«Есептік сан есім»тобы-130-жаттығу.Берілген сан есімдермен реттік, жинақтық, болжалдық, топтау сан есімдер жасап,сөзбен жазыңдар.180

«Реттік сан есім»тобы-130-жаттығу.Берілген сан есімдермен реттік, жинақтық, болжалдық, топтау сан есімдер жасап,сөзбен жазыңдар.71

«Топтау сан есім» тобы-130 -жаттығу.Берілген сан есімдермен реттік, жинақтық, болжалдық, топтау сан есімдер жасап,сөзбен жазыңдар.1000

«Жинақтық сан есім» тобы-130 -жаттығу.Берілген сан есімдермен реттік, жинақтық, болжалдық, топтау сан есімдер жасап,сөзбен жазыңдар.20

«Болжалдық сан есім»тобы-131-жаттығу.Дара сан есімдерді теріп жазыңдар.

«Бөлшектік сан есім»тобы-131-жаттығу.Күрделі сан есімдерді теріп жазыңдар.

Топпен жұмыс. 1-топқа: Математикалық талдау

Берілгені:тоқсан,жеті,алты,тоғыз,сегіз

2-топқа:«Венн диаграммасы»

Реттік сан есім

Ұқсастығы

Жинақтық сан есім




3-топқа:Семантикалық кестені толтыр( мысал келтір)

Есептік

реттік

жинақтық

топтау

бөлшектік

болжалдық







4-топқа:Әр оқушыға жеке бір-бірден тапсырма беріледі.

Жеті ата

жеті жоқ

жеті күн

жеті ғалам

жеті қазына






5-топқа::«Кубизм» стратегиясы

1.Суретте:

2.Сарала:

3.Салыстыр:

4.Қолдан:

6-топқа:«1тезис,3дәлел»әдісі немесе сан есімге байланысты кластер құрастыру

1 тезис

1-дәлел

2-дәлел

3-дәлел

Сан есім сөз табы.

Заттың санын білдіреді.

Қанша? Неше?деген сұраққа жауап береді.

Мысалы.

Топпен жұмыс.Шығармашылық жұмыс«Ортада қаламсап»әдісі.Сан есімдерді қатыстырып «Туған жер», «Мәңгілік Ел»идеясы, «Рухани жаңғыру», «Тәуелсіздік»,«Менің алғашқы президентім», «Отаным-алтын бесігім»тақырыптарында әр қайсысың бір-бір сөйлемнен өз ойларыңды өрбітіңдер.

Жұппен жұмыс.Диалогтік оқыту. Сан есімді қатыстырып жұбыңмен диалог құрастыр.

Қосымша тапсырма.Киелі сандар туралы 7,9,12,40

1жетіде жеті күн бар.Әр қайсысының өз атауы бар.Қайтыс болған адамның жетісін береді.Жақсы істі сәрсенбіде бастаған.Осы жеті күннің ішінде жұма қасиетті күн саналған.

9 саны ерекше құрметті.Тұрмысқа шыққан қызға 9 түрден тұратын 1 тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз етіп құдаларға «тоғыз қабат торқа кигізген»

Бір жылда 12 ай бар.12 жылға ат берілген.13 жасқа келген бала 1 мүшелге келеді де оған 12 санын қосу арқылы келесі мүшел жасын анықтап отырған.

Жаңа туған баланы қырқынан шығарады.қайтыс болған адамның қырқын береді.

Сергіту сәті«Ақ бұлақ» әніне билеу.

Талдау:Жеке жұмыс

«Иә-жоқ» ойыны арқылы сәйкестендіру тестін белгілеу.

Сұрақ

иә

жоқ

1

Жинақтық сан есім жетіге дейін санала ма?



2

Ай, жыл атауынан кейін дефис қойылмайды.



3

Сан есім мағынасына қарай алтыға бөлінеді ме?



4

Топтау сан есім заттың есебін білдіре ме?



5

Реттік сан есім нешінші деген сұраққа жауап бере ме?



6

Рим цифрынан кейін тыныс белгісі қойыла ма?



Жинақтау

1.Сан есім деген не?

2.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?Оларды атаңдар.

3.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?Оларды атаңдар.

4.Есептік сан есім деген не?

5.Реттік сан есім деген не? Ол қалай жасалады?

6.Жинақтық сан есім деген не? Ол қалай жасалады?

7.Топтау сан есім деген не?Ол қалай жасалады?

8.Болжалдық сан есім деген не?

9.Бөлшектік сан есім деген не?Ерекшеліктері неде?

Үйге тапсырма беру

136-жаттығуды берілгені бойынша орында.

Кері байланыс

1.Мен бүгін не білдім?

2.Маған не қызықты болды?

3.Мен кімнің жауабына риза болдым?

4.Не білгім келеді?

Бағалау:












слайд











стикер

































оқулық














кесте





























сурет






































стикер

Қосымша ақпарат

Бағалау:Дискрепторлар арқылы формативті бағалап отырамын.

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді,қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы қалай жоспарлайсыз?


Рефлексия Оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?


Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?







Мен өз жоспарыма қандай түзету енгіздім,неліктен?








Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не?

Қандай екі нәрсе табысты болды?1.








2.








Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?




1.



2.

























































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
654
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі