400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шебер сыныптын сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған шебер сынып жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шебер сыныптың сабақ жоспары

Биология пәні мұғалімі: Байдакова С.К.

Шебер сынып тақырыбы:

"Биология сабағында жасанды интеллектті қолдану арқылы табысқа жету"

Сабақтың мақсаты:
Жасанды интеллект құралдарын биология сабақтарында тиімді қолдану жолдарын меңгерту, оқыту үрдісін жақсарту және интерактивті әдістерді енгізу арқылы сабақ қызықтылығын арттыру.

Сабақтың міндеттері:

  • Жасанды интеллект туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

  • Биология пәнінде жасанды интеллект көмегімен жаңа материалдарды жеңіл және қызықты меңгеруді көрсету.

  • Білім алушылардың өз бетімен зерттеу жүргізуіне жағдай жасау.

  • Биологиялық тәжірибелерді модельдеу үшін жасанды интеллект құралдарын үйрету.

  • 3D форматында сұрақтар қою арқылы білім алушылардың тақырыпты терең түсінуін қамтамасыз ету;

  • Kahoot платформасында интерактивті ойындар құрастыру арқылы қызығушылығын арттыру;

  • iNaturalist платформасын қолдана отырып, өсімдіктер туралы ақпарат жинауды үйрету;

Қолданылатын әдістер:

  • Түсіндіру әдісі: Жасанды интеллекттің биологияда қалай қолданылатынын түсіндіру.

  • Практикалық жұмыс: Жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы биологиялық тапсырмаларды орындау.

  • Интерактивті ойындар: Білім алушылардың қызығушылығын арттыру үшін ойын әдістерін пайдалану.

  • Топтық жұмыс: Топтарға бөлініп, әртүрлі AI құралдарын биологияға қатысты тапсырмаларда қолдану.

  • Сұрақ-жауап: Сабақ соңында алған білімдерін тексеру және кері байланыс алу.









Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
    Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

    • Өсімдіктердің қозғалысы (тропизмдер, настиялар, т.б.) тақырыбы бойынша жалпы түсінік беру;

    • Өсімдіктердің жарыққа, жылуға, суға, химиялық заттарға бағытталып қозғалу механизмдері туралы қысқаша мағлұмат беру.

  3. iNaturalist платформасын қолдану:

    • iNaturalist платформасында өсімдіктерді бақылау жолдарын көрсету.

    • Платформада өсімдіктердің түрлерін анықтау, суреттерді жүктеу, ақпарат жинау және биологиялық зерттеу жүргізуді үйрету.

  4. Жасанды интеллект пен 3D форматында сұрақтар қою:

    • 3D модельдер немесе суреттер арқылы адам қаңқасы құрылымдарын зерттеуді ұйымдастыру;

    • 3D модельдері арқылы адам қаңқасының қызметі қалай жүзеге асатынын көрсету және сұрақтар қою;

    • Мысалы: «Қаңқаның қызметі ?», «Жалпақ сүйектерге қандай сүйектер жатады?».

Практикалық жұмыс (Kahoot ойыны): https://create.kahoot.it/details/bb2bc37f-b0ff-471d-9422-1af56cc2f6f5

    • Өсімдік қозғалысы тақырыбында Kahoot платформасында викториналық ойын құрастыру.

    • Қойылатын сұрақтар: өсімдіктердің фототропизмі, геотропизмі және т.б. туралы қысқаша викторина сұрақтары.

  1. Сергіту сәті (Әдіс):

    • "Фототропизмді бейнелеу" әдісі:Білім алушылар сынып ішінде күн сәулесін іздейтін өсімдік ретінде қозғалады (жарық көзі ретінде кез келген бір бұрыш белгіленеді).

    • Белгілі бір бағытқа қарай баяу қозғалу арқылы өсімдіктердің жарыққа бағытталған қозғалысын түсіндіреді.

  2. Қорытындылау және рефлексия:

Мұғалімдердің сабақтан алған әсерлері мен пікірлерін тыңдау.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
23.12.2024
502
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12