Шебердің қолы алтын

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Шебердің қолы алтын

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау әдістері
Материалдың қысқаша нұсқасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

М.ТЫНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ

ШЫМКЕНТ АLT КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ


БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері

Утесинова Г.А________

2024-2025 оқу жылы

Оқу сабақ жоспары №8

Модуль/пән атауы

Кәсіпорында болып жатқан экономикалық процестерді талдау және бағалау

Сабақтың тақырыбы

Кәсіпорынның айналым капиталы

Педагог

Еркебекова Ж

Курс


Топ







Сабақтың өткізілетін күні







Сабақтың түрі

Теориялық сабағы

Сабақтың мақсаты немесе оқыту нәтижелері

Білімділік: Кәсіпорын және оның қоғамдағы рөлі туралы білім білік дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік: Пәнге қызығушылығын тәрбиелеу және өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу

Дамытушылық: кәсіпорынның қоғамдағы ролі туралы логикалық ойлауын дамыту

Бағалау критерийлері

Кәсіпорынның айналым капиталы ұйымдастырудың негiзгi нышандары атты тақырыпты меңгеріп, толықтыру.

Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер

1.Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы / В.П. Волков, А.И. Ильин, В.И. Станкевич және басқалар; А.И. Ильин жалпы редакциясында. Мәскеу: Жаңа білім, 2014ж.

2. В.И. Горфинкель «Кәсіпорын экономикасы» М:Инфра 2008ж.

3. О.И. Волков «Кәсіпорын экономикасы» М: Инфра 2014ж.

4. Н.А. Сафронов Кәсіпорын экономикасы. -М:Инфра 2008 ж.

5. Дунаев В.Ф. «МГӨ кәсіпорын экономикасы» М: Искра, 2016ж.

6. В.Д.Дубровский, Б.И. Гайкин «Экономика және кәсіпорынды басқару» М: Недра, 2009ж

Техникалық құралдар, материалдар

Басылым материалдары кестелер, тірек сызбалар, кеспе қағаздар

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері


1.Ұйымдастыру кезеңі:

(5 минут)

Сәлемдесу, түгелдеу, білім алушылардың зейінін сабаққа аудару

2.Үй тапсырамасын тексеру кезеңі

  1. инут)

«Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы үй тапсырмасын бағалау.

3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі (жаңа тақырыпты болжау) / Практикалық, зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі

( 5 минут)

Кәсіпорынның айналым капиталы

Кәсіпорынның айналым құралдарының құрамы мен құрылымы

Өнеркәсіптік кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі үшін кәзіргі жағдайларда инновацияларды, технологияларды, технологияларды, негізгі капиталды көбейтуді қамтамасыз етумен қатар, айналым қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет. Кәсіпорынның айналым қаражатын инновациялық негізде қалыптастыру және оның ұтымды пайдалану кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған міндеттердің жалпы кешенінде негізгі болып табылады. Айналым капиталы - ағымдағы қызметке кепілдік беру үшін белгілі бір заңдылықпен жаңартылатын, ағымдағы активтерге (ағымдағы активтерге) салынған кәсіпорынның капиталы. Айналымдағы

капитал жылына кем дегенде бір рет немесе бір өндірістік циклде айналып отырады.

Кәсіпорынның қорларының бір бөлігін айналым құралдары құрайды.Айналым құралдары өндірістік айналым қоры және айналыс қоры болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік айналым қорлары - өндірістік цикл ішінде толықтай пайдаланып, өз

құнын дайын өнімге бірден аударатын еңбек заттары.

Өндірістік айналым қорларының жіктелуі:

-өндірістік запас;

-аяқталмаған өндірісжәне жартылай фабрикаттар;

-болашақ кезең шығындары;

Өндірістік запас- өндірістік үдеріске жіберілу үшін

дайындалған еңбек заттары. Оған жататындар:

а)шикізат

б)негізгі және қосалқы материалдар(тереңдік насостар,

деэмульсаторлар, реагенттер, еріткіштер);

в)отын, электр энергиясы;

с)жартылай фабрикаттармен комплектіленген өнім; д) тара, қораптар, мешок , бөшке т.б. г) негізгі қорларды ағымдық жөндеуге қажетті бөлшектер. е) аяқталмаған өндіріс және жартылай фабрикаттар - өндірістік процеске келіп түскен еңбек заттары. оған: материалдар, детальдар, жинау немесе өңдеу процесіндегі өнімдер, мекеменің бір цехындағы аяқталмаған өнім.


4.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (Практикалық, зертханалық жұмысты орындау кезеңі)

(30 минут)

Шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар қорлары. Айналым активтерінің бұл түрі кәсіпорынның өндірістік қызметін қамтамасыз ететін запас түріндегі олардың кіретін материалдық ағымының көлемін сипаттайды. Болашақ кезең шығындары – айналым қорларының жеке элементтері, нақты кезеңде өндіріліп, бірақ болашақ кезеңде

қарастырылатын жаңа өнімді дайындау мен игеру шығындарын қамтиды,осындай шығындарға ғимараттар жалгерлік төлем, баспа газеттерге жазылу шығындары

жатады. Айналым құралдары өз қозғалысында қор айналысымен тығыз байланысты. Қор айналысы мыналарды қамтиды.

- қоймадағы дайын өнім;

- ақшалай құралдар;

- өнімді тұтынушылармен есеп айырысулар;

-дебиторлық бережақтар.

Дайын өнімнің өткізілмеген бөлігі қоймаларда дайын өнім ретінде сақталады.Өткізуге арналған запас түріндегі олардың шығатын материалдық ағымының көлемін сипаттайтын айналым активтерінің бір түрі. Ақша құралдары – бұл кассадағы, есеп айрысу, валюталық есеп шоттардағы қалған ақша құралдары. Ақша құралдары – айналым құралдарының негізгі тобы болып табылады. Айналыс кезінде айналым

құралдары өзінің қызмет көрсетуіне байланысты формаларын өзгертеді, нәтижесінде дайын өнім ақшаға айналып отырады. Ақша құралдары негізінен кәсіпорынның банктердегі есеп шоттарында сақталады, өйткені шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы есептесулер негізінен банктер арқылы қолма – қол ақшасыз іске асады.

Еңбекақы төленетін күндерден басқа мезгілде ақша активтері азған мөлшерде кәсіпорын кассасында сақталады. Кәсіпорын өзінің төлемқабілеттілігін сақтау үшін үнемі ақша қаражатының белгілі бір мөлшерін өз кассасында сақтауға міндетті. Өнім өндірумен айналысатын кәсіпорындарда жөнелтілген тауарлардағы қаржылар жоғары үлес салмағын иемденеді. Олардың кәсіпорында болуы міндетті жағдай, себебі келісілген уақытта олар қоймалардан тұтынушыларға жөнелтіледі. Бірақ жөнелтілетін тауарлардың

қолданылуға дайындықтары әртүрлі болады. Олардың бір бөлігі үшін төлем төлеу мерзімі әлі келген жоқ. Ал енді бір тобы үшін төлем төлеу мерзімі өтіп кеткен. Бұл сатып алушылардың төлемқабілетінің жоқтығын, немесе келісім шартты бұзып отырғанын көрсетеді. Дебиторлық бережақ – келісім немесе сметалық баға бойынша

төленетін тиелген өнім, істелінген жұмыс және көрсетілген қызмет үшін беретін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің бережағы.Дебиторлық бережақтың бірнеше түрі болады: командировка және басқа да мақсаттарға алынған қарыз, сатушылардың сатып алушыларға қарызы, салық органдарының мекемеге қарызы және т.б

Айналым қорлары мен қор айналысын құруға бағытталған кәсіпорынның ақшалай құралдары айналым құралдары деп аталады. Айналым қорлары мен қор айналысы біріге отырып, айналым құралдарын(айналым капиталын) құрайды. Айналым құралдары құрылу көзіне байланысты екіге бөлінеді: меншіктік және несиелік. Меншіктік айналым құраладры – үнемі кәсіпорын игілігінде болатын және оның меншіктік ресурстары есебінен құрылатын құралдыр. Несиелік айналым құралдары – банк несиесі, коммерциялық несие және т.б. көздерден құрылады. Шикізат, материалдар, отын, энергия – бұлар еңбек затына жатады, яғни олар құралы мен адам еңбегінің әсеріне

тап болып, нәтижесінде адамның өндірістік және жеке қажеттілігін өтеу үшін өздерінің түрлерімен қасиеттерін өзгертеді. Бұл ресурстар өнеркәсіптің материалдық –

техникалық базасының заттық элементі болып табылады. Олар айналым қорының құрамына кіріп, толығымен өзінің құнын дайын өнімге өткізеді. Еңбек заты ретінде шикізат және отын-энергетикалық болып пайдаланылатын барлық материалдық ресурстар шартты түрде екіге бөлінеді. Шикізат ресурстары әр түрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының жиынтығы түрінде болып келеді. Өңделмеген шикізат деп жерден қазылып алынған соның нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек заттарын айтамыз. Шикізатқа кен өндіруші өндіріс (руда, мұнай, көмір және т.б.) пен ауыл шаруашылығының (астық, картоп, қызылша) өнімдері, ал материалдарға өңдеуші өндірістік өнімі жатады. Материалдарды негізгі және көмекші деп екіге бөледі.Негізгі материалдар дайын өнімнің құрамына табиғи түрде кіріп, оның материалдық негізін құрайды. Көмекші материалдар дайын өнімнің құрамына кірмейді, бірақта оның түзілуіне әсер етеді. Отын мен энергия өзінің экономикалық ерекшелігіне

байланысты көмекші материалдарға да, ресурстардың жеке тобына да жатқызылады.

Отын-энергетикалық ресурстар ықтималды және нақты деп екі топқа бөлінеді. Ықтималды отын-энергетикалық ресурстарға елдің белгілі бір экономикалық аймағындағы отын мен энергияның барлық түрімен байланысты қорлар

жатады ;

5.Жаңа материалды бекіту кезеңі. (Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі)

(20 минут)

«Топтастыру» стратегиясы бойынша барлық білім алушыларды топтастырып сұрақ жауаппен алмасу.


6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі минут)(5 минут)

1. Кәсіпорын түсінігі, түрлері.

2. Өндірістің факторлары мен ресуртары. Ресурстың шектеулігі

3. Кәсіпорынныі басты сұрақтары.

7.Сабақты қорытындылау және рефлексия (5 минут)

«Екі жұлдыз, бір тілек» стикерді жабыстыру.
Нәтижелі жұмысқа «Үш шапалақ».



Педагог: ___________________________________























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2025
139
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі