400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

"Шебердің қолы ортақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәстүрлі емес сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы




Сабақтың тақырыбы: «Шебердің қолы ортақ» (дәстүрлі емес сабақ)

Сабақтың міндеті: Оқушылардың қызығушылығын ояту.

Алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.

Шығармашылыққа баулу. Сөздік қорын байыту.

2. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жолдастыққа,

ұйымшылдыққа, көмек бері және қарым-қатынастыққа

үйрету.

3. Танымдық белсенділігін арттыру. Топтасып жұмыс

жүргізу, ой қорытуға дағдылау.Іздемпаздыққа баулу.

Сабақтың типі: Қоғамдық білім байқауы, өткен материалдарды жалпылау

және жүйелеу.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі

2. Кіріспе әңгіме

Еңбек адам баласының өмірдегі ең негізгі іс әрекеті екенін сендер мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, біліп, онсыз тіршілік жоқ екенін жақсы түсіндіріңдер.

Бал арасы жаз бойы таң атқаннан кеш батқанша бір тыным таппай, мың сан гүлдерге қонып, шырын жинаса, ал тиіндер ше? Олар да балқарағайдың ұшар басынан жаңғақ жинап, ұяларына тасиды.

Ал құмырсқалар ше?

Олардың бірі үйлерін жөндеп, біреулері өзін үлкен жемді сүйреп бара жатады.

Құстар ше? Олар да көктемде шөп-шалам жинап ұяларын әзірлесе, бірер айдан кейін балапандарына жем тасып қарбаласады. Олар өздерінің балапандарының өміріне күресумен болады. Өмір сүру үшін күресумен болады. Күрес дегеніміз-еңбек. Ал еңбексіз өмір жоқ. Оның бәрін күндегі көріп жүрген әке-шешеміздің тынымсыз еңбектерінен байқауға болады.

Халқымыз «Баланы-жастан» дейді. Тәлім тәрбие алуың да теңіздей терең білім игерудің бастауың да қабілет, икемділікте бойыңа сіңіруің де бәрі-бәрі еңбекпен байланысты. Осы қолымыздағы оқулықтың мақсаты да өздеріңде (еңбекке) үлкен еңбек жолына апарар икемділікке, шеберлікке баулиды.

Осы оқулықтан түрлі еңбек құралдармен, олармен қалай жұмыс істеу керектігін, жұмыс орындарын дұрыс пайдалана білу, техникалық қауіпсіздікпен тазалық гигенасын сақтауды үйрендіңдер.

Қатырма қағазбен, сым, табиғи материалдар (бұтақ, шыбық, тас, шышшаның бүрі, жаңғақ, дән, жапырақ т.б.) маталар, кесте тігу, құрақ құрау, түйме қадау, түрлі-түсті қағаздардан аппликация жасау, ермексаздан түрлі бұйымдар дайындау, жапсыру, құрастыру сияқты жұмыстың түрлерін орындадыңдар.

Ендігі сабақта сол алған білімдерімізді әр түрлі жұмыстың түрлерін алып, соны жасап көрсету.

Кластағы оқушыларды 5 топқа бөліп отырғызу.

1 топ. Біз – икемдіміз

2 топ. Біз – шеберміз

3 топ. Біз – татумыз

4 топ. Біз – іскерміз

5 топ. Біз – ептіміз

3. Әр топтың бүгінгі сабақтаығы мақсатын сұрау. Біз бүгінгі сабақта алдымыздағы материалдардан жұмыс түрін жасап, өзіміздің икемдігімізді көрсету.

Біздің топтағы балалардың бәрі-шебер. Шеберліктерін бүгінгі сабақта көрсетеді.

Біз бүгінгі сабақта татулықпен жұмысымызды қиналмай тез орындауға тырысамыз. Біз көппіз. Көппен орындалған жұмыс тез бітіп, әдемі шығады. Осылайша әр топ өздерінің мақсатын таныстырып шығады.

4. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

  • Өткір қайшымен жұмыс істегенде байқап ұстау.

  • Қайшының ұшын қасындағы отырған кісіге қарай бағыттама.

  • Қайшы, желім щеткасын қасындағы оқушыларға қарай сілкіме

  • Іс тіккенде ескі, тот басқан ине қолданба, ол тігістің сапасын төмендетеді.

  • Жіпті тісіңмен қима

  • Инені ине салғышта немесе түйгіште ұстау

  • Сым темірді аузыңа салма т.б.

5. Сарамандық жұмыс.

Әр топ алдындағы бар материалдардан жұмыс істеуге кіріседі.

6. Сергіту сәті.

7. Жасалаған жұмыстарын қорғау.

1 топ басшысы- Табиғи материалдардан тал шыбығын, бұтақтар, талдың қабығын, тастүрлерін, бояу, шашқа себетін жылтыр лак, алып түңгі табиғат көрінісін бейнеледік.

2 топ – Қатырма қағаз, қара картон, желім, жұмсақ сым, қайшыны пайдаланып чихаика дайындадық. Оны үйдің қабырғасына сәндеп ілуге болады.

3 топ – Матадан юбка пішіп тіктік. Оған керекті құралдар – ине, жіп (матаның түсіне қарай қызыл жіп алдық мата, ине түйрегіш, қайшы, метровка).

4 топ – сарғыш, ақ жұмыртқаның қабығын ұнтақтап көгілдір картонға аюдың бейнесін салып, оның үстіне жапсырмалап сәндеу.

5 топ – «Қозғалмалы ойыншықтар жасадық»

8. «Еңбек» өлеңімен сабақты қорытындылау.

9. Бағалау.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1250
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі